Барысы:
І Жүргізуші: Сәлеметсіздерме ардақты әкелер! Бүгінгі біздің кездесуімізде, Әкелер, сіздер туралы әңгіме қозғағымыз келеді. Әке… Бұл үш әріпті сөзде не бар? Әке деген сөз — мейрімділік, ержүректік, әдептілік деген ұғымдармен іспеттес. Әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсері маңызды екені баршаңызға мәлім.
— Қадірменді әкелер! Сіздің осы кездесуге үй шаруларыңызды тастап, бас тартпай келуіңіздің өзі – бала бақыты сіз үшін маңызды екенін көрсетеді.
Тренинг: «Мен үшін әке болу – бұл… »
Сөз басында мына ойыншықты /жұмсақ қонжық / бір- бірімізге жалғай отырып, мына фразаны аяқтайық! «Мен үшін әке болу – бұл… » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік…т.с.с./
Жүргізуші: Керемет! Ой бөліскеніңізге рахмет! Олай болса, жалғастырайық!
— «Әке – асқар тау» деп теңестіреді халық даналығы. Әр бала Әкесі мен анасының махаббатының жемісі болғысы келеді. Бақыты бала тек бақыты ата-анада ғана болады. Бала тәрбиесінде Әкенiң рөлі ерекше. Алайда, қанша мүмкіншілік болса да көптеген ер адамдар бала тәрбиелеудің негізгі жауапкершілігін мойнына алмайды. Психологтардың зерттеуі бойынша, егер әкелер балаларымен тығыз байланыста болып, тәрбиелеу міндетінің жүктемесін мойындарына алатын болса –анаға қарағанда тигізетін әсері басым болатынын айтады.
Ер бала әкені тыңдағысы келеді, оған ұқсас болғысы келеді. Ерекше әсер әрине, — бірігіп ойын ойнау. Көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша, мысалы, ана баламен ойын ойнаса, ол әкеге қарағанда, ойнай отырып,баланы күтуді жалғастырады /мысалы: ойнаса да, ол бала құлап қалмаса екен, немесе бір жерін ауыртып алмаса екен, киімін ластап тастамаса екен т.с.с. / Ал әке керісінше,күш, қозғалыс ойындарын таңдайды.Осының салдарынан баланың даму белсенділігі арта түседі. Бұған дәлел, ұлы Аристотель « Ана — өсiредi, Әке – үйретедi» деп бекер айтпаған
Балалар шығармаларынан…
-А енді, балалардың жауабына құлақ түрсек! Бiрнеше күн бұрын, тәрбие сағаттарымыздың бірінде балаларға мынадай тапсырма берген болатынмын. ,, Жасырын турде /аноним/ өз әкелерi туралы жасырмай жазуларын өтiндiм. Олар мынадай сұрақтарға жауап бердi.
— Әкемнің ұнайтын жағы
— Әкемнің ұнамайтын жағы
— Болашақта әке болғанда қандай боламын?
Достарыңызбен бөлісу: |