Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан



бет14/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74
110-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау нәтижелерi туралы мәлiметтердi табыс етпеу не жарияламау

1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенім бiлдiрген адамына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға Республиканың заңдарына сәйкес табыс етiлуге мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi табыс етпеуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлауда (республикалық референдумда) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) белгiленген жариялау мерзiмдерiн бұзуы не толық жарияламауы,-

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 110-1-баппен толықтырылды

110-1-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу шарттарын бұзу

1. Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарында көзделген қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi жариялау тәртібін бұзу -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе дауыс беруге арналған пунктте қоғамдық пiкiрге сұрау салу iсiн жүргiзу -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12-тарау.



Кәмелетке толмағандардың құқығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 111-бап өзгертілді



111-бап. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөніндегі мiндеттердi орындамауы

1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі мiндеттердi дәлелдi себептерсіз орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң алтыдан бестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -

ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілдеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 111-1- баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту

1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

112-бап. Кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізу



Ата-аналардың немесе өзге де адамдардың кәмелетке толмаған адамды мас болу күйiне дейiн жеткізуi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен 112-1-баппен толықтырылды



112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру

1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, -

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, -

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына - отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 113- бап өзгертілді



113-бап. 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 114-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 114- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  114-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 114-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



114-бап. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы

1. Он сегіз жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы, -



жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 115-бап өзгертілді



115-бап. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге тарту

1. Кәмелетке толмағандарды эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеуге, сондай-ақ эротикалық мазмұндағы өнiмдi таратуға, жарнамалауға және сатуға тарту, -

аталған өнiмдi тәркiлей отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -



эротикалық мазмұндағы өнiмдi әзiрлеу құралдарын тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.23.11. № 354-IV ҚР Заңымен 115-1-баппен толықтырылды



115-1-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдарды сату

1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино немесе бейнематериалдарды, бейнелерді немесе өзге де заттарды не материалдарды сату -

эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -



эротикалық мазмұндағы заттары мен материалдарын тәркілей отырып, жеке адамдарға - жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 116- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



116-бап. Асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібі мен мерзiмдерiн бұзу

Қарауында ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi табыс ету тәртібін не мерзiмдерiн бұзуы немесе көрiнеу жалған мәлiметтердi табыс ету, не асырап алуға, қамқоршылыққа (қорғаншылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге беруден балаларды жасыруға бағытталған өзге де iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

117-бап. Бала асырап алу жөніндегі заңсыз қызмет

Баланы (қызды) асырап алу, оны қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), патронаж тәрбиешiге беру жөніндегі заңсыз iс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13-тарау.

Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 118- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 118- бап өзгертілді



118-бап. Жерге мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иелену немесе айырбастау не жерге мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттік жерді уақтылы қайтармау, -



жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіс беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

119-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 120- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



120-бап. Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу

Жерге орналастыру құжаттамасын бекітудің белгіленген тәртібін бұзу, сол сияқты оған өзгерістерді заңсыз енгізу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 121-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 121- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



121-бап. Арнаулы белгілерді жою

1. Жер учаскелері шекараларының межелік белгілерін жою, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жер асты суларын байқаушы және режимдік ұңғыларды, су объектілеріндегі байқаушы режимдік тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгілерін, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгілерін, маркшейдерлік, геодезиялық және нивелирлік пункттер мен белгілерді жою немесе бүлдіру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 122- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.03.12. № 505-ІV ҚР Заңымен 122-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



122-бап. Жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу

Жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмілелер жасау, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса,-

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 123- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



123-бап. Кен орны учаскелерін іріктеп өңдеу

1. Кен орны учаскелерін пайдалы қазбалардың қалған қорлары сапасының нашарлауына, олардың жобадан тыс және нормативтен тыс негізсіз ысырабына әкеп соғатын іріктеп өңдеу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кен орны учаскелерін өңдеу жөніндегі жобалық шешімдерді қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғатын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 124- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



124-бап. Суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу

1. Су объектілерін заңсыз басып алу, заңсыз су пайдалану, су пайдалану құқығын басқа біреуге беру, сондай-ақ суға мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Лимиттерді бұзып су алу, гидротехникалық жұмыстарды заңсыз жүргізу, су объектілерінен алынған немесе бөлінген жер асты және жер үсті суларын қырсыздықпен пайдалану, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады

 

2006.20.01.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет