Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет16/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54

                операцияларды жүргізу
      1. Шетел валютасын уәкілетті банктер мен олардың айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы емес айырбас операцияларын жүргізу, резиденттер арасында тыйым салынған валюта операцияларын жүргізу, төлемдер мен аударымдарды уәкілетті банктердегі шоттар арқылы емес жүргізу, егер мұндай талап валюта заңнамасында белгіленсе, -
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға - белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының жетпіс процентіне дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз процентіне дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының теңгеге сату бағамынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ауытқу шегін сақтамауы, -
      лауазымды тұлғаларға - бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - бес жүз айлық есептің көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 188-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерту енгізілді - 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
       188-1-бап. Арнайы валюта режимін бұзу
      Арнайы валюта режимін:
      валюталық операцияны жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнайы рұқсатын алу талабын орындамау;
      резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
      шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
      валюталық операцияларды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
      Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу, -
      жеке және заңды тұлғаларға арнайы валюта режимін бұза отырып жүргізген операция сомасының жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       Ескерту. 188-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.04. N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      189-бап. <*>
      Ескерту. 189-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының  2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      190-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
      1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу туралы инсайдерлік ақпаратқа негізделген ұсынымдарды немесе ұсыныстарды беру жөніндегі іс-әрекеті, сондай-ақ эмитенттерге инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы эмитенттерге қатысты ақпаратты беруі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамауы, егер осы іc-әрекеттер ірі залал келтірмеген болса, -
      жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Эмитенттердің эмитент туралы және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуді және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды бұзуы -
      лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 190-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      191-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару
               проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды
               тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бұзу
      Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiне өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеуге арналған құжаттарды беру мерзiмiн бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп) бұзуы –
      эмитентке елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 191-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416, өзгерту енгізілді - 2003.12.05. N 506 , 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      192-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз
               жарнамасы
      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiне жарнаманы жариялау кезiнде дұрыс емес мәлiметтер табыс ету және тарату жолымен жасалған бағалы қағаздар рыногындағы қызметтiң жосықсыз жарнамасы,-
      жарнама берушiге жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 192-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      193-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы
               нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен
               қадағалау жөніндегі уәкілетті органға
               есептемені, ақпаратты, мәліметтерді
               беру жөніндегі талаптарды бұзуы
      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға есептемені, мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты бермеуі, сол сияқты уақтылы бермеуі немесе Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін мәліметтері жоқ есептемені, ақпаратты беруі не анық емес есептемені немесе мәліметтерді не өзге де сұратылатын ақпаратты, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы субъектiлерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың және (немесе) өтеудің қорытындылары туралы есепті бекіту, бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін ақпаратты беруі –
      лауазымды адамдарға – жүз, заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ мәлiметтердi ұсынуы –
      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 193-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының
              бұзылуы
      1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
      лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн бұзу -
      лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда бұзуы, сондай-ақ өздері орналастырған бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы -
      лауазымды адамға – екі жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 194-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу
      Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған кезде акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы –
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 194-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      195-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы
                құралдарымен мәмiлелер жасасу тәртібін,
                сондай-ақ мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
      Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 195-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
                  мақсатында мәмiлелер жасасу
      Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға – үш жүз, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 195-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар
                бойынша құқықтарды есепке алу және растау
                тәртiбiн бұзу
      1. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамға - екi жүз, заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесін немесе номиналды ұстау жүйесiн құрайтын құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар рыногының басқа кәсiби қатысушысына беру тәртібі мен шарттарын бұзуы -
      лауазымды адамға - үш жүз, заңды тұлғаға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 196-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
                  шығарудың және (немесе) орналастырудың
                  шарттары мен тәртiбiн бұзуы
      1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн, оның ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, облигациялар шығару проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы -
      лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Эмитенттің бағалы қағаздарды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы -
      заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 196-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе)
               өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс
               ету мерзiмiн бұзу
      Ескерту. 197-бапты алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      197-1-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының
                 және бағалы қағаздармен сауда-саттықты
                 ұйымдастырушының олардың қызметiне қойылатын
                 Қазақстан Республикасының заңнамасында
                 белгiленген талаптарды бұзуы
      Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының олардың қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп) бұзуы –
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 197-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506; жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының
               есеп-қисаптарды табыс ету мерзiмiн бұзуы
      Ескерту. 198-бапты алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      199-бап. Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы
                ақпаратты ашудың тәртібі мен шарттарына
                қойылатын талаптарды орындамауы
      Бағалы қағаздар эмитентінің өз қызметі туралы ақпаратты ашудың Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында белгіленген тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптарды орындамауы, сондай-ақ эмитенттің өз қызметі туралы толық емес немесе дәйексіз ақпаратты ұсынуы -
      лауазымды адамдарға - екі жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 199-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу
               жөнiндегi мiндеттi бұзу
      Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -
      лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 200-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      201-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті
               жинақтаушы зейнетақы қорларының және
               инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан
               Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы
               заңнамасын бұзуы
      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы –
      лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 201-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      201-1-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан
                  Республикасы Заңының талаптарын бұзу
      1. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың өзiнiң қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн бұзуы –
      лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Инвестициялық қордың компаниясын басқаратын акционерлiк инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
      лауазымды адамдарға – екi жүз, заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 201-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды
               бұзу
      Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 202-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан
               Республикасының заң актiлерiнде белгiленген
               шектеулердi бұзу
      Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына бір мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
      төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 203-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару
               құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның
               (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
               адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты
               есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау
               жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
      1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 204-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
       204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары
                   туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -
      айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -
      айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -
      жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -
      айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 15-тарау 204-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08 жарияланды) Заңымен.
16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      205-бап. Салық органында тіркеу есебiне қою
                мерзiмiнiң бұзылуы
      1. Салық органында тiркелу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы, жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелу есебі туралы салықтық өтініш берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2-1. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      2-2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
      жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға – сегiз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
      дара кәсiпкерлерге – он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – есепке қойылмаған кезең үшiн салық салынатын айналым сомасының он бес пайызы мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      5. Алып тасталды - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
      Ескерту. 205-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2006.12.11 N 201 (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      205-1-бап. Арнаулы салық режимiн қолданған кезде

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет