Білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында ұсынылатын



жүктеу 301.56 Kb.
Дата09.06.2016
өлшемі301.56 Kb.


Жоба
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген
Білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі — Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 28 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.



2. Осы Стандарт білім алуға, тәрбиеленуге құқығының мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ететін, тұратын орын ұсынатын және/немесе күндіз болатын білім беру жүйесінің ұйымдарында (бұдан әрі — ұйымдар) ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынудың шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, қызмет алушылар болып:

1) жетім балалар – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған балалар;

2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қажет ететін балалар;

3) даму мүмкіндігі шектеулі бала – медициналық қорытындымен расталған тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар;

 4)қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекеме педагогтарының, тәрбиешілерінің және басқа да қызметкерлерінің тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан не оның үйден немесе баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз бетімен кетуі салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

  5) девиантты мінез-құлықты балалар — мектепке бармайтын немесе мектепте мінез-құлқында проблемалары бар, алкогольді, есірткі, психотроптық немесе улағыш заттарды теріс пайдаланатын, құмар ойындарына тәуелді, қылмыстық әрекетке тартылған немесе бейім балалар;

6) бас бостандығынан айрылу орындарынан оралған тұлғалар – 18 жасқа толмағандар;

7) зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың және адам саудасы мен еңбекті қанаудың құрбаны болған балалар.

3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілерге мына ұйымдар жатады:

1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер;

2) девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернаттық мекемелер;

3) мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған стационарлар;

4) әртүрлі бейіндегі балалардың сауықтыру орталықтары;

5) оңалту орталықтары және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары;

6) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар;

7) мектепке дейінгі және мектептік арнаулы ұйымдар; жалпы дамыту және түзеу сипатындағы функцияларды қатар атқаратын мектепке дейінгі және мектептік аралас ұйымдар;

8) мүмкіндігі шектеулі және қалыпты дамып келе жатқан балаларды бірге тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі және мектептік инклюзивтік ұйымдар.

4. Осы стандартты меншік түріне қарамастан арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды;

5. Қызмет көрсетуге байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтеледі.

6. Ұйымдар заңды тұлға болып табылады, оны құрылтайшылары құрады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасымен қолданылатын құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
2. Ұйымдардың міндеттері мен қызметтері

7. Негізгі қызметтері

1) тұратын орын ұсынатын, өмір сүруге, білім алуға мен тәрбиеленуге тиісті жағдаймен қамтамасыз ету жолымен мемлекеттік көмек мен қолдауға мұқтаж балалардың білім алу бағдарламаларын меңгеруі үшін жағдай жасау;

2) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің берік негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралық дамуы үшін жағдай жасау жолымен парасатын байыту;

3) азаматтылыққа және патриотизмге, өз елі – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген құбылысқа төзбеуге тәрбиелеу;

4) Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмәрәне қатысу қажеттілігін, тұлғаның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы қарым- қатынасын қалыптастыру;

5) әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне, қазақтың және басқа да халықтың тарихын, салт-дәстүрлерін оқып үйренуге, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін білуге тарту;

6) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;

7) тәрбиеленушілердің әлеуметтік қорғалуын, дәрігерлік психологиялық педагогикалық оңалуын және бейімделуін қамтамасыз ету;

8) жеке сараланған тәсіл мен жеке дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;

9) қызметті алушыларға білім алу, тәрбиелену, емделу, әлеуметтік бейімделу, оңалу және қоғамға кірігу үшін жағдай жасау.

8. Ұйымдардың негізгі функциялары:

1) қызметті алушыларды олардың жас ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескере отырыпқабылдау және орналастыру, олардың жаңа ортаға бейімделуі бойынша іс-шаралар жүргізу;

2) қызметті алушылардың тұлғаға қол сұғылмаушылығын, қауіпсіздігін және құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

3) кәмелетке толмағандардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіру;

4) ұйымда жағымды моральдік психологиялық ахуал тудыру;

5) осы стандартқа сәйкес сауықтыруға, әлеуметтік оңалту және бейімдеу іс-шараларын жүргізуге бағытталған қажетті арнаулы әлеуметтік қызметтер кешенін ұсыну арқылы қызмет алушыларға жан-жақты көмек көрсету;

6) қызмет алушылардың тұру жағдайын жақсарту;

7) қажет жағдайда кәмелетке толмағандардың білім алуын ұйымдастыру;

8) қызмет алушыларды және олардың отбасы мүшелерін арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен түрлері, ұйымның ішкі тәртіп ережелері туралы ақпараттандыру;

9) персоналдың еңбегін ұйымдастыруды жетілдіру мен біліктілігін көтеру;

10) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі бекіткен тәртіпте қамқоршылық пен қорғаншылыққа мұқтаж қызметті алушыларға қатысты әкімшілікке жүктелген қамқоршылар мен қорғаншылардың функцияларын ұйымдастыруды жүзеге асыру;

11) кәмелетке толмағандарды одан әрі оранластыру үшін қамқоршылық және қорғаншылық, ішкі істер, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

12) ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

13) ұйымның құрылтайшылық құжаттарына сәйкес басқа да функциялар болып табылады.
3.Ұйымдарға қабылдау шарттары
14. Қызмет алушыларды оларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсыну үшін жолдауды қызмет алушының тұрғылықты жеріндегі облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім берудің уәкілетті органдары, сондай-ақ, қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдар мен соттар жүзеге асырады.

15. Мемлекеттік емес меншік түріндегі ұйымдар қызмет алушыларды қабылдауды келісім шарт негізінде жүзеге асырады.

16. Өз құзыреті шегінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік көмек көрсетуді ұсынатын ұйымдарға қызмет алушыларды қабылдау мына құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

1) білім саласындағы уәкілетті органның жолдамасы;

2) арнаулы білім беру ұйымына жолданатын кәмелетке толмағандарға қатысты соттың қаулысы;

3) қадағалаусыз және панасыз кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе заңды өкілдерін анықтау, сондай-ақ, уақытылы орналастыру мүмкін болмаған, сондай-ақ, қамқоршылық және қорғаншылық органдары ата-аналарынан (олардың біреуінен) немесе олар қамқорлығында болған басқа тұлғалардан олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнгенде тартып алған жағдайда ата-анасының немесе оларды ауыстырушы тұлғалардың қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық органының қаулысы;

4) баланың тууы туралы куәлігі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар жеке куәлігі (бар болған жағдайда);

ЖСН болмаған жағдайда салық төлеушінің тіркеу нөмірін және әлеуметтік жеке код тағайындау туралы куәліктер қосымша ұсынылады;

5) медициналық құжаттар (№ 112 нысан, № 63 нысан (оқушылар үшін егу туралы төлқұжат) № 26 нысан (баланың денсаулығы туралы паспорты);

6) мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі (болған жағдайда);

7) психологиялық медициналық педагогикалық комиссияның қорытындысы;

8) білімі туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);

9) баланың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау актісі;

10) ата-аналары туралы анықтама (ата-анасының өлгендігі туралы анықтама, сот шешімі (ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулі) деп тану туралы), ауруы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру және басқа ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқтығын растайтын құжаттар);

11) кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ, оның ата-анасы немесе басқа заңды өкілдерінің (ата-анасын немесе заңды өкілдерін анықтаған жағдайда) мінездемесі;

12) білім беру ұйымының анықтамасы (мектеп жасындағы балалар үшін);

13) медициналық құжаттар (бар болған жағдайда егу төлқұжаты мен амбулаторлық картасы);

14) аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің және басқа жақын туыстарының болуы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

15) ата-анасының қайтыс болғаннан кейін қалдырған мүлкінің тізбесі, оның сақталуына жауап беретін тұлғалар туралы мәлімет;

16) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңының бекітілгені туралы құжаттар;

17) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шот ашу туралы келісім шарттың көшірмесі, алимент төлету туралы сот шешімінің көшірмесі;

Түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы стандарттың 4), 5) және 7) тармағында көрсетілген кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына (бұдан әрі – КТБО) белгіленген нысанда кәмелетке толмағандарды Орталыққа қабылдау туралы акті негізінде орналаса алады.


4.Ұйымдарда тұру шарттары
17. Ұйымдарда тұру шарттары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптпрына сәйкес келеді.

18. Құрылтайшы ұйымның техникалық жабдықталуын уақытылы қамтамасыз етеді.

19. Ұйым ғимараты тұруға жайлы, кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету, орынжай ішінде және ғимаратқа жақын орналасқан аумаққа жүріп-тұруға қолайлы болу мақсатында құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес арнайы құралдармен жабдықталады.

20. Қызметті алушылар бөлмелерге олардың мүдделері, туыстық байланысы, денсаулық жағдайы, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріле отырып орналастырылады.

21. Ұйымдарда тұру тәртібі ұйым басшысы бекіткен ұйымның ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
5. Арнаулы әлеуметтік қызметтегі қызмет алушылардың

қажеттілігін анықтау
17. Арнаулы әлеуметтік қызметке қажеттілікті «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес ұйымдардың дәрігерлері, педагогтары және басқа мамандары анықтайды.

18. Ұйым мамандары жұмысының сапасын ұйым басшылары немесе құзыретті органдар бағалайды.

19. Ұйымда қажетті мамандар болмаған жағдайда басқа ұйымдардан шарт негізінде мамандар тартуға рұқсат етіледі.

20. Ұйымның әрбір маманы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге тиісті лауазымдық нұсқауға сәйкес қатысады.


6. Арнаулы әлеуметтік қызмет ұсыну шарттары
21. Ұйымдарда ұсынылатын қызмет алушылардың тұрмыстағы тіршілік әрекетін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер:

7) әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз етудегі жеңілдіктер мен басымдықтарды алуға жәрдемдесу;

1) қауіпсіз және баланың қажеттілігін қанағаттандыратын ортаны және арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын ортаны және орынды қамтамасыз ету;

2) баланың қажеттілігін қамтамасыз ететін және жекешелігіне кепілдік беретін ететін гигиенаға арналған орынжайды қамтамасыз ету;

3) оңалту және емдеу шараларын ұйымдастыруға арналған орынжайды, жиһаздарды, арнайы жабдықтарды, емдеу-еңбек және оқу қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетулерді ұсыну;

4) өзін-өзі кәсіби бағдарлануына және шығармашылық еңбегіне арналған жағдайлар жасау;

5) «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысымен бекітілген нормаларға сәйкес тамақ, оның ішінде диеталық тамақтарды ұсыну;

6) жоғарыда аталған қаулыға сәйкес жұмсақ мүкәммал ұсыну (киім-кешек, ішкиімдер мен төсектік керек-жарақтар);

8) қызмет алушыларды қызмет алушыларға сапалы әлеуметтік қызмет көрсету үшін қажетті білікті мамандармен және құрылыммен қамтамасыз ету;

9) балаларды емдеуге, оқуға, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысуға апару кезінде көлік ұсыну.

22. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметті ұсынуға қойылатын талаптар:

1) ұсынылатын тұрғынжай мөлшері мен басқа да көрсеткіштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен талаптарына жауап береді және қызмет алушыларды жайлы жағдаймен қамтамасыз етеді;

тұрғын үй алаңын, оның ішінде 1-4-сынып оқушыларына арналған 4-6 орындық және 5-11-сынып оқушыларына арналған 2-4 орындық жатын бөлме бір жататын орынға 4м х 2м есебінен, ойын бөлмелерінің ауданы бір оқушыға 2 м х 2 м есебінен болуы тиіс;

Қызмет алушыларды тұрғынжайға орналастыру кезінде олардың мүдделері, туыстық байланысы, денсаулық жағдайлары, жасы, жынысы және психологиялық үйлесімділігі ескеріледі.

2) шығармашылық бөлмелерді ұйымдастыру (бар болуы) және олардың қажетті материалдармен жабдықталуы (шикізат, құралдар);

3) пайдалануға ұсынылған жиһаздар, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы техникалық реттеу саласындағы стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сай келеді;

Санитарлық нормалар мен қағидаларға, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін барлық орын телефон байланысымен жабдықталады және коммуналдық-тұрмыстық көркейтудің барлық құралдарымен қамтамасыз етіледі. Орындар денсаулық пен ұсынылған қызметтің сапасына жағымсыз ықпал ететін түрлі факторлар әсерінен (ауа температурасының жоғарылауы, шаң болуы, тербелу және басқа жағымсыз жағдайлар) қорғалады.



6) қызмет алушыларға ұсынылатын киім, аяқ киім, ішкиім және басқа да алғашқы қажеттіліктегі заттар киюге ыңғайлы, жынысына, бойына және қызмет алушының мөлшеріне сай, мүмкіндігінше олардың үлгі мен түсіне сұранысына, сондай-ақ, санитарлық нормалар мен талаптарға жауап береді.

4) ыстық, оның ішінде диеталық тамақ сапалы өнімдерден дайындалып, баланстық және калориялық талаптарға жауап береді, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келеді және қызмет алушылардың денсаулық жағдайлары ескеріле отырып ұсынылады.

Ұйым басшысы ағымдағы апталық мәзірді және келесі аптаға арналған перспективалық мәзірді бекітеді.

5) мамандардың кабинеттері қажетті жиһаздармен және мамандандырылған құрылғылармен жабдықталады.

6) қызмет алушыларды автомобиль көлігімен тасымалдағанда (мемлекеттік автоинспекцияның ілесуімен) емдеуге, оқуға, мәдени, спорттық іс-шараларға қатысуға апару кезінде көлік ұсынуда автокөлік құралдарын пайдаланудың нормативі мен тәртібі, жолда жүру қауіпсіздігінің ережелері сақталады.

23. Ұйымдарда қызмет алушылардың жеке жағдайын есепке ала отырып, денсаулығын қолдау мен жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызмет көрсету:



1) әлеуметтік-медициналық қызметтерді алуға көмек көрсету, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген мөлшерін көрсетуге жәрдемдесу;

2) медициналық-әлеуметтік тексеріс жүргізу;

3) алғашқы медициналық тексеруді және алғашқы санитарлық тазалауды жүргізу;

4) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету;

5) төтенше жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету;

6) емдейтін дәрігердің дәрі белгілеуіне сәйкес медициналық қызмет көрсетуге лицензия болған жағдайда медициналық процедуралар жүргізу;

7) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын бақылау;

8) емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және профилактикалық іс-шаралар өткізу;

9) ауруханаға жатқызуды жедел ұйымдастыру және денсаулық сақтау ұйымына балаларды жеткізіп тұру;

10) қызмет алушыларды күтіп-бағуды, медициналық ұсыныстар мен қызмет алушылардың денсаулық жағдайына сәйкес маман дәрігерлерге жүйелі түрде көрсетіп, емдеуді қамтамасыз ету;

11) қызмет алушыларға консультативтік көмек көрсету (білікті маман жоқ болған жағдайда денсаулық сақтау ұйымынан міндетті түрде маман шақыру).

24. Әлеуметтік-медициналық қызмет ұсынуға қойылатын талаптар:

1) қызмет алушының ауруының сипатын, медициналық көрсетілімін, дене және психикалық жағдайларын ескере отырып уақтылы және қажетті көлемде қызметтер ұсыну;

2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген барлық медициналық процедуралар мен іс-шаралардың толық, жоғарғы сапада және уақытылы орындау;

3) денсаулыққа байланысты медициналық, сондай-ақ, басқа да процедуралар қызмет алушыға қандай да бір зиян тигізбей, өте ұқыпты және абайлап жүзеге асырылады;

4) қызмет алушыларға олардың алдында тұрған әлеуметтік-медициналық проблемаларын дұрыс түсінуі мен шешуінде білікті көмек көрсету (тамақтану мен тұрғын үй гигиенасы, зиянды әдеттерден арылту, түрлі аурулардың алдын алу, жасына қарай өзгерістер және басқа проблемалар).

Қызмет алушылармен зиянды әдеттерді болдырмау және олардан арылту бойынша жеке жұмыс зиянды әдеттердің (ішімдік, есірткі, шылым қолдану) қауіптілігін түсіндіру, оның әкеп соғар жағымсыз салдары және нақты жағдайларға қарай осы әдеттерді болдырмау мен жеңу бойынша қажетті ұсынымдармен сүйемелденеді;

6) диспансерлеуден өту қызмет алушыларға денсаулығын терең және жан-жақты зерттеу үшін маман дәрігерлер ұсынған қаралуды қамтамасыз етеді.

25. Ұйымдарда ұсынылатын балалардың жеке қажеттілігін ескере отырып, олардың психологиялық жағдайларын түзетуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық қызметтер:

1) қызмет алушыларды психологиялық диагностикадан өткізу және психологиялық түзеу;

2) психологиялық терапевтік көмек көрсету;

3) балаға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі жеке жоспардың қажеттіліктерін бағалау негізінде құрастыру;

4) күйзеліс, дау-жанжал жағдайларының алдын алу, болдырмау мақсатында психологиялық тренингтер өткізу;

5) қызмет алушы мен қызметкер арасында өзара құрмет пен сенімге негізделген эмоционалдық ортаны қамтамасыз ету;

6) психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;

7) мекемеден тыс жерде кең әлеуметтік ортаға қызмет алушыларды табысты бейімдеу үшін жағдай жасау;

8) оқыту, әңгімелесу, жеке дамыту процесінде әлеуметтік-психологиялық білім беру және белсенді пайдалану үшін жағдай жасау;

9) күйзеліс, жанжал жағдайында қызмет алушыға психологиялық көмек және қолдау көрсету және мамандардың оларды ұзақ уақыт сүйемелдеуі (соның ішінде, әңгімелесу, қарым-қатынас жасау, тыңдау);

10) әлеуметтік-психологиялық және психологиялық кеңес беру (қызмет алушыларға оқуда, әңгімелесуде немесе психикалық көңіл-күйлері нашар кезде көмек көрсету);

11) баланы жеке өмір сүруге дайындауда баланың даму мониторингін жүзеге асыру;

12) әлеуметтенуде қиындық көріп жүрген қызмет алушыларға әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.

26. Әлеуметтік-психологиялық қызметтер көрсету сапасына қойылатын талаптар:

1) жанжалды болдырмау және жеңу үшін тұлғааралық қарым-қатынасты орнату.

Қызмет алушыдан алынған ақпарат және онымен туындаған әлеуметтік пихологиялық проблемаларды талқылау негізіндегі психологиялық кеңес беру ішкі ресурсты ашу мен жұмылдыруға және осы проблемаларды шешуге көмектеседі;

2) қызмет алушылардың психологиялық диагностикасы ұйым басшысы бекіткен психодиагностикалық пакет негізінде жүзеге асырылады.

қызмет алушылардың мінез-құлқындағы және айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасындағы ауытқушылықтарға әсер ететін психологиялық жағдайы мен жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін анықтау және талдау бойынша тұлғаны психодиагностикалау мен зерттеу болжам жасау мен түзету іс-шараларын жүргізу бойынша ұсынымдар әзірлеуге қажетті ақпарат береді;

3) психологиялық түзету қызмет алушылардың мінез-құлқындағы, эмоциялық жағдайындағы ауытқушылықтарды жеңуді немесе азайтуды қамтамасыз ететін белсенді психологиялық әсер ретінде қамтамасыз етеді;

4) психологиялық тренингтер, белсенді психологиялық әсер ретінде олардың психологиялық жарақат салу жағдайлары, жүйке психологиялық қысым салдарын түсірудегі, әлеуметке қарсы өмір сүру түрлерін жеңудегі адамдарға мінез-құлықтың әлеуметтік құнды нормаларын егудегі, өзгерген жағдайға биімделу үшін жеке тұлғалық алғы шартты қалыптастырудың тиімділігімен бағаланады;

5) қызмет алушылардың қиын өмірлік жағдайын тереңдететін психологиялық жайсыздық, тұлғалық немесе тұлғааралық жанжал мен басқада жағдайларды уақытылы анықтау мен оларға сол сәтте қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;

6) жайсыз жағдайдан шығу мен психикалық денсаулығын нығайтуда, күйзеліске қарсы тұрақтылықты, бірінші кезекте тұлғааралық қарым-қатынас пен сөйлесуде психологиялық мәдениет деңгейін көтеруде қызмет алушыларға көмек көрсету;

7) қызмет алушылардың психикалық нығайту, олардың күйзеліске қарсы тұрақтылықтылығын және психологиялық қорғалуын арттыру.

27. Ұйымдарда ұсынылатын балалардың дене және ақыл-ой мүмкіндіктерін ескере отырып білім алуда ерекше қажеттілігі бар балаларды педагогикалық түзеу мен оқытуға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтер:



1) педагогикалық зерттеу, диагностика;

2) әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру;

3) педагогикалық түзету;

4) әлеуметтік-педагогикалық оңалту;

5) педагогикалық түзету сүйемелдеу;

6) ұйымдағы қызмет алушылардың тәрбиеленуі мен білім алу үрдісін ұйымдастыру, олардың қоғамда әлеуметтенуіне, бейімделуіне және кірігуіне ықпал ету;

7) қызмет алушылардың олардың дене мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін ескере отырып білім алуына ықпал ету;

8) мүмкіндіктері шектеулілермен кызметін алушыларға білім алушылармен қарым қатынаста болуы, тең қол жетімді қамтамасыз ету үшін барлық білім беру мекелерінде жағдай жасалған;

9) үйде оқитындармен қызмет алушылар (мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулілермен), аралық және инклюзивтік білімдерді қоса;

10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» № 77 Қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес оқыту және дербес ұйымдарды дәлелдеуді ақпараттандырылған;

28. Әлеуметтік-педагогикалық қызметті ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

1) тұлғаның педагогикалық диагностикасымен зерттелуі заманауи құралдарды, аппараттарды, тесттерді қолдану арқылы өткізіледі және дағдарыс немесе жанжал жағдайларында қалған қызмет алушының қойылған диагнозға сәйкес тиімді педагогикалық көмек көрсетуде қызмет алушы тұлғасын жан-жақты зерделеу негізінде жағдайдың шынайы бағасы беріледі;

2) Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру – қызмет алушыларға олардың әлеуметтік-педагогикалық проблемаларды дұрыс түсіну мен шешуде білікті көмек көрсету;

3) оқытуды ұйымдасытру білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен арнайы оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

29. Ұйымдарда ұсынылатын әлеуметтік-еңбек қызметі қызмет алушының жеке тұлғалық даму деңгейін көтеруіне, әлеуметтік бейімделуіне, кәсіби бағдарлануына және одан әрі қарай жұмысқа орналасуына бағытталған:

1) қызмет алушылардың дара ерекшеліктерін, дене және психикалық жағдайын ескере отырып, олардың бойында бар еңбек дағдылары деңгейі көтеру;

2) қызмет алушыларды интернаттан кейінгі сүйемелдеу мен өмірге орналастыру жұмыстарының жаңашыл түрлері мен әдістерін дамыту;

3) қызмет алушылардың дара ерекшеліктерін, дене және психикалық жағдайын ескере отырып сүйемелдеудің жеке бағдарламаларың әзірлеу және іске асыру;

4) қызмет алушылар мен жұмыс үшін жаңа қор іздеу, жоғарғы және кәсіптік техникалық оқу орындарының мамандары, жұршылықтың, бизнес-қоғамдастықтың назарын аудару;



30. Әлеуметтік-еңбек қызметін ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

1) қол жетімді кәсіби дағдыларды үйрету бойынша іс-шаралар;

2) қызмет алушыларды кәсіптік бағдарлау олардың мамандық таңдауына көмектесетін іс-шаралармен сүйемелденеді;

3) қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын анықтау бойынша іс-шаралар олардың дара ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызмет алушының дене және психикалық жағдайын ескере отырып жүргізіледі;

4) арнайы жабдықталған кабинеттерде мамандарды тарта отырып, мамандық тандауда қызмет алушыларға көмектесетін әдістер мен тәсілдерді қолданып арнайы ұйымдастырылған курстарда кәсіби дағдылар алу;

31. Ұйымдарда көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтер қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру мен оларды бос уақытты өткізу іс-шараларына тартуға және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыруға бағытталған:

1) демалыс іс-шараларын және мерекелерді ұйымдастыру;

2) қызмет алушылардың қызығушылықтарын дамыту және тұлғаның дене дамуын қалыптастыру үшін үйірме, спорт-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

3) қызмет алушыларды демалыс, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға тарту және қатыстыру.

32. Әлеуметтік-мәдени қызмет ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

1) мерекелерді, мерейтойларды, туған күндерді, экскурсияларды өткізу, театрларға, кинотеатрларға, көрмелерге, концерттерге, спорттық залдар мен басқа да мәдени және демалыс іс-шараларға бару ұйым басшысы бекіткен жоспар бойынша жүзеге асырылады;

2) үйірмелерді ұйымдастыру қызмет алушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға, тұлғаның қарым-қатынас аясының кеңеюіне және дене дамуына бағытталған;

3) қызмет алушыларды концерт бағдарламарының жобаларын және өткізілетін іс-шаралардың сценарийлерін әзірлеуге тарту қызмет алушылардың жалпы және мәдени ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық белсенділігін арттыруға жағдай жасайды;

4) қызмет алушыларды демалыс іс-шараларына тарту ұйым ұжымының қоғамдық өміріне қатысу арқылы әлеуметтік және коммуникативтік байланысын орнатуға жағдай жасайды.

33. Ұйымдарда ұсынылатын әлеуметтік-экономикалық қызметтер қызмет алушылардың өмірлік деңгейін қолдау мен жақсартуға бағытталған:

1) тиісті жәрдемақы, өтемақы, алимент және зейнетақы алуды қамтамасыз ету;

2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға ықпал ету;

34. Әлеуметтік-экономикалық қызмет ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушылардың жеңілдіктер, жәрдемақылар, өтемақылар және басқада төлемдерді алуға ықпал ету қызмет алушылардың мүддесін білдіретін мәселелерді шешуде уақытылы, толық білікті және тиімді көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.



35. Ұйымдарда ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық қызметтер қызмет алушылардың құқықтық мәртебесін қолдау немесе өзгертуге, заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау, заңдық көмек көрсетуге бағытталған:

1) қызмет алушылардың мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордан арнаулы әлеуметтік көмек алу және өз мүдделерін қорғау құқықтарына байланысты мәселелер бойынша кеңес беру;

2) қызмет алушылардың арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынатын ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне заңды құқықтарының бұзылуына немесе қысым жасалуына өтінішті дайындауға және беруге көмек көрсетеді;

3) құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету;

4) заңды көмек көрсету және бекітілген заңдылықтардағы жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдерінің артықшылықтарын алу;

5) сенім хат бойынша жәрдемақы, өтемақы, алимент пен зейнетақы алу;

6) қызмет алушылардың құқықтары мен мүдделерін сотта қорғау үшін өкілдік пен қамтамасыз ету;

36. Әлеуметтік-құқықтық қызмет ұсыну сапасына қойылатын талаптар:

1) қызмет алушыларға арнаулы әлеуметтік көмек алу және өз мүдделерін қорғау құқықтарымен байланысты мәселелер бойынша кеңес беру заңнамамен бекітілген құқықтары мен мүмкін болатын бұзушылықтардан қорғау тәсілдері туралы толық ұғым береді;

2) қызмет алушыларға әлеуметтік-құқықтық мәселелер (азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек, қылмыстық заңнама мен басқа да мәселелер) бойынша кеңес беру қозғалған мәселелердегі оларды қызықтыратын заңнамалық актілер мен құқықтар, осы мәселелерді шешу үшін қажетті тиісті адресатқа құжат (өтініш, арыз, анықтама және басқа құжаттар) дайындау мен жолдауға қажетті көмек көрсету туралы ұғым береді;

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларының кызмет алушылардың заңды құқықтарын бұзатын немесе қысым көрсететін әрекеттері немесе әрекетсіздіктеріне шағым дайындауда көмек көрсету олардың өз шағымында әрекетке шағымданудың мәнің заңдық тұрғыдан сауатты жазуға, жіберілген бұзушылықтарды жою талаптары және адресатқа шағым жолдауға көмектесу болып табылады;

4) құжаттарды (жеке тұлғаны растайтын, заң бойынша тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыны және басқа әлеуметтік төлемдерді алуға) ресімдеуге заңдық көмек көрсету қызмет алушыларға қажетті құжаттың арналуына, баяндалуна және кұжат мәтінің жазылуына (қажеттілікке орай) немесе нысандық бланктердің толтырылуына, ілеспе хаттың жазылуына түсінік беруді қамтамасыз етеді.



7. Қызмет алушылардың ұйымнан шығарылуы, бітіруі мен ауыстырылуының шарттары

37. Бір ұйымнан басқаға ауысу кезінде, ұйымнан бітіргенде немесе шығарылғанда келесі құжаттар беріледі:

1) жеке басты куәландыратын құжаттар (туу туралы куәлік);

2) ұйымға келу туралы анықтама;

3) егу және денсаулығының жағдайы туралы анықтама;

4) білімі туралы құжат;

5) ата-аналары, туған туыстары болуы туралы куәлік, құжат;

6) жеке іс-қағаздарында болған жағдайда оның мүлік құқығын, ақшалай қаржысын, бұрын ол немесе оның ата-аналары тұрған тұрғын алаңын растайтын құжаттары, жеке шот ашу туралы шарт, алиментті өндірудің орындау парағы және басқа құжаттар;

7) тіркелу куәлігі;

8) шығу парағы;

9) психологиялық-педагогикалық мінездеме.

КТБО-дан шыққан соң кәмелеттке толмағандар тұрғылықты жеріне қатаң түрде ата-аналарының немесе басқа заңды өкілдерінің ілесуімен жіберіледі, не одан әрі орналасатын жерге оларды кәмелеттке толмағандардың шығуы туралы бұйрықтың негізінде Орталықтың әлеуметтік педагогының ілесуімен КТБО түрлері қызметінің үлгiлік қағидаларына сәйкес нысандағы кәмелетке толмағандарды қабылдау-табыстау актісі бойынша жеткізіледі.

Арнайы білім беру мекемелеріне жіберілген кәмелетке толмағандар КТБО-ның әлеуметтік пегагогының ілесуімен жеткізіледі.
8. Ұйымды басқару

38. Ұйымды уәкілетті орган немесе құрылтайшы тағайындап және босататын басшы басқарады.

39. Ұйым қызметкерлерінің штаттық нормативін бюджет қажеттілігі мен мүмкіндігі ескерле отырып уәкілетті орган немесе құрылтайшы бекітеді.

40. Ұйымда ұйым басшысында сақталатын және қызмет алушы мен келушілердін алғашқы талабы бойынша берілетін шағым мен ұсыныс кітапшасы ресімделеді.

41. Шағым мен ұсыныс кітапшасын ұйым басшысы апта сайын, өкілетті орган ай сайын өарайды.

42. Ұйымның Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпте заңды және жеке тұлғалар қаржы аударуы үшін демеушілік, қайырымдылық және басқа шоттары болады.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет