Ежелгі Вавилон мәдениеті



бет4/5
Дата09.10.2022
өлшемі0.74 Mb.
#462256
1   2   3   4   5
Ежелгі Вавилон мәдениеті

Хаммурапи заңдары

  • "Хаммурапи" елде біріңғай тəртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырды. Оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып зерттеген. Адам бойынан да биік ол тастың жоғары жағына сурет салынған. Суретте ақ сақалды, басында сəлдеге ұқсас бас киімі бар Күн құдайы бейнеленген. Ол салтанатты тақта отыр. Екі иығынан сəуле шашып тұр. Оң қолында биліктің асатаяғы мен заңдар жинағы. Күн құдайы бұларды Хаммурапиге ұсынып тұр. Хаммурапи оның алдында сол қолымен тағзым ете кеудесін басып, тікесінен тік тұр.

Шумер және Вавилонның әдебиетін әлемнің ең көне әдебиеті деп айтуға болады. Ғалымдардың зерттеуіне орай, ең алғашқы қолжазбалар іскери құжаттар болған. Дегенмен, одан өзге ежелгі поэзия мен көне аңыз-әңгімелер легі бізге дейін сақталған. Солардың ішіндегі толық нұсқасымен жеткені «Гильгамеш туралы аңыз» эпосы болып табылады.


Шумер және Вавилон әдебиеті

Ең ежелгі шумерлік және вавилондық мәтіндер б.з.б. IV-III мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл тіркеу тізімдері, әнұран жазбалары, мақалдар, жаңылтпаштар мен аңыз-әңгімелерден тұратын қарапайым нұсқалар. Б.з.б. III-II мыңжылдықтан «Ниппур ережелері» деп аталатын 87 әдеби мәтіннен тұратын аңыздар жинағы сақталып қалған. Тура сол кезеңде «Гильгамеш туралы аңыздың» көне вавилондық нұсқасы жазылды. Б.з.б. II мыңжылдыққа орай әдеби ескерткіштер аккад тілінде жазыла бастады. Сол кезеңде аккад тілі негізгі тілдердің біріне айналды. Ал б.з.б. I мыңжылдыққа келіп Гильгамештің негізгі бізге жеткен нұсқасы жазып қалдырылды. Түпнұсқа б.з.б. VII ғасырда Ассирия патшасы Ашурбанипалдың айтуымен салынған кітапханада сақталған.

  • Ең ежелгі шумерлік және вавилондық мәтіндер б.з.б. IV-III мыңжылдықтарды қамтиды. Бұл тіркеу тізімдері, әнұран жазбалары, мақалдар, жаңылтпаштар мен аңыз-әңгімелерден тұратын қарапайым нұсқалар. Б.з.б. III-II мыңжылдықтан «Ниппур ережелері» деп аталатын 87 әдеби мәтіннен тұратын аңыздар жинағы сақталып қалған. Тура сол кезеңде «Гильгамеш туралы аңыздың» көне вавилондық нұсқасы жазылды. Б.з.б. II мыңжылдыққа орай әдеби ескерткіштер аккад тілінде жазыла бастады. Сол кезеңде аккад тілі негізгі тілдердің біріне айналды. Ал б.з.б. I мыңжылдыққа келіп Гильгамештің негізгі бізге жеткен нұсқасы жазып қалдырылды. Түпнұсқа б.з.б. VII ғасырда Ассирия патшасы Ашурбанипалдың айтуымен салынған кітапханада сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет