3 Тәрбиелік ықпал ету шараларына



Дата09.11.2023
өлшемі174.35 Kb.
#482733
әкімшілік жоба


Кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу

Орындаған:Жумабек Саят


Отарбаев Жеңіс
ПД22-1
Есенов Университеті


Мазмұны:

Кіріспе..................................................................................... 3
Тәрбиелік ықпал ету шараларына
жататындар..........................................................4
Тәрбиелiк ықпал ету шараларының
мазмұны...............................................................5
Кәмелетке толмағандарды әкiмшiлiк
жауаптылықтан және әкiмшiлiк
жазадан босату....................................................6
Қорытынды...........................................................................11
Пайдаланылған мәліметтер.................................................12
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. Олар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері және ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган (лауазымды тұлға) оны әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.


-заңды түсіндіру;
-ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың немесе мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
-келтірілген зиянды өтеу міндетін жүктеу;
бос уақытын шектеу және оның мінез-құлқына ерекше талаптар қою.
Шаралардың бұл тізімі нақты анықталып, шектелген болып саналмайды. Өзге де тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.


1. Заңды түсiндiру кәмелетке толмаған адамға оның әрекетiмен келтiрiлген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылықтарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсiндiруден тұрады.
2. Қадағалауға беру ата-аналарға немесе олардың орнындағы адамдарға, не мамандандырылған мемлекеттiк органға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету және оның мiнез-құлқына бақылау жасау жөнiндегi мiндеттердi жүктеуден тұрады.
3. Келтiрiлген зиянды жөнге келтiру мiндетi кәмелетке толмаған адамның мүлiктiк жағдайы мен тиiстi еңбек дағдыларының болуы ескерiле отырып жүктеледi.
4. Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мiнез-құлқына ерекше талаптар белгiлеу белгiлi бiр орындарға баруға, бос уақытын өткiзудiң белгiлi бiр нысандарын, оның iшiнде көлiк құралдарын пайдалануға, тәулiктiң белгiлi бiр уақытынан кейiн үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздеуi мүмкiн.
Кәмелеттік жасқа толмаған тұлғаға әкімшілік жаза— әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап бір айдан, ал созылмалы құқық бұзушылық үшін—оны анықтаған күннен бастап, бір айдан кешіктірмей тағайындалады. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік жаза тағайындау туралы қаулының орындалуынан кейін алты ай жаңа құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жазаға тартылмаған болып саналады.


Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiрiншi рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) оған заңдарда көзделген тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкiмшiлiк жауаптылықтан немесе тағайындалған әкiмшiлiк жазаны орындаудан босатуы мүмкiн.
Кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөнiндегi комиссияның көмегiмен жұмысқа тұру талабы да қойылуы мүмкiн. Бұл тiзбе осымен шектелмейдi.
Кәмелетке толмаған адам әкiмшiлiк жазаға ұшырады деп есептелетiн мерзiм. Өзiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылған кәмелетке толмаған адам осындай жазаға әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың iшiнде ұшырады деп есептеледi.
2015 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасы ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі –Кодекс) 9- тарауы 72-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар кәмелетке толмағандар деп танылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданылуымен қатар әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған адамға аталмыш Кодекстің ерекше бөлімінің бабында көзделген айыппұл мөлшеріне қарамастан, айлық есептік көрсеткіштің бестен бір бөлігінен кем болмауға және он айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Негізінен, айыппұл кәмелетке толмаған адамда бар мүліктің есебінен төленеді.
Егер, кәмелетке толмаған адамның айыппұл төлеуге жеткілікті мүлкі болмаған жағдайда, айыппұл ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға салынады. Ал, арнайы құқықтан айыру жазасы кәмелетке толмағандарға бір жылдан аспайтын мерзімге қолданылады. Әкімшілік жазалардың басқа да түрлері (әкімшілік қамаққа алуды қоспағанда), сондай-ақ аталмыш Кодекстің 41 және 52-баптарында аталған әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылған кәмелетке толмағандарға жалпы негіздерде қолданылады.


Кәмелетке толмаған адамға әкімшілік жаза қолданған кезде (осы Кодекстің 56 және 57-баптарында аталған мән-жайларды ескермегенде) оның өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары, психикалық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерекшеліктері, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың әсер етуі ескеріледі. Алайда, кәмелетке толмаған жас басқа да жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар жиынтығында жеңілдететін мән-жай ретінде ескеріледі. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған кәмелетке толмаған адамды сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган (лауазымды адам) оған заңнамада көзделген тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдана отырып, әкімшілік жауаптылықтан немесе тағайындалған әкімшілік жазаны орындаудан босатуы мүмкін. Кәмелетке толмаған балаға тәрбиелік ықпал етудің мынадай шаралары тағайындалуы мүмкін, ол – заңды түсіндіру; ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру; келтірілген зиянның есесін толтыру міндетін жүктеу; бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу. -Мұнда заңды түсіндіру дегеніміз – бұл кәмелетке толмаған адамға оның әрекетімен келтірілген зиянды және осы Кодексте көзделген құқық бұзушылық тарды қайталап жасаудың заңдық салдарын түсіндіру болып табылады. -Қадағалауға беру — бұл ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға не мамандандырылған мемлекеттік органдарға кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал ету және оның мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі міндеттерді жүктеуден тұрады. -Келтірілген зиянды жөнге келтіру міндеті – бұл негізінен кәмелетке толмаған адамның мүліктік жағдайы мен тиісті еңбек дағдыларының болуы ескеріле отырып жүктеледі. -Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу дегеніміз — бұл белгілі бір орындарға баруға, бос уақытын өткізудің белгілі бір нысандарын, оның ішінде көлік құралдарын пайдалануға, тәуліктің белгілі бір уақытынан кейін үйден тыс жерлерде болуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның рұқсатынсыз басқа жерлерге кетуге тыйым салуды көздейтін шара түрі. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған адамға оқуды аяқтау не кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көмегімен жұмысқа тұру талабы қойылуы мүмкін. -Бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары үш айға дейінгі уақытқа белгіленеді. Егер де бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған баланың мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу шаралары жүйелі түрде орындалмаған жағдайда, мамандандырылған мемлекеттік орган бұл шараның күшін жойып, кәмелетке толмаған баланы әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін материалдарды сотқа ұсынады.


Айта кететін бір жайт, кәмелетке толмаған адамға бір мезгілде тәрбиелік ықпал етудің бірнеше шаралары тағайындалуы мүмкін. Аталмыш Кодексте қарастырылғандай әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған кәмелетке толмаған адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап, алты айдың ішінде осындай жазаға тартылды деп есептеледі. Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында нақты белгілеген тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстану – дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады деп айтуы еліміздің әр азаматына қатысты. Сонымен бірге біз жас өспірімдер тарапынан орын алған ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Кәмелетке толмаған адамдардың тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезінулері одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу мақсатында – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам ретінде біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне жас өспірімдерді барынша тартуымыз қажет. Мұның бәрі қоғамдық өмірдің нормасы болуға тиіс.

Кейінгі кезде жасөспірімдердің жан-жақты интеллектуалдық жағынан жетілу, жылдам өсу процестерінің байқалуы олардың ерте бастан, жас кезінен өз тəртіптерінің дұрыс, бұрыстығын өз тұрғысынан бағалай білу қабілеті міндетті түрде әкімшілік жауапкершілік жасын төмендетуді қажет ете ме деген сұрақ туғызар болса, ол заңды да.
Жасы толып, бұзақылық жасаған баланы әкімшілік жауапкершілікке тарту əр елде əр түрлі шешілген. Мысалы, Ұлыбритания елінде әкімшілік жауапкершілік кей бұзақылық үшін сегіз жастан көзделуі мүмкін. Нью – Иорк штатынының ӘК бойынша бұзақылық істеп, жауаптылыққа тартылған бала егер өз əрекетінің қауіпті іс – əрекет екенін түсіне алған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа сегіз жастан он екі жасқа дейін тартылады. Шетелдердің әкімшілік заңнамасын зерттеу барысында әкімшілік жауаптылық, соның ішінде кəмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылық жасы əр елде əрқалай көрсетілетіні белгілі болды.
ҚР Конституциясы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 
БҰҰ-ның Конвенциясы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет