Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті.Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты. - Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Хаммурапи б.з.б. 1792-1750 жылдар аралығында патшалық етті.Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты.
Вавилонның өрлеуі Урдың III əулетінің билігі кұлағаннан кейін Қосөзенде ұзақ уақыт қырқысу соғыстары болып тұрды. Елдің оңтүстігінде Элам өктемдігі басымдау болса, солтүстіктен ассириялықтар шапқыншылықтар жасап отырды. Осындай жағдайда басқа қалалардың ішінде ерекшелене бастаған Вавилон қаласы болды. Аккад тіліндегі бабилу - құдайға барар қақпа деген ұғымды білдіреді. Өйткені қала керуен жолдарының қиылысқан жерінде орналасты. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері де Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жататын. Бұның бəрі Қосөзеннің басқа қалаларының арасында Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Оның артықшылығы, əсіресе Хаммурапи атты билеушінің тұсында айқын көрінді. - "Хаммурапи" б.з.б. 1792 - 1750 жылдар аралығында патшалық етті. Ол өзінің іс-əрекеттері нəтижесінде ежелгі дүниедегі талантты елбасылардың қатарына қосылды. Хаммурапи қарсыластарын жеңе отырып, Қосөзенді Вавилонның қол астына бағындырды. Сөйтіп, бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылады. Хаммурапи ол елдерлің құдіретті билеушісіне айналды
Достарыңызбен бөлісу: |