Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан



бет13/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;

әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жөніндегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы - Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға - отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеушілердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 89- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



90-бап. Ұжымдық шарт, келісім жөніндегі келiссөздерге қатысудан жалтару

Ұжымдық шартты, келісімдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөніндегі келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -

келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



91-бап. Ұжымдық шарт, келісім жасасудан негiзсіз бас тарту

Ұжымдық шарт, келісім жасасудан негiзсіз бас тарту, -

ұжымдық шарт, келісім жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

92-бап. Ұжымдық шартты, келісімдi орындамау немесе бұзу

Ұжымдық шарт, келісім бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -

ұжымдық шарт, келісім бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 93-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

93-бап. Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келісімдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпарат бермеу

Ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және ұжымдық шарттардың, келісімдердiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты бермеу, -

ақпараттың берiлмеуiне кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  94-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



94-бап. Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың халықты жұмыспен қамту туралы заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзден онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

95-бап. Мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқықты iске асыруға кедергi келтiру

Мемлекеттік қызметшi лауазымына кандидатқа заңдарда көзделмеген талаптарды және белгiленген тәртiппен бекітілмеген біліктілік талаптарын қою, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 96- бап өзгертілді



96-бап. Жеке немесе заңды тұлғаның берген шағымын оған зиянды болатындай етiп бағыттау

Негiздi шағым берген немесе мүддесiне орай шағым берiлген жеке немесе заңды тұлғаға сол шағымды оған зиянды болатындай етiп бағыттау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 97- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



97-бап. Ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу

Мәжбүрленушiнiң тәуелдi жағдайын пайдалана отырып ереуiлге қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, -



жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

11-тарау.



Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

98-бап. Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссияның шешiмiн орындамауы

Лауазымды адамдардың сайлау комиссиясына (референдум комиссиясына) оның жұмысы үшiн қажеттi мәлiметтер мен материалдарды табыс етпеуi немесе комиссия өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдi олардың орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 99-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

99-бап. Үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу

Қазақстан Республикасының заңдарымен сайлауға (республикалық референдумға) байланысты үгiтке тыйым салынған кезеңде оны жүргiзу, -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 99-1-баппен толықтырылды



99-1-бап. Сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығына кедергi келтiру

Президенттiкке, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметтерге кандидаттарға, олардың сенім бiлдiрген адамдарына, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу құқығын iске асыру процесiнде кедергi келтiру - азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 100-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)

100-бап. Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату

Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер тарату немесе сайлаудың нәтижесiне ықпал ету мақсатында олардың абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - отыз бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 101-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)



101-бап. Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сенім бiлдiрiлген адамның және байқаушының құқықтарын бұзу

Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң, сайлаудағы кандидаттардың, саяси партиялардың сенім бiлдiрiлген адамдарының және байқаушылардың құқықтарын бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен отыз беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

102-бап. Азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен танысу құқығын бұзу

Сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң азаматтардың сайлаушылар тiзiмiмен (таңдаушылардың республикалық референдумға қатысу құқығы бар адамдар тiзiмiмен) танысу құқығын бұзуы не сайлаушылар тiзiміндегі қателiктер туралы өтiнiштi заңдарда белгiленген мерзiмде қарамауы, не сайлаушылар тiзiмiне (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiне) түзетулер енгізу туралы өтiнiштi қабылдамау себептерiн баяндай отырып азаматқа жазбаша түрде жауап қайтарудан бас тартуы, не сайлаушылар тiзiмiн (таңдаушылар, республикалық референдумға қатысуға құқығы бар адамдар тiзiмiн) түзету туралы сот шешiмiн белгiленген мерзiмде орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 102-1-баппен толықтырылды

102-1-бап. Сайлаушылар туралы дәйектемесіз деректер, сондай-ақ сайлаушылардың дәйектемесіз тiзiмдерiн беру

1. Лауазымды адамдардың жергiлiктi атқарушы органдарға сайлаушылардың тiзiмдерiн жасау үшiн сайлаушылар туралы дәйектемесіз деректер беруi -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жергiлiктi атқарушы органдар лауазымды адамдарының тиiстi сайлау комиссиясына сайлаушылардың дәйектемесіз тiзiмдерiн беруi -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бестен отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 102-2- баппен толықтырылды



102-2-бап. Тең сайлау құқығы туралы талапты бұзу

Тең сайлау құқығы туралы талаптарды екi рет не одан да көп немесе басқа сайлаушы үшiн дауыс беру арқылы бұзу -

айлық есептiк көрсеткіштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

 

2005.08.07 № 67-III ҚР Заңымен 102-3-баппен толықтырылды



102-3-бап. Шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткізуге кедергi болатын және (немесе) ықпал ететін қызметтi жүзеге асыруы

Шетелдiктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдiк заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгiлi бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететiн қызметтi жүзеге асыруы, -

жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу арқылы немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткіштің жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық eceптiк көрсеткiштiң төрт жүзден бір мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 103-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



103-бап. Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) беру

Азаматтарға басқа адамдар үшiн дауыс беруге мүмкiндiк жасау мақсатында сайлау бюллетеньдерiн (дауыс беруге арналған бюллетеньдердi) сайлау комиссиясы (референдум комиссиясы) мүшесiнiң беруi, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

104-бап. Жұмыс берушiнiң сайлауға (республикалық референдумға) қатысу үшiн демалыс беруден бас тартуы

Жұмыс берушiнiң депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке тiркелген кандидатқа не сайлау комиссиясының мүшесiне мемлекеттік өкiмет, басқару органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына (республикалық референдумға) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге қатысу үшiн заң актілерінде көзделген демалысты беруден бас тартуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 105-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

105-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдында үгiт жүргiзу шарттарын бұзу

Бас редактордың, журналистiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциясы лауазымды адамының сайлау заңдарында (республикалық референдум туралы заңдарда) көзделген сайлау алдындағы үгiт жүргiзу шарттарын бұзуы, -

азаматтар мен лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан алпыс беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

106-бап. Бүркеншiк үгiт материалдарын әзiрлеу немесе тарату

Мемлекеттік өкiмет органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізу кезеңiнде, басып шығарған ұйымдар, шығарылған жерi, таралымы туралы және шығарылуына жауапты адамдар туралы ақпараты жоқ үгiттiк баспасөз және электрондық материалдарды әзiрлеу немесе тарату, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 107-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

107-бап. Үгiт материалдарын қасақана жою, бүлдiру

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың меншiк иесiнiң немесе осы объектiлердiң өзге иесiнiң келісімiмен ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектiлерге iлiнген үгiттiк материалдарын қасақана жою, бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 108-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



108-бап. Сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткізуге қаражат жұмсау туралы есептердi бермеу немесе жарияламау

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттың, сайланған адамның, не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қорының қаражатын пайдалану туралы есептi бермеуi, -

депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа, сайланған адамға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға елу беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 108-1-баппен толықтырылды



108-1-бап. Сайлау қорларынан бөлек, сайлау науқанын қаржыландыру немесе оған өзге де материалдық көмек көрсету

Кандидаттарға, партиялық тiзiмдер ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан бөлек қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  109-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



109-бап. Сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттерден, ұйымдардан, азаматтардан және азаматтығы жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы

Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы мемлекеттік қызметке кандидаттың не саяси партияның шет мемлекеттен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бірлестiктен, шет елдердiң мемлекеттік органдарынан, шетелдіктерден және басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы, -

депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидатқа - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға, қайырмалдық заттарын тәркiлей отырып, елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 09.07.04 ж. № 583-II Заңымен 109-1-баппен толықтырылды



109-1-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың жазбаша келісімiнсіз қызмет көрсетуi

Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келісімiнсіз қызмет көрсетуi -

азаматтарға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет