28.12.2022 жыл. 08:30-14:30. Қан тоқтататын бұрауды салу және қан кетуді тоқтатудың басқа әдістері
Қ ан кетуді тоқтату – ол қан кетуді тоқтатуға бағытталған шаралар. Алғашқы көмек көрсетуде, сөз - сыртқы қан кетуді тоқтату туралы болмақ. Қан тамырларының түріне байланысты, қылтамырлық, көктамырлық және артериялық қан кету болып бөлінеді.
Қылтамырлық қан кетуді тоқтату асептикалық таңу дәкесін салу жолымен, сондай-ақ, егер қолы мен аяғы жарақаттанса, аяқ-қолын денесінің деңгейінен көтеру арқылы жүзеге асырылады.
Көктамырлық қан кетуде қыспа таңғыш салынады. Ол үшін жараны таңу орындалады: жараға дәке, оның үстіне бірнеше қабат мақта (егер болмаса – стерильді орамал) салынады, тығыз оралады. Осылай таңғышпен басылған тамыр тез тромбыланады – қан кету тоқтайды.
Егер қыспа таңғыш суланса, оны алақанмен қаттырақ басыңыз.
Артериялық қан кетуді тоқтату үшін артерияны басу қажет.
Артерияны басу техникасы: артерияны саусақпен немесе жұдырықпен сүйекке дейін қатты басыңыз.
Артериялар пальпацияда оңай сезіледі, сондықтан осы тәсіл ең тиімді. Бірақ, бұл тәсілде алғашқы жәрдем көрсететін адамнын күші қажет.
Аяқ-қол жарақаттанған жағдайда қан тоқтатудың үздік тәсілі бұрау салу.
Қан тоқтатқыш бұрау салу техникасы:
Бұрауды киімнің үстінен немесе жараның сәл үстінгі жағынан жұмсақ дәкеге қойыңыз. Бұрауды тартыңыз және тамырлардың соғуын тексеріңіз – қан кету тоқтау керек, ал бұраудың астындағы тері сұрлануы қажет.Жараға таңғышты салыңыз. Бұрау салынған дәл уақытты жазып қойыңыз.
Аяқ-қолға бұрауды көп болса тек 1 сағатқа салуға болады. Бір сағаттан кейін бұрауды 10-15 минутқа босаңсыту қажет. Қажет болса қайта тартуға болады, бірақ 20 минуттан артық тартпау керек.
Ұ йқы артериясынан қан кеткенде мойынға ширақ салған кезде іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсеткіші: Артериялық қансырауды уақытша тоқтату.
Резеңкелі қолғап кию.Жарақаттанған жерді тексеру. Мойынға салар алдында Крамер құрсауды ыңғайлы жағдайға майыстыру. Асептикалық байлам салу.
Бас, мойынның сау жағынан Крамер құрсауды орналастыру (құрсау каркас ретінде жұмыс істейді – осының үстінде мойынға ширақсалынады). Асептикалық байлам үстіне мақталы – марлілі пелотты орналастыру. Ширақты қатты созып, мойын аймағына, бірнеше айналыммен бекіту.Ширақтың бос бөліктерін бекіту. Ширақтың салған уақытын көрсету.
Зембілге салып, пациентті жартылай отырғызып, ауруханаға тасымалдау. Резеңкелі қолғапты шешіп, дез. ерітінді ыдысқа салу. Есте сақтау керек:
Егерде, ширақ болмаған жағдайда, пациенттің сау жағынан қолын орналастырып, ширақпен бекітеді. Бұнда, құрсау ретінде иықты қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |