Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан



бет64/74
Дата23.02.2016
өлшемі5.76 Mb.
#3108
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74
ред. қара )

615-бап. Құжаттар

1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар мен жеке тұлғалар баяндаған немесе куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.

2. Құжаттар жазбаша да, өзге түрде де тiркелген мәлiметтерден тұруы мүмкiн. Құжаттарға соның iшiнде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алынған немесе табыс етiлген компьютерлiк ақпараттан, фотожәне кино түсiрiлiмдерден, дыбыс- және бейне жазылымдарынан тұратын материалдар жатуы мүмкiн.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.

4. Құжаттарда осы Кодекстiң 613-бабында аталған белгiлер болған жағдайларда олар заттай дәлелдемелер болып табылады.

 

616-бап. Қосымша мәлiметтер талап ету



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан судья, орган (лауазымды адам) ұйымдардан, қоғамдық бірлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарым шығаруға құқылы.

2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтер талап етiп алу туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.

3. Талап етiп алынатын мәлiметтер талап алынған күнiнен бастап үш күн мерзiмде, ал әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғатын құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiдiрiссіз жiберiлуге тиiс.

4. Аталған мәлiметтердi табыс ету мүмкiн болмаған жағдайда ұйым, қоғамдық бірлестiк ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамды) бұл туралы үш күн мерзiмде хабардар етуге мiндеттi.



 

617-бап. Дәлелдемелердi бағалау

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзудi жүзеге асыратын судья, алқалы органның мүшесi, лауазымды адам дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты толық және объективтi қарауға негiзделген өзiнiң iшкi сезiмi бойынша бағалайды. Ешбір дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi болмайды.

2. Әрбір дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол берiлетiндiгi, дұрыстығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктілігi тұрғысынан бағалануға тиiс.

3. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы тұжырымды растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректер болса, дәлелдеме iске қатысты деп танылады.

4. Егер дәлелдеме Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын дәлелдеме деп танылады.

5. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол дұрыс дәлелдеме деп танылады.

6. Егер дәлелденуге тиiс мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және дұрыс дәлелдемелердiң бәрi жиналса, дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.



 

36-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2010.29.04. № 272-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 618 -бап өзгертілді



618-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға сезiктiнiң жеке басын анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жасау мүмкiн болмағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау, iстiң уақытылы және дұрыс қаралуы мен iс жөнiнде қабылданған қаулының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiгi шегiнде жеке адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шараларды қолдануға құқылы:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткізу;

2) жеке адамды әкiмшiлiк түрде ұстау;

3) алып келу;

3-1) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу;

4) жеке тексерiп шығу және көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi және заттарды тексерiп шығу;

5) құжаттар мен заттарды алып қою;

6) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi жүргiзуден шеттету және оның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiн куәландыру;

7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстау, жеткізу және пайдалануға тыйым салу"

8) тексеру;

9) жеке адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiн медициналық куәландыру.

2. Заңды тұлғаға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ететiн мынадай шаралар қолданылуы мүмкiн:

1) заңды тұлғаға тиесiлi үй-жайларды, аумақтарды, сондағы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап шығу;

2) заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды алып қою;



3) заңды тұлғаға тиесілі тауарларға, көлік құралдарына және өзге де мүлікке тыйым салу немесе алып қою.

3. Лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолданудан келтiрген зиян үшiн жауап бередi.

4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдануға осы Кодекстiң 633-бабының ережелерi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.

 

12.07.01 ж. № 240-II ҚР Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II ҚР Заңымен; 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.04.12 № 215-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 619-бап өзгертілді



619-бап. Жеткізу

1. Құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманың жасалуы не қорғау нұсқамасының шығарылуы мiндеттi болып, оларды сол болған жерiнде жасау мүмкiн болмаса, хаттама жасау не қорғау нұсқамасын шығару мақсатында жеке адамды, заңды тұлғаның заңды өкiлiн мына жағдайларда:

1) көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн, жүрiс тәртібі мен қауiпсіздiгiн қорғау жөніндегі ережелердi, көлiкте жүктiң сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ережелердi, өрт қауiпсіздiгi ережелерiн, көлiкте санитариялық-гигиеналық және санитариялық эпидемиологияға қарсы ережелердi бұзғанда, егер оның жеке басын куәландыратын құжаттары және ол туралы қажеттi деректер хабарлауы мүмкiн куәгерлер жоқ болса, сондай-ақ оның көлiк құралына деген қажеттi құжаттары болмаса, уәкiлдiк берiлген адам iшкi iстер органына (полицияға);

1-1) осы Кодекстің 79-1 және 79-5, 79-6-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасалғанда - ішкі істер органдары қызметкерлері ішкі істер органына (полицияға);

2) орман бұзылғанда немесе аң аулау ережелерi, балық аулау және балық қорын қорғау ережелерi бұзылғанда және жануарлар дүниесiн қорғау мен пайдалану туралы заңдар басқаша түрде бұзылғанда - орман және аң шаруашылығы мемлекеттік және ведомстволық күзетiнiң қызметкерлерi аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдардың, уәкiлдiк берiлген балық қорғау органдарының уәкiлеттi лауазымды адамдары, жануарлар дүниесiнiң қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік және ведомстволық бақылауды жүзеге асыратын басқа органдардың лауазымды адамдары, қорықтардың және басқа да айрықша қорғалатын табиғи аумақтардың лауазымды адамдары, сондай-ақ iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерлерi iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе жергiлiктi басқару органына;

3) қорғалатын объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылықпен байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда - әскерилендiрiлген күзет қызметкерлерi әскерилендiрiлген күзеттiң қызметтiк үй-жайына немесе iшкi iстер органына (полицияға);

4) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi, шекара және кеден режимдері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі әскери қызметшiсiнiң, өзге әскерлер, әскери құралымдар әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiнiң заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбағанда - әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының (полиция) қызметкерi немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қорғау жөнiндегi мiндеттi орындайтын басқа жеке тұлға бөлiмшеге, әскери бөлiмге, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, iшкi iстер органына (полицияға), жергiлiктi басқару органына;

5) кеден iсi саласында құқық бұзушылық жасалғанда - кеден органының, iшкi iстер органының (полицияның) қызметкерлерi кеден органының, iшкi iстер органының қызметтiк үй-жайына (полицияға);

5-1) кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу саласында белгiленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын құқық бұзушылық жасалғанда, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасалғанда - қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi;

5-2) күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде құқық бұзушылықтар жасалғанда - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметінің қызметкерлері;

6) өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанда прокурордың тиiстi тапсырмалары немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға уәкiлеттi лауазымды адамдар тарапынан тиiстi өтiнiш болған жағдайда - iшкi iстер органдары қызметкерлерi iшкi iстер органына (полицияға) немесе өзге де мемлекеттік органға жеткізудi, яғни мәжбүрлеп келтiрудi жүзеге асырады.

2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында құқық бұзушылық жасалған жағдайда кiм екенi жергiлiктi жерде анықталуы мүмкiн емес тәртiп бұзушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында заңсыз әрекеттi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын, тексеру кезiнде кiмдiкi екенi анықталуы мүмкiн емес кемелер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары құқық бұзушылықтың жолын кесу үшiн, сондай-ақ тәртiп бұзушының кiм екенiн және ұсталған кемелердiң, құқық бұзушылық жасау құралдарының кiмдiкi екенiн анықтау және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшiн Қазақстан Республикасының портына (шетел кемелерi - шетел кемелерiнiң келiп кіруiне ашық Қазақстан Республикасы порттарының бірiне) жеткiзiлуге тиiс.

3. Жеткізу мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде жүзеге асырылуға тиiс.

4. Жеткізу туралы хаттама жасалады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе әкiмшiлiк ұстау туралы хаттамаға тиiстi жазба жазылады.

 

12.07.01 ж. № 240-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 620-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 176-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 179-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.04.12 № 215-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 620-бап өзгертілді



620-бап. Әкiмшiлiк ұстау

Әкiмшiлiк ұстауды, яғни жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекеттерiн тыю мақсатында белгiлi бір уақыт iшiнде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, iс-әрекет және жүрiп-тұру бостандығынан уақытша айыруды:

1) ұсақ бұзақылық, ұрып-соғу, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында құқық бұзушылықтар жасаған, iшкi iстер органдарының (полицияның) қызметкерi, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адам, әскери қызметшi қоғамдық тәртiптi сақтау жөніндегі өз мiндеттерiн орындау кезiнде олардың заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбаған, сондай-ақ сотты сыйламаушылық танытқан, шетел валютасымен және төлем құжаттарымен заңсыз операциялар жасаған, тауарларды немесе өзге де заттарды заңсыз сатқан, еркiн сатылуына тыйым салынған немесе шек қойылған тауарлармен заңсыз сауда жасаған, авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерінің даналарын сатқан, жалға берген және өзге де жолмен заңсыз пайдаланған, тiркелмей немесе лицензия алмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған, қоғамдық орындарда алкогольдік iшiмдiктер iшiп немесе қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық әдептi қорлайтын мас күйде жүрген кезде iшкi iстер органдары (полиция) қызметкерiне немесе өзге де уәкiлеттi лауазымды адамға бағынбаған, өрт қауiпсіздiгi мен жол қозғалысы ережелерi, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерi бұзылған және жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн қорғау және пайдалану туралы заңдар басқаша бұзылған, жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі бұзылған, қызметiне тыйым салынған бірлестiктер құру жөнiнде iс-әрекеттер жасалған және оларға белсендi қатысқан, төтенше жағдай кезiнде режим бұзылған және құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалған, қаруды алып жүру мен сақтау ережелерi бұзылған, нысанды киім мен айырым белгiлерi заңсыз киiлiп, тағылған, бөлiмнен өз бетiмен кеткен жағдайда, сондай-ақ шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу тәртібін бұзған кезiнде - iшкi iстер органдары (полиция);

2) төтенше жағдай режимi бұзылған жағдайда және төтенше жағдай кезiнде құқықтық тәртiптi бұзуға арандататын iс-әрекеттер жасалғанда төтенше жағдай жарияланған жердiң комендатурасы мен әскери сақшылар;



2-1) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі бұзылған немесе терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген талаптар орындалмаған кезде - терроризмге қарсы операцияға белгіленген құзыреті шегінде қатысатын лауазымды адамдар;

3) Мемлекеттік шекара режимі, шекара режимі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі режим бұзылған, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткен, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңының, аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының минералдық және тірі ресурстарын заңсыз берген, әскери қызметшінің Мемлекеттік шекараны күзету жөніндегі өз міндетін орындауға байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбаған жағдайда - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі;

4) күзетiлетiн объектiлерге, басқа да бөтен мүлiкке қол сұғушылыққа байланысты құқық бұзушылық жасалған жағдайда - күзетiлетiн объект орналасқан жердегi аға әскери қызметшi, iшкi iстер органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерi, әскерилендiрiлген күзеттiң лауазымды адамы;

5) балық қорғау органдары, аң аулау ережелерiнiң сақталуына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыратын органдар мен орман және аң шаруашылығы органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;

6) көлік бақылау органдары сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ережелер бұзылған жағдайда - осы органдар;

7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының көлiк құралдарын жүргiзетiн жүргiзушiлер мен басқа да адамдар жол қозғалысы ережелерiн бұзған жағдайда - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары;

8) табиғат қорғау заңдары бұзылған жағдайда - қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды, қорықтар мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау органдары;

9) салықтық құқық бұзушылық жағдайында - салық қызметi органдарының лауазымды адамдары;

9-1) белгіленген басқару тәртібіне және мемлекеттік билiк институттарына қол сұғатын кәсiпкерлiк қызмет, сауда және қаржы, салық салу салаларындағы құқық бұзушылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердiң ведомстволық бағыныстылығына сәйкес - қаржы полициясы органдарының лауазымды адамдары;

10) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында, аумақтық суларында (теңізінде) және ішкі суларында рұқсат етiлген қызметтi регламенттейтiн лицензия шарттарының бұзылуына байланысты континенттік қайраңда, аумақтық суларда (теңізде) және ішкі суларда әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасалған, ресурстық немесе теңiзде ғылыми зерттеулерді жүргiзу қағидалары бұзылған, қалдықтар мен басқа да материалдарды көму қағидалары бұзылған, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңын, аумақтық суларын (теңізін) және ішкі суларын қорғау органдары лауазымды адамдарының кеменi тоқтату жөнiндегi заңды талаптары орындалмаған немесе оның жүзеге асырылуына кедергi жасалған жағдайда - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тау-кен қадағалау органдарының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, геология және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның, қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғау жөнiндегi органдардың, балық аулау жөнiндегi республикалық органның лауазымды адамдары;

11) кеден заңдары бұзылған жағдайда - кеден органдарының лауазымды адамдары;



12) егер құқық бұзушылық күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүргізу кезінде жасалса - Президенттің Күзет қызметінің лауазымды адамдары;

13) сот отырысы кезінде залда, сондай-ақ атқару құжаттарын мәжбүрлеп орындату барысында құқыққа қарсы іс-әрекеттерді тоқтату туралы талаптар орындалмаған жағдайда - сот приставтары жүзеге асыра алады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 621-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )



621-бап. Әкiмшiлiк ұстаудың тәртібі

1. Әкiмшiлiк ұстау жөнiнде хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты және орны; хаттама жасаған адамның лауазымы, аты-жөнi; ұсталған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер; ұсталған уақыты, орны және негiзi көрсетiледi. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам мен ұсталған адам қол қояды. Ұсталған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда бұл туралы хаттамада жазылады. Ұстау туралы хаттаманың көшірмесі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған адамға тапсырылады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған адамның өтiнiшi бойынша оның қайда екендiгi туралы туыстары, жұмыс немесе оқу орнының әкiмшiлiгi, сондай-ақ қорғаушысы хабардар етiледi. Кәмелетке толмаған адамның ұсталуы туралы оның ата-анасына немесе олардың орнындағы адамдарға мiндеттi түрде хабарланады.

 

2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 622 -бап өзгертілді



622-бап. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмдерi

1. Әкiмшiлiк ұстау осы Кодекстiң 618-бабында көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізу үшiн қажеттi уақыт iшiнде жүзеге асырылады және үш сағаттан ұзақ болмауы керек.

2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының режимiн, шекара және кеден режимдерін немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өту бекетіндегі режимдi бұзғаны туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы, аумақтық суларындағы (теңізіндегі) және ішкі суларындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам - қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау үшiн және құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтау үшiн бұл туралы ұсталған кезден бастап жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының қызметкерлерi (полиция) немесе әскери сақшылар коменданттық сағат аяқталғанға дейiн, ал қолдарында құжаттары жоқтарды - олардың кiм екенiн анықтағанға дейiн, бірақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.

3. Әкiмшiлiк айып шараларының бірi ретiнде әкiмшiлiк қамауға алынатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн, бірақ қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа әкiмшiлiк ұстауға тартылуы мүмкiн.

4. Әкiмшiлiк ұстау мерзiмi осы Кодекстiң



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет