«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, ешбір ғылым оқымаған, момын, мал баққан бай кісі. Басқа адамдардың дегеніне ергіш, момын, надан адам. Шолпан



Pdf көрінісі
бет49/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Сәрсенбай - Жамалдың әкесі, ешбір ғылым оқымаған, момын, мал баққан бай кісі. Басқа адамдардың дегеніне
ергіш, момын, надан адам.
Шолпан - Жамалдың анасы, сауаты бар, ақыл-парасатты кісі. Сайболат деген жердегі Жарас молланың қызы,
14 жасында 42 жастағы Сәрсенбайға айттырылған. Жамалдың бақытты болуын қалаған жан.
Қалампыр - Сәрсенбайдың бірінші әйелі, бас пайдасын ойлайтын таяз адам. Шолпанға күн көрсетпей жүреді,
баласы болмайды.
Байжан - бай, беделі бар надан адам. Жұманның әкесі.
Жұман - сүйкімсіз, «Таз Жұман» атанған Байжанның баласы, жағымсыз кейіпкер.
Фатихолла - шаһардағы ірі саудагер, Ғали мен Жамалды паналатқан, көмек берген жақсы адам.
Ғазиз - Жамалға алғаш білім берген, жазуды үйреткен мұғалім. «Уфа медреселерінің бірінен оқыған шәкірт
екен. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилгә қаражат жинап алу үшін мұғалімділікке шыққан ноғай жігіт, жа-
сы жиырма екілерде – ашық пікірлі, ұсүл тағылымнан жақсы ғана хабары бар еді.»
Бабас - Қырыққұдықтағы Ғалидің нағашысы.
Жүніс, Нұрмаш - Ғалидің қашуға көмек берген жақын достары.
«
Маңызды деректер:
Өткен қыс шаруаға жеңіл болғандықтан, мал күйлі, бие ішті болып, Көктал қыстаған Құрман деген атаның ауы-
лы жылдағыдан жайлауға ерте шығып еді. Екі ауылнай елдің жайлауы Саумалкөлге жағалай ауылдар қонған.
Ауылға шаңдатып келген: бір орыс пен бір қазақ. Бекжан деген ауылнайдың үйіне түсті. «Ертең ерте крестьян-
ский начальник келеді,» - деген хабар мағлұм болады. Әлгі екеуі - бірі стражник, бірі поштабай екен, төренің ал-
дынан үй тіктіріп, лау байлатып, қой саудыруға шыққан. Төре пәуескемен сәске кезінде келді. Алды-артынан
шыққан қазақтар, мойындарына шынжырлы знак таққан ауылнай, билер неше мәрте шұлғып, қошаметпен «тақ-
сырлап» үйге кіргізеді.
Төреден жеткен хабар: «Қазақтан солдат алынбайды, бірақ мұжықтар секілді қала болам десең, 15 десятина жер
беріледі, егін салыңдар, школ ашыңдар, ұлықтарыңды сыйлап, бұйрықтарын орнына келтіріңдер». Осы кезде
бір жас жігіт сүйіншілеп, Сәрсенбайдың Шолпаны қыз тапқанын хабарлайды.
«Үмітсіз - шайтан» деп, баласы жоқ Сәрсенбай тоқал алуды ұйғарады.
Шолпан 17-ге келгенде, Сәрсенбай 45-ке келгенде қыз табады, атын Жамал қойып, шілдехана жасайды.
Басында Жамалды еркекше киіндіріп жүреді, бір надан молда сөзінен кейін қызша киіндіріп, шашын жіберіп,
оқыта бастайды. Молда тұлым қою дұрыс емес деген. Жамал 9-ға толғанда.
Сәрсенбай Уфа медресесінде оқыған Ғазизбен келісіп, Жамалды сентябрьге дейін 5ай оқытады. Мұғалім Сәр-
сенбай үйінде тұрғанда Шолпан бір ұл перзент тауып, сол себепті «аяғы құтты» болды деп, мұғалімді Сәрсен-
бай жақсы қаражатпен қайтарады. Осы молдадай жігіт болсын деп есімін Ғазиз қояды.
Жамалдың жатқа білген қиссалары: «Сал-сал», «Қыз Жібек», «Зарқұм», «Қисса уақиға Кѳр бала», «Біржан сал
мен Сара қыздың айтысқаны», «Ноғай мен қазақтың айтысқаны», «Ақсұлу», «Айман - Шолпан», «Бозжігіт»,
«Шәкір-Шәкірат», Ақмолда, Нұржан, Әбубәкір молданың ѳлеңдері.
Шолпан мен Жамалға қарап елдің айтқаны: «Сәрсенбай үйінде бір жақсы бала бар, анасы да ақылды, көркем...»,


«Анасын көріп - қызын ал, аяғын көріп - асын іш» деген мақал.
Сәрсенбай басқалардың сөзіне еріп, болыстыққа таласады, бірақ Байжанның көмегімен Нұрпейіс сайланады,
көп шығын босқа кетеді.
Келер сайлауда, Байжанның құда іздеп жүргенін есітіп, Сәрсенбай өзінің болыстыққа сайлануына пайдасы тиер
деп Жамалды айттырады. Жұман 17 жаста, Жамал 11-де болады.
Жамал кәмелетке жеткен соң, күйеуінің нашар екенін біліп (қатта бір тойда көрсе керек), көңіліне күннен-күнге
уайым, қайғы түсе бас?тады. Жамалдың бұл қасіреттерін көбейтуге себеп болған Жұманның жамандығынан
құрбы арасында күлкі болған істері еді. Мысалы: Жұ?манды үйі қант-шай, ғайыры нәрселер әкелуге қалаға жі-
бергенде, жолда терілерін алыпсатарға сатып, он теңге алтын орнына алданып, бір тиын жаңа бақыр алып келуі
еді. Һәм елде бозбалалық қылмақшы болып бір қызы бар үйдің босағасында ұйықтап қалғандықтан, қыздың
әкесі таңертең: «Тұр, балам, ұйқың қанған шығар», – деп үйіне жіберуі еді. Мұның һәммәсін Жамал естіген еді.
Қыс ортасы елде бір байдың баласы болмай жүріп, жамағаты ұл тапқанға, қыз-бозбала үшін үлкен мәжіліс-шіл-
дехана болды. Жамал мен Ғали алғаш кездеседі, қатар отырып, бір-бірімен жарасып-ақ кетеді.
Ойналған ойындар: «Бұғыбай», «Мыршалай-Мырыш», одан кейін домбырамен ән салып. өлең айтады.
Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір көрген біліс, екі көрген таныс» мұнан былай да кез келіп жүре-
рміз деп, бұл сапарда айырылысқан еді.
Жамал мен Ғали аз күнгі ойын-күлкінің қызығымен ѳздерін дүниедегі бақытты адамдардан санап жүргенде, бір
күні бұларға үлкен қасіретті хабар естілді: «Байжан мен Сәрсенбайдың арасындағы уағдалары болып, енді бір
айда Жұман күйеу ұрын келіп қалыңдық ойнайды», - деген ѳсек расқа шықты.
Ғали өз хатында Жүсіп пен Зылиқаны сөз етеді.
Ғали мен Жамалды шығарып салған екі дос: Жүніс пен Нұрмаш, Шолпан да мүны біледі.
Ғалидың достарымен ақылдасқанда Жамалды алып барып, жатпақшы жері – дуанда өзі бірге саудалас болып,
несие алып жүрген Фатихолла бай еді. Фатихолла бай әуелін де осындай қазақтың қызды жастай құда болып,
біреуге беріп қоятын жаман ғадетін жек көргендігі себепті және де Ғалиды һәм тәуір көретіндігінен бұл екі
мүсәпірді қабылалды. Фатихолла бай өзінше тәуір пікірлі ғана, өзі айтқан сөзін болдыруды жақсы көретін бір
татар еді. Осы жерде жүріп Жамалдың атыынан начальникке барып, арыз жазғызады.
Бұл дауды шешуге қатысқан молда Ахметжанға Байжандар пара беріп өз жақтарына тартпақ болады.
Фатихоллаға Байжанның адамдары келіп, несиенді бергізбейміз дейді. Одан кейні Ғали менЖамал екеуі
ноғайша киініп, 4 күн жүріп Қырыққұдықтағы нағашысы Бабасқа келеді.
Ғали 13 күн ауырып, жұма күні қаза болады. Көкен моласы деген зиратқа жерлейді.
Октябрь айында іс-қағаздар жайы бітеді. Жамал 1 ай өз үйінде жүріп, соңында Жұманмен тұруға келіседі.
Жұман Жамалға ерегесіп, оны күнде ұруды әдетке айналдырады. Осылай қыстың бір-екі айы өтіп, Жамал шыда-
май қашып кетеді, Фатихолла байға баруды ойлайды, бірақ қатты боран болып жолда қаза табады.
Жамалдың соңғы айтқан сөзі: «Ғали, Ғали, қиналды жаным, қайдасың?»
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар: ат қою, шілдехана, ұрын беру, атастыру, қалыңмал беру, ерулік
«


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет