Ежелгі заман тіл білімі



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі0.88 Mb.
#492020
  1   2   3
Global Citizenship and Diplomacy - French - 11th Grade by Slidesgo

Ежелгі заман тіл білімі

Орындаған: Тилеубек Гүлдәурен

Ежелгі дәуір — лингвистикалық ой-пікірдің жақа туындай бастаған және оның мейлінше балаң шағы. Ұзақ мерзімді қамтитын бұл уақыт бойында лингвистикалық түсінік бірте-бірте, өте баяу дамиды. Ол өрісі, тереңдігі жағынан да тым жұпыны болды. Соған қарамастан бұл кезеңдегі лингвистикалық мәліметтерді қазіргі кезде өркен жайған тіл білімінің бастамасы, қалана бастаған іргетасы еді деп санаған жөн.

Ежелгі дәуір лингвистикасында ерекше екі күрделі проблема болған. Оның бірі — атау, ат қою, екіншісі— грамматикалық өнер (искусство) проблемасы. Заттарға, құбылыстарға, оқиғаларға қойылған аттардың қайдан, қалай пайда болғандығын, ол атаулардың дұрыс не теріс қойылуының қандай мәні барлығын, яғни тілдің табиғатын сез етушілер философтар болған және бұл проблеманы олар философияның ең мәнді саласының бірі ретінде қараған. Ғылым тарихында ат қою теориясы деп аталатын бұл сала қытайда да, үнділерде де, гректерде де бір-біріне өте ұқсас бағытта талданып, біртектес шешімге сайып отырған.


Грамматикалық өнер теориясы тілді дұрыс қолданудың ережесін белгілеуді мақсат еткен. Бұл ереже бірде грамматикалық өнер делінсе, енді бірде жазу өнері деп те аталады. Грамматикалық теория жазба ескерткіштер тілдерін зерттеуден туған. Сондықтан ежелгі дәуір лингвистикасы, әдетте, филология дәуірі деп те аталады. (Филология — грек сөзі. Мағынасы — сөзді сүю).
Филология — жазба ескерткіштердің тілін, стилін, тарихи жақтарын зерттейтін ілім. Оның дүниеге келуі жазба ескерткіштердің пайда болуымен, оны зерттеу қажеттігінің тууымен тығыз байланысты. Атау теориясындай емес, грамматика теориясы көне заман елдерінің әрқайсысында әр түрлі бағытта,» әр түрлі мақсатта және әр түрлі дәрежеде болған.
Бірақ соған қарамастан ежелгі дәуірдегі лингвистикалық ой-пікірдің барлығына тән ортақ қасиеттер де болды. Бұл кезеңдегі грамматикалық өнер тіл философиясына тәуелсіз, дербес ілім болғанымен, біраз мәселеде оған байланысты болған. Екіншіден, грамматикалық өнер тілдің құрылысын түсіндіруді мақсат етпеген, тілді дұрыс қолданудың, дұрыс сөйлеудің ережелерін жасауды, жазу тілі мен сөйлеу тілі арасындағы қарым-қатынасты түсіндіруді көздеген. Сондықтан да грамматикалық өнерді пікірді дұрыс, әдеби етіп бере білу өнеріне үйрететін практикалық ілім деген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет