«Әкешім-асқар тауым» Мақсаты



бет3/7
Дата06.02.2023
өлшемі33.19 Kb.
#469181
1   2   3   4   5   6   7
Әкешім-асқар тауым дөңгелек үстел

«Жағдаяттар шешімі» әкелерге әртүрлі жағдаяттар шешімін шығару тапсырылады.
1. Сіздің балаңыз ойын кезінде өз жолдасынан ойыншығын тартып алғысы келді. Ал , жолдасы оған қарсы болды. Сол кездегі сізің іс әрекетіңіз?
2. Балаңыз күні бойы ешкімді тыңдамай қойды, сіз онымен сөйлескіңіз келіп қасына отырып едіңіз ол сізді тіпті тыңдағысы келмей , теріс қарап өз шаруасымен әрі қарай айналыса берді. Сіз не істейсіз?
3. Телевизордан футболдан немесе хоккейден әлем чемпионатынан тікелей эфир жүріп жатты, ал сіз балаңызды еш орнына жатқыза алмадыңыз. Ол қайта-қайта көрпесін ашып, орнынан тұра берді, сіздің әрекетіңіз?
4. Дүкенде балаңыз бір ойыншықты көріп, соны ұнатып, оны алып беруіңізді сұрады. Сіз оны алып бере алмайтыныңызды айттыңыз, ал ол болса жерге жата қалып жылап, дүкенді басына көтере айқайлап, « мен осы ойыншықты алғым келеді»-деді, сол кездгі сіздің шешіміңіз қандай болмақ?
5. Сіздің келіншегіңіз біржақа кетіп қалған, ал балаңыз сіздің қарауыңызда қалды. Сіз бір мезгілде таңғы асты даярлап, баланы да балабақшаға апарып тастауыңыз керек, сонмен бірге жұмысыңызда да таңертең ерте жиналыс болмақ. Біркезде сізге балабақшада карантин жарияланғанын , баланы әкелмегеніңіз дұрыс екнін хабарлады. Сіздің шешіміңіз?
6. Сіз теледидардан өзіңіздің сүйікті актерыңыздың қатысуымен өтіп жатқан кино премерасы жүріп жатты. Ал балаңыз сізбен ойнағысы келіп, сізді ойнауға шақырды. Жарты сағат бойы қасыңыздан шықпай : «әке, ойнайықшы бірге»- деп қоймай қойды, сол кездегі сіздің әрекетіңіз?
Тәрбиеші: : Керемет! Ой бөліскеніңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
«Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет