Біздің заманға жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең беделдісі — қытайша «Эрья» деп аталатын сөздік. Біздің заманға дейінгі үшінші ғасыр шамасында жасалған бұл сөздік бұрыннан сақталған діни жазбаның сөздерін — иероглифін түсіндіруге арналса керек. Ол жазбалардың сөздері — киелі, жоғары стильді, канондық сөздер саналған. Сөздікте оның иероглифін талдау, жүйелеу, оларды оқудың, түсінудің ережелері берілген. Сөздікті грамматикалық еңбектер қатарына жатқызуға себепші болатын да сол ережелер. Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша тусуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды. - Кейінгі кездерде «Эрья» сөздігіне еліктеп, оның сырын аша тусуге арналған тағы да бірнеше сөздіктер жасалған. Олардың барлығы да қытайдың иероглифін талдауға, олардың этимологиясын, мағынасын ашуға арналған. Осы себептен бұл сөздіктерді кейде иероглифтік грамматика деп те атайды.
- Иероглифтік грамматикаларда морфема, сөздер мағынасы, этимология мәселесі болмаса, қалыпты грамматикалық әдебиеттердегідей грамматикалық категория мәселелері сөз болмаған. Қытай лингвистикасының өзіндік ерекшелігі, өзіндік дәстүрі де осында.
Достарыңызбен бөлісу: |