Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан


ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР За



бет66/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74
ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 630-бап өзгертілді

630-бап. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу

1. Осы Кодекстің 283-285, 287, 289, 297, 298, 298-1, 302-306, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 451, 453, 457, 460, 461 (екінші, үшінші және 3-1-бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463-4 (үшінші, төртінші бөліктерінде), 467, 470 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші бөліктерінде), 471 (екінші бөлігінде), 514 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде), 524 (461-471-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлігінде) - баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралдарын, шағын көлемді кемені уақытша сақтау үшін оларды арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға, оның ішінде басқа көлік құралын (эвакуаторды), шағын көлемді кемені пайдалана отырып жеткізу арқылы ұстау себептері жойылғанға дейін ұстауға, жеткізуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;

осы Кодекстің 461 (бірінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші және екінші бөліктерінде) 468, 469-баптарында аталған бұзушылықтар жасалған кезде, осы баптың екінші бөлігінде аталған уәкілетті лауазымды адам көлік құралын пайдалануға тыйым салу себептері жойылғанға дейін мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін алып қою арқылы көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.

Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға немесе тұрақтарға жеткізу (эвакуациялау) көлiк құралдарын жүргiзушiлер тоқтау немесе тоқтап тұру ережелерiн бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.

2. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстауды, жеткізудi және пайдалануға тыйым салуды жол полициясының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралын жүргiзушi адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әскери автомобиль полициясының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiк бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңдарды бұзған кезде) лауазымды адамдары жүргiзедi.

3. Көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу туралы белгіленген нысандағы акт жасалып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.

Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттік тiркеу нөмiрлiк белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе мемлекеттік стандартқа сай емес нөмiрлiк белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.

4. Ұсталған көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.

 

631-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру



1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексерудi осы Кодекстiң 636-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылығы туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдар жүргiзедi.

2. Тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.

3. Тексеру жүргiзiлгенi туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.

4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлi не өзге қызметкерi туралы мәлiметтер, тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де тақылеттестiк белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен реквизиттерi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

5. Тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кино түсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды көрсетудiң өзге де белгiленген әдiстерi қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кино түсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi көрсетудiң өзге де белгiленген құралдарын қолдану нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса тiркеледi.

6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, тиiстi заңды тұлға болып табылатын ұйымның заңды өкiлi, кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда ұйымның өзге қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның заңды өкiлi немесе өзге қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 632-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 632-бап өзгертілді



632-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып қою

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарға, үй-жайларға, көлiк құралдарына, тауарларға, өзге де мүлiкке тексеру жүргiзу кезiнде табылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, заттарды алып қоюды осы Кодекстiң 620-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстің 177-3, 177-4, 177-5, 317-1-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкілетті лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды, сондай-ақ оларды сақтауды ресiмдеу осы Кодекстiң 628-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 632-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 632-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



632-1-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу

1. Заңды тұлғаға тиесілі әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы, оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салынғаны туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне хабарлана отырып, аталған тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесi болып табылады және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмаған және (немесе) олардың сақталуын алып қоймай қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа да адамдардың жауапкершiлiкпен сақтауына берiлуi мүмкiн.

2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салуды, тауар, көлік құралы және өзге де мүлік иесi мен екі куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 620-бабында, 636-бабының бірiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.

Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.

3. Қажет болған жағдайларда фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылады.

4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар адам туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және бірдейлендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фотоға және киноға түсiру, бейнежазба қолданып тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса тiркеледi.

5. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк қажет болған жағдайларда буып-түйiледi және (немесе) оларға сүргiш салынады.

6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның заңды өкiлiне тапсырылады.

7. Заңды тұлғаға тиесiлi тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын адамның иелiктен айыруы немесе жасырып қалуы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

633-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларына шағым беру



1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адам аталған шаралар қолданылғаннан бастап он күн iшiнде жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағым бере алады.

2. Өзiне қатысты iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары қолданылған адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi тиiстi хаттамалар мен материалдардың көшiрмелерi жеке адамның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң талабы бойынша оған дереу тапсырылады.

3. Шағым жазбаша нысанда берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.

4. Шағым қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым қабылданады.

5. Жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға шағым беру аталған шараларды қолдануға сотқа қайталап шағым беру үшiн кедергi болмайды.

6. Ұйғарымның көшiрмесi жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне дереу тапсырылады, ал бұл адамдар болмаған жағдайда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап бір тәулiк iшiнде жiберiледi.

7. Лауазымды адамдардың заңсыз iс-әрекеттерiнен келтiрiлген зиянның заңдарда белгiленген ережелерге сәйкес орны толтырылуға тиiс.

 

37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау



 

2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 634 -бап өзгертілді



634-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаудың дәлелдерi мен негiздемесi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:

1) уәкiлеттi лауазымды адамның осы баптың 2-1-бөлігінің ережелерін ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн тiкелей анықтауы;

2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;

3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;

4) сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптарының көрсеткіштері себеп болып табылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiздеме болады.

2-1. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілген тексерудің нәтижесі кәсіпкерлік қызмет саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін осы баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға негіз болып табылады.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттама жасалған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы прокурор қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісінің анықталғаны туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған болып саналады.

 

 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 635-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 635-бап өзгертілді



635-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама

1. Осы Кодекстiң 639-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғаны туралы хаттаманы оған уәкiлеттi лауазымды адам жасайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ic қозғалған тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушінің тіркеу нөмірі, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі және банк реквизиттері); әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi; осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнiң аталған құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер олар бар болса, куәлардың және жәбірленушiлердiң аты-жөнi, мекен-жайы; өзiне қатысты iс қозғалған жеке адамның не заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң түсiнiктемесi; егер ол әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және көрсету кезiнде пайдаланылса, метрологиялық тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, техникалық құралдың айғақтары; iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін растайтын құжаттар қоса беріледі.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ iс жүргiзудiң басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл туралы хаттамада белгi жасалады.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам қол қояды. Жәбірленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайда хаттамаға сол адамдар да қол қояды.

4-1. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, тиісті түрде хабарланған әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жоқ болған немесе келмеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның жоқтығы немесе келмеуі туралы белгі қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.



4-2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жөнінде хаттамаға қол қойып қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны толтырған адам тиісті жазба жазады.

5. Өздерiне қатысты iс қозғалған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған адамдар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктеме беруге және ескерту жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту себебiн баяндауға құқылы, олар осы хаттамаға қоса тiркеледi. Бұл адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жасалады.



6. Осы бөлікте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін, оның көшірмесі қолхат алынып, өздеріне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға, заңды тұлғаның заңды өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге дереу тапсырылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстің 634-бабы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың 4-1 және 4-2-бөліктерінде көзделген негіздер бойынша өзіне қатысты іс қозғалған адам болмаған кезде жасалған жағдайда, ол өзіне қатысты іс қозғалған адамға хабарлана отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Ескерту. Жол жүрісінің қауіпсіздігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты хаттама жасау кезінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі болса, ол көрсетіледі.

 

12.07.01 ж. № 240-II; 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07 № 67-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара); 2005.22.11 № 90-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.16.01. № 122-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III (бұр. ред. қара); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет