Заңымен 531-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2010.29.12. № 372-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 531-бап өзгертілді
531-бап. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану)
1. Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киімдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешектi заңсыз киіп жүру (пайдалану) -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекеттерді күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаның осы қызметті жүзеге асырумен байланысты жасауы -
айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киім, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киім-кешек тәркіленіп, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 532-бап өзгертілді
532-бап. Қаржы бақылау шараларын бұзу
1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе соларға теңестiрiлген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдардың, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік лауазымдағы адамдардың, сол сияқты, аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кiрiстер, мүлiк туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарда көзделген басқа да мәлiметтердi бермеуi, дер кезiнде қасақана бермеуі немесе толық емес, жалған мәлiметтер беруi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірiншi, екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi бірнеше рет жасауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосымша салық есептілігін және (немесе) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес хабарлама бойынша қосымша салық есептілігін табыс ету арқылы бұзушылықты жойған жағдайда, тұлға осы бапта көзделген әкімшілік жауапқа тартылуға жатпайды.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 533-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
533-бап. Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі
Жеке тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамдарға немесе соларға теңестiрiлген адамдарға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi немесе қызметтер көрсетуi, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс iс-әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен 533-1-баппен толықтырылды
533-1-бап. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның заңсыз материалдық сыйақы алуы
1. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жеке өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңілдіктер не қызметтер көрсету ұсынған тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін оларды алуы, егер мұндай іс-әрекеттер (әрекетсіздік) мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса, егер әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиіс әрекет белгілері болмаса, —
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен ескертумен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 534-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
534-бап. Заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi
1. Заңды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi тұлғаларға немесе соларға теңестiрiлген тұлғаларға заңсыз материалдық сыйақы, сыйлықтар, жеңiлдiктер беруi не қызметтер көрсетуi, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазалануға тиiс әрекет белгiлерi болмаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
заңды тұлғаның қызметiн тоқтатуға әкеп соғады.
Ескерту. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамға немесе оған теңестiрiлген адамға заңсыз материалдық сыйақылар, сыйлықтар, өзге де материалдық игiлiктер берген, қызметтер көрсеткен, жеңiлдiктер мен артықшылық жасаған жеке, заңды тұлғалар, егер мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкiлеттi адамның немесе оған теңестiрiлген адамның тарапынан өздерiне қатысты бопсалау орын алған болса немесе осы жеке, заңды тұлғалар болған жағдай туралы құзiреттi органдарға он күн мерзiм iшiнде өз еркiмен мәлiмдесе, жауапты болмайды.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 535-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
535-бап. Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруы және заңсыз кiрiстер алуы
Мемлекеттік органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өздерiне заңдармен жүктелген функциялардан тыс кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы не белгiленген қаржыландыру көздерiнен тыс материалдық игiлiктер мен артықшылықтар қабылдауы, -
осы ұйымдардың басшыларына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II Заңымен 536-бап өзгертілді
536-бап. 2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II;2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 537-бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 537-1-баппен толықтырылды
537-1-бап. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау
Мемлекеттік органдар, мекемелер мен кәсіпорындар басшысының не ұлттық компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары басшысының бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдауы, -
айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 538-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 538-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2008.05.07 № 64-ІV ҚР Заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара)
538-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:
1) мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары;
1-1) кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары;
2) осы Кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот құрылмаса, олардың соттауына жататын істерді аудандық (қалалық) соттар қарауға құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 539 -бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 539-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 541-бабында көрсетілген істерді қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бірi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бір түрiне не белгiлi бір әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетінше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксіз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01. № 224-III (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара); 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр.ред. қара) 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 64-ІV (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 541-бап өзгертілді; 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2008.25.12. № 113-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 177-IV (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 184-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.
Достарыңызбен бөлісу: |