Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ



бет2/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

2-бөлiм. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ
ЖАЛПЫ БӨЛIМ
3-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ
      28-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
      1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
      2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.
      3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
      29-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
      30-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
      Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
4-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚ
      31-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар
      Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
      1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
      2) заңды тұлға.
      32-бап. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын
              жасы
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      33-бап. Ақыл-естiң кемдiгi
      Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
      34-бап. Лауазымды адамдардың және басқару функциясын
               орындайтын өзге де тұлғалардың, дара
               кәсiпкерлердiң, жеке нотариустардың, жеке сот
               орындаушылары мен адвокаттардың әкiмшiлiк
               жауаптылығы
      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Лауазымды адам қызметтiк мiндеттерiн орындамауына немесе тиiсiнше орындамауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына кiнәлi лауазымды адам жалпы негiздерде жауаптылықта болуға тиiс.
      2. Заңнамада белгiленген тәртiппен тiркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрi - дара кәсiпкерлер), жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара кәсiпкердiң және заңды тұлғаның ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлерi, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      3. Егер осы Кодекстiң нормаларында олардың лауазымды адамдар, дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
      Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша билiк өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдық-билiк ету немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
      Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      34-1-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар
                 тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың
                 ерекшеліктері
      1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады.
      2. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
      Ескерту.
      Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.
      Осы Кодекстің баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейне аппаратураны түсіну қажет.
      Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      35-бап. Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң
              күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң,
              прокурордың және өзге де адамдардың әкiмшiлiк
              құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк
              жауаптылығы
      1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 - 512-5-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясының, арнаулы мемлекеттік органдардың және кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының бюджет және салық заңнамасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.
      2-1. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға болмайды.
      3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.
      5. Тәртiп туралы жарғылардың күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мынадай құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:
      темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 439, 440, 441-баптарында, 477-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 448, 449, 450-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      өзен көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 450-453, 455-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
      азаматтық авиация қызметкерлері - осы Кодекстің 443, 446-баптарында, 447-бабының бірінші бөлігінде, 477-бабының үшінші бөлігінде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады.
      Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2001.07.12 N 240 , 2003.07.03 N 464 , 2003.12.05 N 506 , 2007.03.26 N 240 , 2007.12.19 N 11 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10. N 177-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      36-бап. Заңды тұлғалардың әкiмшiлiк жауаптылығы
      1. Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген жағдайларда заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      2. Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiмiнде көзделген әрекеттi заңды тұлғаны басқару функциясын жүзеге асыратын орган немесе адам жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, заңды тұлға әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      3. Егер осы Кодекстiң нормаларында олар жеке адамға немесе заңды тұлғаға қолданылатын-қолданылмайтыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мәнi бойынша олар тек жеке адамға қатысты және соған ғана қолданылуы мүмкiн жағдайларды қоспағанда, осы нормалар жеке адамға және заңды тұлғаға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.
      3-1. Егер осы Кодекстiң нормаларында олардың шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға немесе өзге ұйымдарға қолданылатыны көрсетiлмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша олар шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкiн болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық заңды тұлғаларға қатысты бiрдей дәрежеде қолданылады.
      3-2. Әкімшілік жаза барлық заңды тұлғаларға қатысты бірдей дәрежеде қолданылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырылатын қызмет түріне, қызметкерлердің санына және активтердің бір жылдағы орташа жылдық құнына байланысты шағын немесе орта не ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалар үшін көзделген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікте болады.
      4. Дербес салық төлеушi болып табылатын және салық салу саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      37-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың
              және азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк
              жауаптылығы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар және азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      1-1. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлға ретiнде әкiмшілiк жауапқа тартылады.
      2. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңында Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарына қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн шетелдiктер, шетелдiк заңды тұлғалар, азаматтығы жоқ адамдар жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
      3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын өзге де шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
      Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2005.02.23 N 33 Заңымен.
5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛДЫРМАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
      38-бап. Қажеттi қорғану
      1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғану шегiнен шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Өздерiнiң кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап жүгiну мүмкiндiгi болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесiлi болады.
      3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес келмеуi, осының нәтижесiнде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтiру қажеттi қорғану шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажеттi қорғаныс шегiнен асып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс емес.
      39-бап. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау
      1. Құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде, бұл адамды мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылықтар жасауын болдырмау үшiн, егер мұндай адамды басқаша құралдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Адамға қажеттiлiктен асып, шектен тыс, жағдайдан туындамаған айқын зиян келтiрген кезде, олардың ұсталған адам жасаған қол сұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сәйкес келмеуi қол сұғушылық жасаған адамды ұстау үшiн қажеттi шараларды асыра қолданушылық деп танылады. Мұндай асыра қолдану тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Қол сұғушылықты жасаған адамды ұстау құқығына оған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
      Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      40-бап. Аса қажеттiлiк
      1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен асуға жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген, жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтiрген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.
      41-бап. Негiздi тәуекел
      1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшiн негiздi тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Егер тәуекелмен байланысты емес iс-әрекеттермен (әрекетсiздiкпен) аталған мақсатқа қол жеткiзу мүмкiн болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуiн болдырмау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел негiздi деп танылады.
      3. Егер тәуекел адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрумен, экологиялық апатпен, қоғамдық жұтау немесе өзге де аса ауыр зардаптармен көрiнеу ұштасса, тәуекел негiздi деп танылмайды.
      42-бап. Күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу
      1. Егер мәжбүрлеу салдарынан адам өз iс-әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, күштеп немесе санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде осы Кодексте көзделген әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
      2. Санаға әсер етiп мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам соның салдарынан өз iс-әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы Кодекстiң 40-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
      43-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
      2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болдырмайды.
6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ
ШАРАЛАРЫ
      44-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
      1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.
      2. Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
      3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды.
      3-1. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 64-бабында көзделген тәртiппен толтырылады.
      Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      45-бап. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:
      1) ескерту жасау;
      2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
      5) арнаулы құқықтан айыру;
      6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау;
      7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
      8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
      9) әкiмшiлiк қамауға алу; V021963
      10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап  қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.10 N 174-IV, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      46-бап. Негiзгi және қосымша әкiмшiлiк жазалау шаралары
      1. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
      2. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсiпкерлiк қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкiмшiлiк жолмен кетiру негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      47-бап. Ескерту
      Ескерту әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан тұрады. Ескерту жазбаша түрде жасалады.
      48-бап. Әкiмшiлiк айыппұл
      1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, әкiмшiлiк жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшеріне сай келетiн көлемде ақша өндіріп алу.
      Осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшері:
      қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының;
      орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесі сомасының;
      төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген (аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының;
      аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) міндетті зейнетақы жарналары сомасының;
      заңсыз кәсіпкерлік нәтижесінде алынған акцизделетін тауарлар құны сомасының;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиісті түрде есепке алынбаған соманың;
      Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргізілген) мәміле (операция) сомасының;
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған табыс (түсiм) сомасының;
      құқық бұзушылық жасалған, бірақ бір жылдан аспайтын кезең үшін бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
      есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен көрсетіледі.
      Егер осы бөлiмнiң ерекше бөлімінің көзделген баптарында айыппұл мөлшері Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргізілген операция сомасының пайызымен көрсетілсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргізілсе, айыппұл сомасын теңгемен қайта есептеу әкімшілік жаза қолданылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
      2. Осы бөлiктiң екiншi абзацында көрсетiлгендi қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен кем болмайды.
      Осы бөлiктiң үшiншi абзацында көрсетiлгендi қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерi бес айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
      Ірi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерi жиырма айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайды.
      3. Осы бөлiктiң екiншi абзацында көрсетiлгендi қоспағанда, жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерiн бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
      Осы бөлiктiң үшiншi абзацында көрсетiлгендi қоспағанда, лауазымды адамға, дара кәсiпкерге, жеке нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, сондай-ақ заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерiн мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
      Ірi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
      4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы бапта көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерiнен асатын немесе одан кем мөлшерде белгiленуi мүмкiн.
      5. Осы Кодекстің 576-4-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, айыппұл Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
      6. Заңды тұлғаларды шағын немесе орта кәсiпкерлiк, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жатқызу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Ескерту. 48-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), өзгерістер енгізілді - 2006.07.07 N 174 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.29 N 116-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңдарымен.
      49-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет