Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет8/43
Дата12.06.2016
өлшемі3.94 Mb.
#129903
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43

лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

8. Кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарт талаптармен қандай да бір кандидатқа, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға артықшылық туғызу –

лауазымды адамдарға – отыз, заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


113-бап. Анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату
Мемлекеттiк билік органдарына және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайлауды (республикалық референдумды) әзiрлеу мен өткiзу кезеңiнде үгіттеу материалдарын шығарған ұйымдар, олардың басылған жерi, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар және қандай қаражаттан төленгені туралы ақпараты жоқ үгiттік баспа және электрондық материалдарды дайындау немесе тарату, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде дайындау, анонимдік үгіттеу материалдарын тарату –

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


114-бап. Үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру
Депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы қызметке кандидаттардың ғимараттарға, құрылыстарға және өзге де объектілерге меншік иесінің немесе өзге де иеленушінің келісімімен ілінген үгіттеу материалдарын қасақана жою, бүлдіру –

он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


115-бап. Сайлауды (республикалық референдумды)

әзiрлеу мен өткiзуге қаражаттың жұмсалғаны туралы

есептердi ұсынбау немесе жарияламау
Кандидаттың, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамның не саяси партияның сайлау қорларына түскен түсiмдердiң (қайырмалдықтардың) мөлшерi туралы және сайлау қорларын құру көздерi туралы мәлiметтердi, сондай-ақ сайлау қоры қаражатының пайдаланылғаны туралы есептi ұсынбауы –

кандидатқа, депутат болып немесе өзге де сайланбалы лауазымға сайланған адамға – он бес, заңды тұлғаға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


116-бап. Сайлау науқанын сайлау қорларынан тыс

қаржыландыру немесе оған өзге де

материалдық көмек көрсету
Кандидаттарға, партиялық тiзiмдерді ұсынған саяси партияларға олардың сайлау қорларынан тыс қаржылық немесе өзге де материалдық көмек көрсету –

жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


117-бап. Мемлекеттiк сайланбалы лауазымға кандидаттың

не саяси партияның шетел мемлекеттерінен,

ұйымдарынан, шетелдіктерден және азаматтығы

жоқ адамдардан қайырмалдықтар алуы


Депутаттыққа немесе өзге де мемлекеттiк сайланбалы қызметке кандидаттың не саяси партияның шетел мемлекетінен, халықаралық ұйымнан немесе халықаралық қоғамдық бiрлестiктен, шет елдердiң мемлекеттiк органдарынан, шетелдiктерден және басқа мемлекеттiң заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалардан, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан кез келген нысанда қайырмалдықтар алуы –

қайырмалдық заттары тәркілене отырып, депутаттыққа немесе өзге де сайланбалы лауазымға кандидатқа – елу, заңды тұлғаға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


118-бап. Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға,

саяси партияларға олардың жазбаша

келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi
Жеке және заңды тұлғалардың кандидаттарға, саяси партияларға олардың сайлау алдындағы қызметiне байланысты олардың жазбаша келiсiмiнсiз қызметтер көрсетуi –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


119-бап. Дауыс беру қорытындылары туралы немесе сайлау

(республикалық референдум) нәтижелерi

туралы мәлiметтердi ұсынбау не жарияламау
1. Учаскелiк сайлау комиссиясы төрағасының кандидаттың сенiм бiлдiрілген тұлғасына, бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлiне, байқаушыға танысу үшін Республиканың заңнамасына сәйкес ұсынылуы мiндеттi дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердi ұсынбауы –

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, округтiк сайлау комиссиясының төрағасы жасаған іс-әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген сайлау (республикалық референдум) нәтижелерi туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы жасаған әрекет, сондай-ақ оның сайлау заңнамасында (республикалық референдум туралы заңнамада) белгiленген сайлаудағы (республикалық референдумдағы) дауыс беру қорытындылары туралы мәлiметтердiң жариялану мерзiмдерiн бұзуы не оларды толық жарияламауы –

он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бiрiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы жасаған іс-әрекеттер –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


120-бап. Сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге

сауалнама жүргiзу шарттарын бұзу


1. Бұқаралық ақпарат құралдарының сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi жариялау тәртiбiн бұзуы, атап айтқанда, сауалнама жүргізген ұйымды, сауалнамаға тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауалнама жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтардың нақты тұжырымын, сауал қойылғандардың санын және сауалнама нәтижелерінің қателік коэффицентін көрсетпеу –

жеке тұлғаларға – он бес, заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсетіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауалнама нәтижелерiн, сайлау нәтижелерi болжамдарын, өзге де зерттеулердi дауыс беретін күнге дейінгі бес күн ішінде және дауыс беру күні жариялау, сондай-ақ сайлау болатын күнi дауыс беруге арналған
үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу –

жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


121-бап. Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар

(таңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу


Дауыстарды санау басталғаннан кейін сайлаушылар (тыңдаушылар) тізіміне өзгерістер енгізу –

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


122-бап. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың лауазымды адамдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілерінің, ұлттық қауіпсіздік органдары, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, сайлау комиссиялары мүшелерінің, діни бірлестіктердің сайлау алдындағы үгіт жүргізуі, сондай-ақ аталған тұлғалардың кез келген сайлау алдындағы үгіттеу материалдарын таратуы –

жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Сайлаушыларға тегін немесе жеңілдік шарттарымен тауарлар беру, қызметтер көрсету, бағалы қағаздар беру, сондай-ақ лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не осындайларға уәде беру арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізу –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Кандидаттар не олардың сенім білдірілген тұлғалары болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялауға қатысуы –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


123-бап. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесу

үшін үй-жайлар беру шарттарын бұзу


Жергілікті атқарушы органдар және өзін-өзі басқару органдары лауазымды адамдарының кандидаттардың біріне, партиялық тізімді ұсынған саяси партияға сайлаушылармен кездесу үшін шарттық негізде үй-жайлар беруден бас тартуы, егер басқа кандидатқа және партиялық тізімді ұсынған саяси партияға келісім берілсе, –

отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


124-бап.Үгіт материалдарын орналастыру
Үгіт материалдарын ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда орналастыру –

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


125-бап. Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық

бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу


Депутаттыққа немесе өзге сайланбалы лауазымға кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты нысаналы жұмсамауы –

бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады


126-бап. Сайлауда кандидаттардың, саяси партиялардың сенім

білдірілген адамдарының, бұқаралық ақпарат

құралдары өкілдерінің және байқаушылардың

заңды қызметіне кедергі келтіру


1. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау комиссиясының отырыстарына қатысу не сайлау учаскесінде дауыс беру күні ол ашылған кезден бастап және сайлаушылардың дауыстарын санау кезінде дауыс беру нәтижелері анықталғанға дейін болу не сайлау учаскесінде, дауыс беруге арналған пунктте дауыс беру барысын, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін ресімдеу рәсімін байқау не электрондық сайлау жүйесінің жабдығын ашу және орнату кезінде, сондай-ақ оның жұмыс істеуін тексеру кезінде қатысу құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларының, Қазақстан Республикасының саяси партиялары, өзге де қоғамдық бірлестіктері, коммерциялық емес ұйымдары байқаушыларының дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс беруді ұйымдастыру үшін сайлау комиссиясының мүшелеріне ілесіп жүру не дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде сайлаушылардың дауыс беруін өткізу кезінде қатысу не фото-, аудио- және бейнежазбаны жүзеге асыру не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімін байқау не дауыс беруге, оның ішінде
үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны туралы ақпаратты алудан бас тарту не тиісті сайлау комиссиясының және (немесе) оның мүшелерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірілген тұлғаларына дауыстарды қайта санаудан бас тарту, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда –

отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар байқаушыларының, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сайлау процесінің барлық кезеңіне қатысу не сайлау комиссияларынан сайлау науқанының барысы туралы ақпарат алу не дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау кезінде сайлау учаскелеріне кіру не сайлау процесіне қатысушылармен кездесу, не жария мәлімдемелер жасау не дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды жоғары тұрған сайлау комиссияларына беру рәсімдерін байқау құқығына, мұндай құқық заңда көзделген жағдайларда кедергі келтіру –

отыз бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

12-тарау. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫНА

ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ

БҰЗУШЫЛЫҚТАР
127-бап. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң

балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi

орындамауы
1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –

жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.


128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк

құқық бұзушылық жасауға тарту


Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

129-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды

адамдарының және (немесе) баланың заңды

өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды

есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы


1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою жөніндегі міндеттерді орындамауы, сол сияқты белгіленген мерзімді бұза отырып есепке қою –

бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
130-бап. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды

адамдарының және (немесе) баланың заңды

өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын

сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы


1. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарының және (немесе) баланың заңды өкілдерінің жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын жайын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы –

төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.



2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –

бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
131-бап. Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн

жеткiзу
Кәмелетке толмаған адамды масаң күйге дейiн жеткiзу –

жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта

ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру


1. Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру –

жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


133-бап. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi

және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы


1. Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сату және олардың сатуы –

жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


134-бап. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы

заттар мен материалдарды сату


1. Кәмелетке толмағандарға эротикалық мазмұндағы баспа басылымдарын, кино- немесе бейнематериалдарды, бейнелердi немесе өзге де заттарды не материалдарды сату –

эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –

эротикалық мазмұндағы заттар мен материалдар тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


135-бап. Бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа),

жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi

қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы

мәлiметтердi ұсыну тәртiбi мен мерзiмдерiн бұзу


1. Қарауында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар ұйымдар басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атқарушы органдары лауазымды адамдарының:

1) бала асырап алуға, қорғаншылыққа (қамқоршылыққа), жеке тұлғалардың отбасына тәрбиелеуге берудi қажет ететiн кәмелетке толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмдерiн сақтамау;

2) бала туралы анық емес мәлiметтер ұсыну, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік және орталықтандырылған есебіне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы қою үшін оны отбасыға орналастыру мүмкіндігін көрсетуге жататын деректерді жасыру;

3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өңірлік, орталықтандырылған есебінде балалардың бар-жоғы туралы мәліметтерді және олар туралы деректерді жекелеген азаматтарға, мекемелер мен қоғамдық ұйымдарға заңсыз жария ету;

4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есепке алуды жүргізу тәртібін бұзу түрінде жасаған бұзушылығы –

отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –

алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.


13-тарау. МЕНШIККЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
136-бап. Жерге мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу

Мемлекеттiк жер учаскелерiн заңсыз иеленіп алу немесе айырбастау не жерге мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жанама нысанда бұзатын басқа да мәмiлелер жасау, сондай-ақ уақытша иеленген мемлекеттiк жердi уақтылы қайтармау –

жеке тұлғаларға – жетпіс бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
137-бап. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің

нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан

Республикасының жер заңнамасын бұзу
1. Жер учаскесіне құқық беру кезінде және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын:

1) жер учаскесіне немесе жер учаскесін жалдау құқығына жер учаскелерін аукциондық және конкурстық тәсілмен беру қолданылмайтын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сауда-саттық (аукциондар мен конкурстар) өткізбей беру;

2) жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішхаттарын (өтініштерін) қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу;

3) жергілікті атқарушы органның жер комиссиясының оң қорытындысынсыз және (немесе) бекітілген жерге орналастыру жобасынсыз жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдауы;

4) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;

5) жергілікті атқарушы органның жер учаскелеріне құқық беру туралы шешім қабылдау мерзімін бұзуы;

6) жергілікті атқарушы органның жеке меншікте болуы мүмкін емес жер учаскелеріне жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

7) жергілікті атқарушы органның заңнамалық актілерде көзделмеген жағдайларда жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы шешім қабылдауы;

8) жергілікті атқарушы органның жер учаскелерін жер заңнамасында көзделген нормадан артық көлемде жеке меншікке тегін беру туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ қайталап тегін беруі;

9) жергілікті атқарушы органның уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын жер заңнамасында көзделмеген мақсаттарда немесе мерзімде беру туралы шешім қабылдауы;

10) жергілікті атқарушы органның шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығын беру туралы шешім қабылдауы;

11) жергілікті атқарушы органның өзінің құзыретіне кірмейтін, жер учаскелеріне құқықтар беру туралы шешім қабылдауы;

12) жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы өтінішті қарау мерзімін бұзу;

13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау және беру мерзімдерін бұзу;

14) жерге орналастыру жобасын қарау және бекіту мерзімдерін бұзу;

15) сатып алу-сату немесе уақытша өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу мерзімдерін бұзу түрінде жасалған бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, –

лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –

лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
138-бап. Арнаулы белгiлердi жою

1. Жер учаскелерi шекараларының межелiк белгiлерiн жою –

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады

2. Жерасты суларын байқайтын және режимдiк ұңғымаларды, су объектiлерiндегi режимдiк байқау тұстамаларды, су қорғау немесе су шаруашылығы белгiлерiн, орман қорындағы орман орналастыру немесе орман шаруашылығы белгiлерiн, маркшейдерлiк, геодезиялық және нивелирлiк пункттер мен белгiлердi жою немесе бүлдiру –

жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
139-бап. Жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын бұзу


  1. Жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын заңсыз пайдалану, жер қойнауына мемлекеттiк меншiк құқығын тiкелей немесе жасырын нысанда бұзатын мәмiлелер жасау –



    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет