Екі жүргізуші ортаға шығады



бет2/3
Дата04.04.2024
өлшемі45.11 Kb.
#497724
1   2   3
Төрлет жаңа жыл тәрбие сағаты

Ән: "Жаңа жыл шамдары"

1 - жүргізуші: Армысың, аманбысың, Жаңа жырым,


Жаңа жылым! О менің Жаңға жылым!
Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы, мектебіміздің директорына береміз.

Рахмет ағай, сіздің құрметіңізге көңілді флешмоб жолдаймыз.

2 – жүргізуші: Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз.

1-жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!


Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді).
2 – жүргізуші: Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!

1 – жүргізуші: Құрметті Аяз ата, Ақшақар! Бүгінгі Жаңа жылдық мерекемізбен құттықтап, кең байтақ Қазақстанымыздың түпкір – түпкірінен өнердің өрінде жүрген небір саңлақтар келіп қалыпты. Ортаға шақырсақ қалай қарайсыз?

2 – жүргізуші: Олай болса, сыныбымыздың мәнерлеп оқу шеберлерін ортаға алдырайық.
1- оқушы
Жасыл шырша
Жайнап мұнша

Қызықтырды біздерді.

Аяз ата

Бірде бата

Күткен жаңа жыл келді.


2- оқушы
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.



3-оқушы
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы.

Көптен күтіп сағынған

Көрдік Аяз Атаны.


1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі
Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.
Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,
Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

2 - жүргізуші: Жаңа жыл – бұл жаңа нұр


Нұрдан ләззат ала біл.
Ақын жазар жаңа жыр,
Жырдан тыңда терең сыр.
Ал достар, бізге деген реніші жоқ шығар. Құрметпен Қоян жылын шығарып салайық.
(осы кезде қоян келеді.)

1-оқушы: Біздің елде өткен жылы,


Қоян жылы тыныштық.
Ал ұмтылдық, біз есейдік.
Жақсылыққа тырыстық.
Ескі Жылым – Қоян жылы,
Қош, аман бол көргенше.

Сен сыйладың бақытты күн.


Қайта айналып келгенше,
Талап, талант дарынды,
Өрлеттің туды аспанда,
Бойыңнан бердің барыңды.
Айналар бір күн дастанға.

Қоян жылы: Мен ескі жыл есіркедім,
Егемендік елдікті.
Мен сүйемін батырлықты
Татулық пен ерлікті.
Қарақтарым,қанаттарым
Амандықпен жүздесейік
Ал, Жаңа жыл, ізбасарым,
Қолыңа ал бір істі!
Қанат бітір қанатсызға
Көркейт елді барысты.

1 – жүргізуші: Құрметпен ортаға Жаңа жылды шақырамыз.


Ортаға , Жаңа Ұлу жылы келеді.

Ұлу жылы: Жақсылыққа бағыттаған


Ұлумын мен Жаңа жыл!
Жаңа Жылда барлығыңыз
Жаңа үміт таба біл.

Қоян жылының мерекесін,


Мерекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта,
Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым – ұят, жаным – халық,


Қызметім де соларға,
Сеніңдер маған барлығың
Қияға ұшып қонарда.

Ал, Ескі жыл, аман бол,


Ізбасарың мен болам.
Аман болсын деп тіле,
Елім, жерім, кең далам.

2 – жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,


Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Келесі кезекті тамаша бір биге берейік.
Шығыс биі (Жадыра мен Гүлбақыт)

1 – жүргізуші: Жаңа жылда алдағы


Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет