ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау. Балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
«Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамыту процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қазақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестіктердің қатысуын жандандыру;
отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;
жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеумет- тік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;
үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.
Отбасылық құндылықтарды сақтау;
Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру
Тәрбие процесін ұйымдастыруда және басқаруда мектепке көмек көрсету
Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде балалардың қауіпсіздігін сақтау шараларн ұйымдастыру
ЖОБАДА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР:
Достарыңызбен бөлісу: |