Экг тіркеуін жүргізу медицинада ең жиі кездесетін іс шаралардың бірі


жыл 8:30-14:30 Жүрекке жанама массаж. Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы



бет8/12
Дата12.05.2024
өлшемі4.21 Mb.
#500912
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Рахат есеп

27.12.2022 жыл 8:30-14:30 Жүрекке жанама массаж. Жүректің химиялық және физикалық дефибрилляциясы
Ж ҮРЕККЕ ЖАНАМА МАССАЖ ЖАСАУ
Егер тыныс алуымен бірге адамның пульсі де жоқ болса, онда жүрекке жанама массаж жасау қажет.
Жанама немесе, мамандардың айтуынша жүректің жабық массажы немесе көкірек қуысының компрессиясы – адамның жүрегі тоқтап қалған кезде қан айналымын демеуге арналған, кеуде мен омыртқа арасында жүрек бұлшықетінің қысылуы. Бұл әрекет қарапайым реанимациялық шараға жатады.
Назар аударыңыз! Жүректің жабық массажын адамның пульсі болған кезде жасауға тыйым салынады.
Жүрекке жанама массаж жасау техникасы:
Зардап шегушіні тегіс қатты жерге жатқызыңыз. Төсекте және басқа жұмсақ жерде көкірек қуысының компрессиясын жасауға болмайды.Зардап шегушінің семсер тәрізді шеміршегінің орналасуын анықтаңыз. Семсер тәрізді шеміршек – көкіректің ең қысқа және тар, төменгі бөлігі.Семсер тәрізді шеміршектің жоғарысынан 2-3 сантиметр өлшеп алыңыз – бұл компрессияның нүктесі. Алақанның негізін компрессияның нүктесіне қойыңыз. Әрі реанимация жасайтын адамның қалай тұрғанына байланысты, бас бармақ зардап шегушінің иегін немесе ішін көрсетіп тұруы керек. Бір қолдың үстіне екінші алақынды қойыңыз. Тек алақанның негізімен ғана басуды жүргізеді – Сіздің саусақтарыңыз зардап шегушінің төсіне тимеуі керек.Төс сүйегін қаттырақ, жайлап, тек тіктеп, өзіңіздің салмағыңызбен ырғақпен басасыз. Жиілігі минутына 100-110 басу. Әрі төс қуысы 3-4 сантиметрге иілуі керек.
Жас нәрестелерге жүректің жанама массажы бір қолдың сұқ саусағы және орта саусағымен жүргізіледі. Жасөспірімдерге – бір қолдың алақанымен.
Егер жүрекке жасанды массажбен бір мезгілде ӨЖЖ жүргізілетін болса, онда кеудеге 15 басу екі тыныс алумен кезектесуі керек.
Дефибриллятор - қысқа мерзімді күшті электрлік импульспен жүрекке әсер ететін арнайы құрылғы. Мұндай процедураны орындау кезінде жүрек бұлшықетін деполяризациялап, соның салдарынан аритмия шабуылы жойылады. Бұған қоса, бұл құрылғыны пайдалану синус түйінінің жасушаларына жүрекке қалыпты ырғақты қайтаруға мүмкіндік береді.
Жүректің электрлік дефибрилляциясын (ЖЭД) жүргізудің негізгі көрсеткіші — қарыншалық фибрилляция. Бұл аритмияның нұсқасы, онда қарыншалар хаотикалық және жылдам жиырылады (минутына 250-450 немесе одан да көп жиырылу). Бұл жүректен шығарылатын қан көлемінің күрт төмендеуіне және жүрек жасушаларында үлкен энергия шығынына әкеледі.
Фибрилляция әрқашан кенеттен пайда болады. Тиімді қан айналымының болмауы сананың жоғалуына, содан кейін клиникалық (қайтымды жағдай) және биологиялық (қайтымсыз) өлімге әкеледі.
Барлық жағдайларда қарыншалық фибрилляция кезінде дефибрилляция қолданылады. Ол қалыпты жүрекмағын қалпына келтіре алады. Күшті және қысқа әсер ететін электр разрядының әсерінен жүрек жасушаларының деполяризациясы (активтенуі) жүреді. Содан кейін төзімділік кезеңі пайда болады — қозғыштыққа иммунитет, содан кейін СА түйінінен импульс қалыпты жүрек соғуын қалпына келтіре алады.
ЖЭД келесі жағдайларда да жүргізіледі:

  • қан айналымының тоқтау белгілері бар қарыншалық тахикардия (үлкен артерияларда импульстің болмауы және сананың жоғалуы);

  • пароксизмальды суправентрикулярлық тахикардия;

  • жүрекшелердің жыпылықтауы және дірілдеуі.

Соңғы екі жағдайда дефибрилляция синхрондау режимінде жасалады және синхрондалған электрлік кардиоверсия деп аталады. Бұл аритмияны емдеудің бір түрі. Бұл жағдайда жүрек соғуының қатаң анықталған фазасында миокардқа әсер ететін импульстар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет