Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет10/43
Дата12.06.2016
өлшемі3.94 Mb.
#129903
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

163-бап. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың

бәсекелестікке қарсы әрекеттерi, жосықсыз бәсекелестік


1. Мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерi –

лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Жосықсыз бәсекелестік –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


164-бап. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар

және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын бұзу


1. Табиғи монополия субъектісінің табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны бермеуі, сол сияқты белгіленген нысандардағы ақпаратты, есепті, хабарламаны белгіленген мерзімдерін бұза отырып беруі –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне сегіз жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекеттер (әрекетсіздік) –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Табиғи монополия саласына жатқызылған қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың уәкілетті органға табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен осы қызметті жүзеге асыру басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Табиғи монополиялар субъектiлерiнің мемлекеттік тіркеліміне енгізу туралы өтінішті және құжаттарды (ақпаратты) ұсынбауы –

әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ақпарат, есеп, хабарлама беру міндетін қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет (әрекетсіздік) –

заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп табиғи монополия субъектісі алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде табиғи монополия субъектісі алуға тиіс кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
165-бап. Электр энергиясын өткізу (сату) тәртібін бұзу
1. Электр энергиясын спот-сауда-саттықта (өздері өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа өткізу (сату) жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның электр энергиясының тиісінше шекті, жеке, есептік тарифінен асатын тариф бойынша өткізуі (сатуы) –

заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Электр энергиясының экспорты жағдайларын қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілері болып табылмайтын жеке және заңды тұлғаларға электр энергиясын өткізуі (сатуы) –

заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Энергия өндіруші ұйымның электр энергиясын энергия өндіруші басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы) –

заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясын энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымға заңсыз өткізуі (сатуы), сол сияқты оны энергиямен жабдықтаушы басқа ұйымнан заңсыз алуы (сатып алуы)

заңды тұлғаларға әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде өткізілген (сатылған), сол сияқты алынған (сатып алынған) электр энергиясы үшін ақы төлеу сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Ескертпелер.

1. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп:

1) осы баптың бірінші бөлігі бойынша: осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның алған кірісі (түсімі) мен электр энергиясының тиісінше шекті, есептік, жеке тарифтері бойынша есептелген кіріс (түсім) арасындағы айырма;

2) осы баптың екінші, үшінші және төртінші бөліктері бойынша: Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салуды бұзу нәтижесінде алынған барлық кіріс (түсім) түсініледі.

2. Кіріс (түсім) құрамына өткізілген (сатылған), бірақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген электр энергиясының құны да енгізілуі керек.
166-бап. Реттелетін нарық субъектілерінің міндеттерді бұзуы
1. Реттелетін нарық субъектісінің баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілікті, сондай-ақ монополиялы өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) өндіру (өткізу) көлемдері, кірістілік деңгейі мен босату бағалары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген мерзімде бермеуі, сол сияқты табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға анық емес және (немесе) толық емес ақпаратты беруі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындамауы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған соманың он пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Реттелетін нарық субъектілерінің алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Реттелетін нарық субъектілерінің шекті бағаны негізсіз асырып жіберу нәтижесінде алынған кірісті (түсімді) тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару жөніндегі міндетті орындамауы

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) сомасының алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Реттелетін нарық субъектісінің бағалардың алдағы көтерілетіні туралы хабарламаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ұсынбай тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын көтеруі және оларды өткізуі, сол сияқты Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданыстағы немесе жобаланып отырған бағаны табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған баға деңгейіне дейін төмендетпеуі

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) деп:

1) осы баптың үшінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыру үшін шекті бағаны қолдану есебінен алған кірісі (түсімі) мен инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;

2) осы баптың төртінші бөлігі бойынша: реттелетін нарық субъектісінің алған кірісі (түсімі) мен шекті баға деңгейі негізге алына отырып қалыптастырылған кірістің (түсімнің) арасындағы айырма;

3) осы баптың екiншi бөлiгi бойынша: реттелетiн нарық субъектiсiнiң алған кірісі (түсiмi) мен көтерілгенге дейiн қолданыста болған баға бойынша не табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган деңгейiн айқындаған баға бойынша есептелген кірістің (түсiмнің) арасындағы айырма түсiнiледi.

2. Кіріс (түсiм) құрамына сатылған, бiрақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған күнге ақысы төленбеген тауардың (жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң) құны да енгiзілуі керек.


167-бап. Реттелетін нарық субъектісінің

баға белгілеу тәртібін сақтамауы


Реттелетін нарық субъектісінің Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген баға белгілеу тәртібін сақтамауы –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


168-бап. Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық

бағдарламаны орындамауы


Энергия өндіруші ұйымның табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган енгізген инвестициялық бағдарламаны орындау туралы нұсқаманы орындамауы –

тұтынушылардан алынған және инвестициялық бағдарламаны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған сомалардың он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


169-бап. Қазақстан Республикасының биоотын өндірісін және

айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу


1. Биоотын өндірушілердің кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін тамақ шикізатын сатып алуға арналған квота нормаларын асыруы –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз қырық, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

асырылған квота мөлшерінде тамақ шикізатынан өндірілген өнім тәркілене отырып және биоотынды өндіру жөніндегі қызметті үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың сегіз жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Биоотын өндіру кезінде 1 және 2-сыныпты бидайды тамақ шикізаты ретінде пайдалану –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Құрамы техникалық регламенттерде белгіленген құрамға сәйкес келмейтін биоотынды сату –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Денатуратталмаған биоэтанолдың, оны биоотын өндіретін зауытқа немесе биоотынның басқа түрлеріне қайта өңдеу үшін мұнай өңдейтін зауытқа жеткізу жағдайларын қоспағанда, айналымын жүргізу –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Биоотын өндіретін нақ сол зауытта екі және одан да көп биоотын өндірушілердің биоотын өндіруді жүзеге асыруы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Биоотын өндірушілердің биоотынды өндіру паспортынсыз, биоотын өндіру көлемін есепке алуды бақылау аспаптарынсыз не олардың ақауы болған кезде өндіруі –

осы кезеңде өндірілген өнім тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Биоотын өндірушілердің генетикалық түрлендірілген көз (объект) болып табылатын немесе құрамында генетикалық түрлендірілген көздер (объектілер) бар тамақ шикізатын бұлардың қауіпсіздігін ғылыми негіздемелік растаусыз және бұларды мемлекеттік тіркеуді жүргізбестен қабылдауы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Биоотын өндірушілердің биоотынды ілеспе жүкқұжаттарын ресімдемей өткізуі –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Биоотын өндірушілердің, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын өндіруді жүзеге асырмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғаларға биоотынды өткізуі –

биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоғыз жүз тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Биоотын өндірушілердің өндірілген биоотынды, тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын тұлғаларға оны сақтау үшін беруі –

биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алты жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Тиісті құжаттары болған кезде биоотынды экспорттауды қоспағанда, биоотын нарығының қатысушылары болып табылмайтын және (немесе) мұнай өнімдерін компаундтеуге лицензиясы жоқ тұлғалардың биоотынды сақтауы –

биоотынның өткізілген партиясына тең көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Осы баптың жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

биоотынның тиісті көлемде тәркілене отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


170-бап. Қазақстан Республикасының газ және газбен

жабдықтау туралы заңнамасының талаптарын бұзу


1. Газбен жабдықтау жүйелері субъектісінің тауарлық, сұйытылған мұнай газын және (немесе) сұйытылған табиғи газды өндіру, тасымалдау (тасу), сақтау және өткізу жөніндегі мәліметтерді ұсынбауы, сол сияқты мәліметтерді белгіленген мерзімдерді бұза отырып ұсынуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген газбен жабдықтау жүйелері объектілерін пайдалану жөніндегі шектеулерді сақтамау

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген тауарлық және (немесе) сұйытылған мұнай газын есепке алу және (немесе) өткізу тәртібін бұзу

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Жер қойнауын пайдаланушының мемлекеттің шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға артықшылықты құқығын бұзуы –

заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Газбен жабдықтау жүйелері объектісі меншік иесінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілеріне ортақ меншік құқығындағы үлестерді және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің меншік иелері – заңды тұлғалар акцияларының пакеттерін (қатысу үлестерін) сатып алуға мемлекеттің басым құқығын бұзуы

заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі субъектілерінің тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін пайдаланудың белгіленген технологиялық режимдерін сақтамауы

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, кіріс (түсім) алуға әкеп соққан әрекет –

аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) отыз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бұзу –

аккредиттеу туралы куәліктің қолданысы тоқтатыла тұрып, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.



9. Өтініш берушінің аккредиттеу туралы куәлікті алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ аккредиттеу туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соқтырған аккредиттеу қағидаларын бұзушылықтарды жоймау –

аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.


171-бап. Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай

өнімдерін, тауарлық газды және сұйытылған мұнай газын

өткізудің шекті бағаларын асыру
1. Мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауарлық газды немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес белгіленген көтерме саудада өткізудің шекті бағасынан асыруы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім) пен Қазақстан Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс  болған кіріс (түсім) арасындағы айырма түсініледі.
172-бап. Қазақстан Республикасының электр

энергетикасы туралы заңнамасын бұзу


1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы –

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Энергия өндіруші ұйымның мемлекеттік органдар сұрау салған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген, өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –

орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық міндеттемелерді орындамауы

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушыларға электр энергиясын заңсыз шектеуі және (немесе) ажыратуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


173-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк

қызметке заңсыз араласуы


Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, дара кәсiпкерлердiң, заңды тұлғалардың қызметiне, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы -

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық

ойын-сауық конкурстарының қатысушылары

мен ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне ықпал ету мақсатында параға сатып алу –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз пайдалануы –

төрт жүз  айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының, сол сияқты коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз пайдалануы –

төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  


175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру

жүргізу тәртібін бұзу


1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:

1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;

2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталмауы;

4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптар мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;

5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;

6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің, сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді, сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде, техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге дейін қолданыста болатын өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және әдістерінде белгіленген нормадан асатын санда іріктеп алу туралы хаттамаларды ресімдемей, оларды іріктеп алу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария ету және (немесе) тарату;

8) тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін асыру;

9) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы


7-тармағының 2), 4), 6), 7) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, нақ сол мәселе бойынша, нақ сол кезең ішінде бұрын тексеру жүргізілген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты көрінеу қайта тексеру жүргізу;

10) мемлекеттік бақылау мақсатында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің есебінен шығынды сипаттағы іс-шараларды жүргізу;

11) жоспарлы тексеру тағайындалған кезде алдыңғы тексеруге қатысты уақыт аралығын бұзу;

12) тексерілетін субъектіге тексеру актісін ұсынбау –

лауазымды адамға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет

лауазымды адамға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
176-бап. Оңалту және банкроттық кезiндегi құқыққа

сыйымсыз әрекеттер


1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенің иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды ұсынбау, жасыру, жою, бұрмалау, оларды қалпына келтiру жөнiнде шаралар қабылдамау, егер бұл әрекеттер (әрекетсiздiк) оңалту немесе банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн лауазымды адамның, борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң, сондай-ақ банкроттық рәсiмi немесе оңалту рәсiмi кезiнде дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару функциялары берiлген тұлғаның басқа кредиторларға залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредиторлардың мүлiктiк талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, сол сияқты дәрменсiз борышкердiң басқа кредиторларға залал келтiре отырып, өзiне артықшылық жасағанын бiлетiн кредитордың мұндай қанағаттандыруды қабылдауы, егер мұндай әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


177-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық

туралы заңнамасын уақытша басқарушының бұзуы


1. Борышкердiң қаржылық жағдайы туралы қорытындыны сотқа ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      2. Банкроттың мүлiктiк массасына түгендеу жүргiзу және (немесе) түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      3. Банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


   4. Сот талқылауы кезеңiнде борышкердiң мүлкi мен активтерiн меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шығарып әкетуiн болғызбау мақсатында борышкердiң активтерiн бақылауды қамтамасыз етпеу –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


  5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы белгiленген нысанда ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес мәлiмделген талаптарды қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiм туралы кредиторларды уақтылы хабардар етпеу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      7. Кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторларды хабардар ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше
орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Борышкердiң өзiнiң шеттетiлген лауазымды адамдарынан құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн қабылдау, сол сияқты шеттетiлген лауазымды адамдардың аталған құжаттар мен мөрлердi уақытша басқарушыға беруi бөлiгiнде сот шешiмiн орындау бойынша атқару парағын беру туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Сот iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру немесе тоқтату туралы ұйғарым, борышкердi банкрот деп танудан бас тарту туралы шешiм шығарған не борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған, сондай-ақ банкроттық рәсiмiн қозғамай таратуды жүргiзу оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға жүктелген жағдайда, өкiлеттiктердi уақытша басқарушыдан банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру, уақытша басқарушыны ауыстыру кезiнде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Кредитордың және борышкер мүлкiнiң меншiк иесiнiң жазбаша сұрау салуы негiзiнде ақпарат беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Банкроттың тез бұзылатын мүлкiн оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз сатуды жүзеге асыру –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Осы баптың бiрiншi – он төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


178-бап. Жария сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар

өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзу


Мүлiктің меншік иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi залал келтiрген, жария сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзудің белгіленген тәртiбiн бұзу –

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы бапта жеке тұлғаға айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға келтірілген залал не ұйымға немесе мемлекетке айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға келтірілген залал – ірі залал деп танылады.
179-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық

туралы заңнамасын банкроттықты басқарушының бұзуы


1. Түгендеу жүргiзу және (немесе) кредиторлар жиналысына түгендеу жөнiндегi есепті ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банкроттың мүлкiн күзетудi және бақылауды қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген жағдайларды қоспағанда, банкрот алдында берешегi бар тұлғалардан берешектi сот тәртібімен өндiрiп алу туралы талаптар қою мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға банкроттық рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Банкроттық рәсiмiнде кредиторлар жиналысы өтетін күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар
етпеу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастырудың Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Сату жоспарын жасау тәртiбiн бұзу не банкроттың мүлкiн (активтерiн) сату жоспарын бұза отырып борышкердiң мүлкiн сату –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Кредиторлар жиналысы есеп айырысуға көшу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн кредиторлармен есеп айырысуды жүзеге асыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау, сол сияқты кредиторлармен есеп айырысуды кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың белгiленген тәртiбiн бұза отырып жүргiзу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әдейi және (немесе) жалған банкроттық белгiлерi анықталған жағдайларда құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Борышкердiң немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерiн анықтау мiндеттерiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен банкроттың мүлiктiк массасына қайтару туралы талаптар қоймау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Әкiмшiлiк шығыстар сметасында көзделген ақшаны асыра жұмсау не мақсатқа сай пайдаланбау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Банкроттықты басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмiнiң күшi жойылған кезде борышкердiң құрылтай құжаттарын, есепке алу құжаттамасын, мөрлерiн, мөртабандарын, материалдық және өзге де құндылықтарын жаңадан тағайындалған банкроттықты басқарушыға немесе борышкерге беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде банкроттық рәсiмдердiң жүзеге асырылу барысы туралы оған хабарламау не уақтылы хабарламау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi негiзiнде кредиторға талаптарды есепке жатқызу туралы уақтылы мәлiмдемеу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. Мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан банкрот туралы, оған тиесiлi (тиесiлi болған) мүлiк туралы ақпаратты және растайтын құжаттардың көшiрмелерiн талап етіп алдыру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

18. Борышкердiң лауазымды адамдарының кiнәлары анықталған жағдайда залалды (субсидиарлық жауаптылықты) өндiрiп алу (өтету) туралы сотқа талаптар қоймау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

19. Егер банкроттықты басқарушымен келiсiмде өзгеше белгіленбесе, банкрот пен оның кредиторларының мүдделерiн қозғайтын сот актiсiнiң көшiрмесiн оның шағымдану мәселесiн қарау үшiн кредиторлар комитетiне ұсыну мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

20. Уақытша басқарушыдан банкроттың мүлкiне құрылтай, қаржы құжаттарын және құқық белгiлейтiн құжаттарды, банкроттың мөрi мен мүлкiн қабылдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

21. Банкроттың банктiк шотының уақтылы жабылмауы, салық органына салық төлеушi куәлiгiнiң және қосылған құн салығы бойынша есепке қою куәлiгiнiң бланктерiн (олар болған кезде) тапсырмау, банкроттың мөрiн жою –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

22. Осы баптың бiрiншi - жиырма бiрiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


180-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық

туралы заңнамасын уақытша әкiмшiнiң бұзуы


1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастыру үшiн оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлiмдеу тәртiбi туралы хабарландыруды оған жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн қалыптастыру тәртiбiн бұзу –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      3. Оңалту жоспарының тиiмдiлiгi туралы қорытындыны сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелердi келiсу туралы борышкердiң өтiнiшiн бес жұмыс күнi iшiнде қарау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


      5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерiн жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Кредиторлар жиналысының өтетін орны мен күнi туралы кредиторларға хабарлау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Кредиторлар оңалту жоспарымен келiспеген және (немесе) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген мерзiмде оңалту жоспары сотқа ұсынылмаған жағдайда, оңалту рәсiмiн тоқтату туралы сотқа өтiнiш беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Осы баптың бiрiншi – сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


181-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық

туралы заңнамасын оңалтуды басқарушының бұзуы


1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгiленген электрондық аукцион өткiзу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртiбiн бұзу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кредиторлар комитетiмен оңалту рәсiмiнде жасасқан келiсiмнiң шарттарын орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Борышкердiң мүлкiн басқаруға қабылдау және оның күзетiлуiн қамтамасыз ету мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Оңалту жоспарын орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Құжаттардың көшiрмелерiн қоса бере отырып, оңалту рәсiмiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының өтетiн күнi, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиiсiнше хабардар
етпеу –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Оңалтуды басқарушы шеттетiлген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде борышкердiң құрылтай, қаржы, құқық белгiлейтiн және өзге де құжаттары мен мөрiн тағайындалған оңалтуды басқарушыға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Оңалту рәсiмiнде кредиторлар жиналысының келiсімінсiз оңалту жоспарында көзделмеген кәдiмгi коммерциялық операциялар шеңберiнен тыс мәмiлелер жасау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Сотқа қорытынды есептi ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн қорытынды есептi ұсыну –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзу белгiлерiнiң бар (жоқ) екенiн анықтау және белгiлер болған кезде құқық қорғау органдарына процестiк шешiм қабылдау үшiн өтiнiш жолдау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негiзiнде оған борышкер қызметiнiң жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкiлеттi органға беру мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Оңалту жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы өтiнiшхатты сотқа жiберу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Оңалту рәсiмiн тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгiнбеу –

отыз айлық көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Кредиторлар комитетi мүшелерiнiң назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетiне кәдiмгi коммерциялық операциялар барысында жүргізілген мәмiлелер туралы ақпаратты жеткiзу мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттердi олар жасалғанға дейiн кредиторлар жиналысымен келiспеу –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын мәмiлелердi кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

19. Осы баптың бiрiншi – он сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерiндегі немесе өзге де тұлғалардың мүдделерiдегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде болған төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


183-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни кредиторларға тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе бөліп төлеуді немесе борыштарына жеңілдікті алу үшін, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн кредиторларды жаңылыстыру мақсатында заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау

қызметі туралы заңнамасын бұзу


1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы анық емес есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы –

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан

алынған коммерциялық, банктік құпияны,

кредиттік есептердің мәліметтерін

немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу


Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпелер.

1. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік құпияны құрайтын мәліметтерді не кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты меншiк иесiне немесе заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай мәлiметтердi алу құқығы бар тұлғаларға олардың заңды талап етуі бойынша берген жағдайда, тұлға жауапты болмайды.

2. Осы бапта көзделген іс-әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын

не микрокредит беру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу


Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


187-бап. Қазақстан Республикасының туристік

қызмет туралы заңнамасын бұзу


1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –

лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –

лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік)

лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


188-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны

туралы ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу


Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты  бермеу немесе уақтылы бермеу, егер оны беру заңда көзделсе, –

заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


189-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн

қарау тәртiбi мен мерзімдерін бұзу


1. Ірі кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін бұзуы –

заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол әрекет (әрекетсіздік) –

заңды тұлғаларға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ

ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР


190-бап.Тұтынушыларды алдау
1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруы немесе өзгедей алдауы –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан әрекеттер –

белгілі бір қызмет түріне лицензиядан айыра отырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметті тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып, жеке тұлғаларға –  елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сома – елеулі мөлшердегі залал, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасы – ірі мөлшердегі залал деп танылады.
191-бап. Қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын бұзу
1. Тиісті лицензиясы бар заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қаруды және оның патрондарын сату қағидаларын бұзуы –

лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

лицензиядан айыра отырып, сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

192-бап. Арнаулы техникалық құралдарды сату тәртiбiн бұзу
Арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттiк берілген мемлекеттiк органдардан басқа, тиiстi рұқсаты жоқ тұлғаларға сату –

қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


193-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн

реттеу туралы заңнамасын бұзу


1. Сатып алушының өтiнуi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдi мiндеттемелері және талаптар қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – екi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алты, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа сыйымсыз пайдалану –

тауарлар тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – жетi, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап әрекеттерді (әрекетсiздiкті) жасау –

тауарлар тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


194-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып, 

төлемдердi қабылдаудан бас тарту


1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –

ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем 

карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге

асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы

ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу


1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу –

жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі

бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ темекі бұйымдарын

имитациялайтын тауарларды өндіру, сату және тарату

жөніндегі талаптарын бұзу


1. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату –

жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь

өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу


1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –

тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Алкоголь өнімін (сауда үйлерінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда):

жұмыс күндері сағат 23-тен таңғы 8-ге дейін,

демалыс, мереке күндері сағат 24-тен таңғы 8-ге дейін өткізу

тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


201-бап. Тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда

объектілеріне әкелуді шектеу


1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сауда қызметі субъектілерінің тауарлар беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуынан не көрінеу кемсітушілік сипаттағы және:

1) сауда қызметі субъектісіне осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осыған ұқсас немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;

2) тауарлар беруді жүзеге асыратын сауда қызметі субъектісінің осыған ұқсас қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасалатын шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы талаптар қамтылатын шарт жасасудан көрінетін, тауарларды сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне әкелуді шектеуі –

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


202-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 

жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын

 мөлшерінен асыру
1. Сауда қызметі субъектілерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жол берілетін шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерінен асыруы –

екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


203-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 415 және 416-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарды шығарған ел туралы, дайындаушы, беруші немесе сатушы туралы қазақ және орыс тiлдерiндегі мәліметтер не тауар (көрсетілетін қызмет) туралы анық және жеткiлiктi ақпаратты қамтитын құжаттарсыз сатуы –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


204-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
1. Жергiлiктi атқарушы орган белгiлегеннен тыс орындарда сауда жасау –

ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


205-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн  қоспағанда,

бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi

және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді

толық және уақтылы төлемеу


Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу –

жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


206-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен

монеталарын қабылдаудан бас тарту


1. Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген, осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемнің заңды құралы болып табылатын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулі құны бойынша қабылдаудан бас тарту –

шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында айналыста жүрген және осы бапқа ескертпеде көрсетілген жағдайлардан басқа, төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтаудан және айырбастаудан бас тартуы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта банкноттары мен монеталары мынадай жағдайларда:

1) егер қолдан жасаудың (жалған екенінің) анық белгілері болса;

2) техникалық шарттардан ауытқудың анық белгілері бар жарамсыз банкноттар мен монеталар (пішімінің сәйкес келмеуі, жыртылуы, нөмірленуінің сәйкес келмеуі, түзетілген жері, бояуларының араласуы, соғылғандағы бейненің араласуы және (немесе) көмескі болуы және басқа);

3) ақша айналысынан алынған, сондай-ақ өтелген банкноттар мен қатпарлы монеталар;

4) «ОБРАЗЕЦ», «SPECIMEN»,«ҮЛГІ» деген жазуы бар банкноттар төлемнің заңды құралы болып табылмайды.
207-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк

сатып алу туралы заңнамасын бұзу

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамаға қойылатын не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларын көрсету арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмiн, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ көрсетілген өзгерiстердi конкурстық құжаттамаға енгiзбей, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер бар конверттердi ашу күнiн, уақыты мен орнын өзгерту –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi жеткiлiксiз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкес келтiруге байланысты сауал жiберу, конкурстық комиссияның сол сияқты әрекеттері

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Әлеуеттi өнiм берушiлерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердiгерлерге (бiрлесiп орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеу –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердi конкурстық құжаттамаға енгiзбеу бөлiгiнде бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының талаптарын конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн критерийлердiң салыстырмалы мәнiн баға ұсыныстарына қолданбау бөлiгiнде бұзу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Әлеуеттi өнiм берушiнi және (немесе) ол тартатын қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негiзсiз тану –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –

лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негiз болған көрiнеу жалған сараптама қорытындысын сараптама комиссиясының шығаруы не сарапшының жасауы –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Мынадай:

1) өнiм берушiлер өздерiмен жасасылған мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған;

2) жеңiмпаздар деп айқындалған әлеуеттi өнiм берушiлер мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушiнiң әлеуеттi өнiм берушiлердi, өнiм берушiлердi мемлекеттiк сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгiнбеуi немесе уақтылы жүгiнбеуi –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасының өнiм берушiнi таңдауды және онымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн нормаларын қолданбай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

14. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

15. Осы баптың екiншi және он біріншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

16. Осы баптың оныншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -

жеке тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

17. Осы баптың үшiншi, бесiншi, алтыншы және он екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

лауазымды адамдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.

Осы бапта лауазымды адамдар деп:

1) бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты адамдарды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын адамдарды;

2) екінші бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;

3) үшiншi бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

4) төртінші және бесінші бөліктерде – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;

5) алтыншы бөлiкте – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамы не оның мiндетiн атқаратын адамды;

6) жетінші бөлiкте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;

7) сегізінші бөлiкте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;

8) сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерде – тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын жауапты хатшы өкiлеттiгiн жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның мiндетiн атқаратын адамды;

9) тоғызыншы бөлікте конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;



10) оныншы бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.
208-бап. Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар

және кредиттiк тарихты қалыптастыру

туралы заңнамасының талаптарын бұзу
1. Кредиттiк бюроның Қазақстан Республикасының кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы заңнамасын бұзуы

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кредиттiк тарих субъектiсi туралы терiс ақпараты бар кредиттiк тарих субъектiсi және (немесе) кредиттік есеп туралы терiс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушiнiң кредиттік тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк тарих субъектiсi туралы мәліметтерді кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттiк бюроны қоспағанда) беруі және (немесе) кредиттiк есептi алушының ақпарат субъектiсiнiң келiсiмiнсiз кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салуды беруi, сондай-ақ оны дұрыс ресiмдемеу –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Ақпарат берушiнiң Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін, кредиттiк тарих субъектiсiнен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауы, сол сияқты уақтылы ұсынбауы не анық емес мәліметтерді ұсынуы –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Мәліметтер деп кредиттік тарихты қалыптастыру және оларды пайдалану жүйесіне қатысушылар беретін, қажет болған кезде электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылатын электрондық және қағаз жеткізгіштердегі кредиттік тарих субъектілеріне қатысты мәліметтер түсініледі.
209-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар

туралы заңнамасын бұзу


Концессионердi таңдау жөнiндегi конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтiнiмi үздiк деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келiссөздер жүргiзу барысында концессиялық өтiнiмнiң бастапқы параметрлерiне және сипаттамаларына өзгерiстер енгiзу –

лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.      Осы бапта лауазымды адамдар деп концессия жөнiндегi конкурсты ұйымдастырушының бiрiншi басшыларын немесе конкурсты ұйымдастыру және өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн жауапты, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдарды түсiну керек.

210-бап. Тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық

шартты (түпнұсқаны немесе оның көшірмелерін)

ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер

мен ақша аударымдарын жүргiзу
1. Уәкiлеттi банктердiң тіркеу куәлігінде көзделген жағдайларда, валюталық шартты (түпнұсқа немесе оның көшірмелерін) ұсынбай валюталық операциялар бойынша төлемдер мен ақша аударымдарын жүргiзуi –

ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе. Егер валюталық шарт экспортпен немесе импортпен байланысты болса және келісімшарттың есепке алу нөмірін алуды талап етсе, валюталық шарттың түпнұсқасы немесе келісімшарттың есепке алу нөмірі алынғаны туралы белгісі бар оның көшірмесі беріледі.
211-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары

туралы заңнамасының талаптарын бұзу


1. Микроқаржы ұйымдарының «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген қызмет түрлерiн жүзеге асыруы –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микроқаржы ұйымының шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күнi таратуы немесе орналастыруы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –

бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасында талап етiлетiн ақпаратты бермеуi, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуi не микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес берiлуi талап етiлетiн мәлiметтердi қамтымайтын ақпаратты беруi не анық емес ақпаратты беруi –

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) бұзуы –

үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Микроқаржы ұйымдарының клиенттермен жасасқан микрокредит беру туралы шарттарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің мөлшерін көрсетпеуі, сол сияқты микроқаржы ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерінен асыруы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Микроқаржы ұйымдарының клиенттердiң төлем құжаттарын жоғалтуы –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың

қаржылық және өзге де есептілікті ұсыну

мерзiмдерiн бұзуы
1. Қаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Микроқаржы ұйымдарының Қазақстан РеспубликасыҰлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн қаржылық және өзге де есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Банк холдингтерінiң, сақтандыру холдингтерiнiң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етiлетiн есептілікті белгіленген мерзімде бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) ұсынбауы –

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


213-бап. Қазақстан Республикасының банк

заңнамасының талаптарын бұзу


1. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың мәлiметтердi немесе өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) уақтылы бермеуі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Банктердiң, банк құрылтайшыларының (акционерлерінің) және (немесе) оның үлестес тұлғаларының, сондай-ақ банк холдингтерiнiң және банктің ірі қатысушысы, банк холдингi белгiлерiне сәйкес келетiн тұлғалардың, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың анық емес, сол сияқты толық емес есептілікті, мәліметтерді немесе өзге де сұратылатын ақпаратты беруі –

жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi, екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Банктердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –

заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Банктердiң, банк холдингтерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес тыйым салынған не Қазақстан Республикасының банк заңнамасын бұзып, сол сияқты олардың құқықтық қабiлетiнің шегiнен шығатын операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруы –

заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі жүз және бір мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаларға мәмiле сомасының бiр пайызы, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде төрт жүз және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың есептіліктегі көрсеткiштердiң не Қазақстан Республикасының банк заңнамасында айқындалған пруденциялық нормативтердiң және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң орындалуы туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептілікті жасауы –

заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

9. Осы баптың сегізінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

10. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың клиенттермен жасасылатын шарттарда анық, жылдық, тиімді, салыстырмалы түрде есептелген сыйақы мөлшерлемесін көрсету жөніндегі, сондай-ақ қарыздар мен салымдар (банкаралықты қоспағанда) бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде міндеттерін орындамауы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

11. Банктің бұқаралық ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы немесе жариялауы -

екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған, сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің шекті мөлшерін асыруы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

13. Банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұлғалармен жасасылатын банктік қарыз шарттары бойынша, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттары бойынша сыйақының құбылмалы мөлшерлемесін есептеу тәртібін, оның қолданылу шарттарын бұзуы –

заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


214-бап.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет