Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ



бет31/34
Дата19.06.2016
өлшемі4.1 Mb.
#147845
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

46-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ
КҮШІНЕ ЕНГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШАҒЫМДАРДЫ, НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ
ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

      РҚАО-ның ескертпесі!


      847-бапты алып тастау көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      847-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


                заңды күшiне енген қаулыларды және оларға
                шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi
                бойынша қаулыларды қайта қараудың кассациялық
                тәртiбi

      1. Осы Кодекстiң 849-бабының бірінші және екінші бөліктерінде аталған адамдардың наразылығы немесе шағымы бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулылар, оларға шағым, наразылық бойынша сот қаулылары кассациялық тәртіппен қайта қаралуы мүмкін.


      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша қаулыларға кассациялық шағым немесе наразылық әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның не өзіне қатысты әкімшілік іс жүргізу тоқтатылған адамның жағдайын нашарлататын жағына қарай қаулы жарияланған күннен бастап алты ай ішінде берілуі мүмкін. Мерзім дәлелді себептермен өткізіп алынған жағдайда шағымды қарауға құқықты сот осы мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.
      3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша сот қаулыларына кассациялық шағымды, наразылықты олар түскен күннен бастап он тәулік ішінде облыстық және оған теңестірілген сот кемінде үш судьядан тұратын құраммен қарайды.
      4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша қаулыларға кассациялық шағым, наразылық осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша сот қаулыларына кассациялық шағымды, наразылықты қарауға әзірлеу, қарау және олар бойынша шешім қабылдау тәртібі осы Кодекстің 45-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
      6. Кассациялық сатыдағы сот актілері қаулылар нысанында шығарылады және осы Кодекстің 822-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді қамтуға тиіс.
      7. Кассациялық сатыдағы сот әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қаулылардың, оларға шағымдар, наразылықтар бойынша қаулылардың заңдылығын және негізділігін толық көлемде тексереді.

      848-бап. Істерді талап етіп алдырудың және заңды күшіне


                енген сот актілеріне наразылық келтіру туралы
                өтінішхаттарды қараудың тәртібі мен себептері

      1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары мен оған теңестірілген прокурорлар қадағалау тәртібімен тексеру үшін тиісті соттан талап етіп алдыра алады.


      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Кодекстің 849-бабының екінші бөлігінде аталған тұлғалардың өтінішхаттары, сол сияқты осы Кодекстің 849-бабының бірінші бөлігінде аталған прокурорлардың өз құзыреті шегінде бастамасы істерді талап етіп алдыруға себептер болып табылады.
      3. Прокурордың істі талап етіп алдыру туралы сұрау салуын сот оның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәуліктен кешіктірмей орындайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Іс талап етіліп алдырылған жағдайда қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхатты прокурор істің прокуратураға келіп түскен күнінен бастап отыз тәулік ішінде қарауға тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      5. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін қадағалау наразылығын келтіру туралы өтінішхатта:
      1) өтінішхат жолданған лауазымды тұлғаның атауы;
      2) өтінішхатты беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процестік жағдай;
      3) істі бірінші, апелляциялық және кассациялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;
      4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;
      5) материалдық не процестік құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінеді және өтінішхатты беруші адам өтінішінің неден тұратыны қамтылуға тиіс.
      6. Өтінішхатқа өтінішхатты беруші адам немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішхатқа сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.
      7. Өтінішхатқа іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса берілуге тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      848-бапты 1-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      8. Өтінішхат осы баптың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оны берген адамдарға қайтарылуға жатады.
      Ескерту. 848-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі!


      849-бапты алып тастау көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      849-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


                қаулыларға және оларға шағымды, наразылықты
                қарау нәтижелерi бойынша қаулыларға наразылық
                келтіру, шағым беру

      1. Заңды күшiне енген қаулыларға және осы Кодекстiң 847-бабында көрсетілген қаулыларға наразылық келтіру құқығы Бас Прокурорға, оның орынбасарларына, облыстардың прокурорларына және оларға теңестірілген прокурорларға тиесілі болады.


      2. Осы Кодекстiң 847-бабында көрсетілген, заңды күшiне енген қаулыларды қайта қарау туралы шағым беруге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның, жәбiрленушiнiң, аталған тұлғалардың қорғаушыларының, заңды өкiлдерi мен өкiлдерiнiң құқығы бар.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      850-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      850-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын


                тоқтата тұру

      Осы Кодекстiң 849-бабында көрсетілген, заңды күшiне енген қаулыларға наразылық келтіру осы қаулылардың орындалуын тоқтата тұрады.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      851-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      851-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


                заңды күшіне енген қаулыларды және оларға
                шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері
                бойынша қаулыларды қайта қараудың ерекше
                (қадағалау) тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша қадағалау сот алқасы Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры мен оның орынбасарларының наразылығы бойынша шағым жасаудың кассациялық тәртібі сақталған жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кез келген iс бойынша заңды күшiне енген қаулының, сол сияқты қаулыға шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша қаулының заңдылығын және негiздiлiгiн тексеруге және қабылданған шешiмдi наразылық түскен күннен бастап отыз тәулік ішінде қайта қарауға құқылы. Жоғарғы Сот алқасының қаулылары қабылданған кезден бастап заңды күшіне енеді.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Соттың әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай қайта қарауына соттың немесе уәкілетті мемлекеттік органның қаулысы заңды күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде жол берiледi.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларға, оларға шағым, наразылық бойынша сот қаулыларына наразылық келтіру осы Кодекстің 833-бабында көрсетілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      851-бапты 4-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

47-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ЗАҢДЫ


КҮШIНЕ ЕНГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ШАҒЫМДАРДЫ, НАРАЗЫЛЫҚТАРДЫ
ҚАРАУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАУЛЫЛАРДЫ ЖАҢАДАН АШЫЛҒАН МӘН-ЖАЙЛАР
БОЙЫНША ҚАЙТА ҚАРАУ

      852-бап. Қайта қарау негіздері

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулылар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін.
      2. Қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
      1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар;
      2) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға әкеп соққан куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу дұрыс емес аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
      3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
      4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою;
      5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануы негіздер болып табылады.

      853-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша


                қаулыларды және оларға шағымдарды,
                наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша
                қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша
                қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар
                (лауазымды адамдар)

      Заңды күшіне енген қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша бұл шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды.


      Сот органның (лауазымды адамның) қаулыларын қайта қараған және оны өзгеріссіз қалдырған жағдайда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.

      854-бап. Арыз беру

      1. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші немесе олардың заңды өкілдері немесе прокурор қаулы шығарған сотқа, органға (лауазымды адамға) береді.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қайта қарауға негіз болған мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады.

      855-бап. Арыздың нысаны мен мазмұны

      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      1. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызға арыз беруші тұлға немесе оның уәкілетті өкілі қол қояды.
      2. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызда:
      1) арыз берілетін соттың, органның (лауазымды адамның) атауы;
      2) арыз беруші тұлға туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар бар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні, телефонның, факстің, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер олар бар болса);
      3) арыз иесі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы өтінішхат берген актіні қабылдаған соттың, органның (лауазымды адамның) атауы; осы актінің қабылданған күні;
      4) арыз берген тұлғаның талабы; осы Кодекстің 852-бабында көзделген және бұл мән-жайдың ашылғанын немесе анықталғанын растайтын құжаттарға сілтеме жасай отырып, арыз берушінің пікірі бойынша қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы мәселені қоюға негіз болып табылатын жаңадан ашылған мән-жай;
      5) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
      3. Арызға:
      1) жаңадан ашылған мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері;
      2) арыз беруші қайта қарау туралы өтінішхат берген қаулының көшірмесі;
      3) іске қатысатын басқа тұлғаларға оларда жоқ арыздың және құжаттардың көшірмелері жіберілгенін растайтын құжат;
      4) адамның арызға қол қою өкілеттіктерін растайтын сенімхат немесе өзге де құжат қоса берілуге тиіс.

      856-бап. Арызды соттың, органның (лауазымды адамның) іс


                жүргізуіне қабылдау

      1. Нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды сақтай отырып, қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берілген арыз тиісті соттың, органның (лауазымды адамның) іс жүргізуіне қабылданады.


      2. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселе ол түскен күннен бастап үш тәулік ішінде шешіледі.
      3. Арызды іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарылады, онда арызды қарау бойынша отырыс өткізудің күні мен орны көрсетіледі.
      4. Ұйғарымның көшірмелері іске қатысатын тұлғаларға жіберіледі.

      857-бап. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта


                қарау туралы арызды қайтару

      1. Тиісті соттың судьясы, уәкілетті органның лауазымды адамы, егер арызды іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешу кезінде:


      1) арыздың осы Кодекстің 855-бабында белгіленген қағидаларды бұза отырып берілгенін;
      2) арыздың белгіленген мерзім өткеннен кейін берілгенін және мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхаттың болмауын немесе арыз берудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруден бас тартылғанын;
      3) арыздың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптардың сақталмағанын анықтаса, арыз берушіге қаулыны жаңадан ашылған  мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы берген арызын қайтарып береді.
      2. Арызды қайтару туралы ұйғарым шығарылады.
      Ұйғарымның көшірмесі арызбен және оған қоса берілетін құжаттармен бірге оның шығарылған күнінен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей арыз берушіге жіберіледі.
      3. Арызды қайтару туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін.

      858-бап. Арыз беру үшін мерзімді есептеу

      Арыз беру үшін мерзім:
      1) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген жағдайларда – іс үшін едәуір маңызы бар мән-жайлар ашылған күннен бастап;
      2) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда – сот үкімінің заңды күшіне енген күнінен бастап;
      3) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – қайта қаралатын қаулы негізделген сот үкімі, шешімі, ұйғарымы, қаулысы немесе өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісі заңды күшіне енген күнінен бастап;
      4) осы Кодекстің 852-бабы екінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген жағдайларда – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы қаулыны қабылдау күнінен бастап есептеледі.

      859-бап Арызды қарау

      Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды сот, орган (лауазымды адам) отырыста қарайды. Арыз беруші және іске қатысатын тұлғалар отырыстың уақыты мен орны туралы хабарландырылады, алайда олардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.

      860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның)


                істі қайта қарау туралы қаулысы

      1. Сот, орган (лауазымды адам) қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және қаулының күшін жояды не қайта қараудан бас тартады.


      2. Cоттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) қаулының жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тартуы туралы шешіміне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық келтірілуі мүмкін.
      3. Қаулының күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.

48-тарау. АҚТАУ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ


ҚАРАУҒА УӘКІЛЕТТІК БЕРІЛГЕН ОРГАННЫҢ (ЛАУАЗЫМДЫ АДАМНЫҢ) ЗАҢСЫЗ
ӘРЕКЕТТЕРІМЕН КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯНДЫ ӨТЕУ

      861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның


                кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, өзіне қатысты iстi тоқтату туралы қаулысы шығарылған тұлға кiнәсiз деп есептеледi және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.

      862-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға


                уәкілеттік берілген соттың, органның (лауазымды
                адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан
                келтiрiлген зиянды өтеттіруге құқығы бар
                тұлғалар

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) кiнәсiна қарамастан, іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын заңсыз қолдану салдарынан тұлғаға келтiрiлген зиян республикалық бюджеттен толық көлемде өтеледi.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеттіруге:
      1) осы Кодекстiң 745-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғалардың;
      2) егер іс бойынша iс жүргiзу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлардың болуына қарамастан басталса немесе олар анықталған кезден бастап тоқтатылмаса, iс бойынша іс жүргізу өздеріне қатысты басталмауға тиiс, ал басталғаны осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша тоқтатылуға жататын тұлғалардың құқығы бар.
      3. Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттіру құқығы белгіленген тәртіппен оның мұрагерлерiне өтеді.
      4. Егер іс бойынша iс жүргiзу процесінде тұлғаның ерiктi түрде өзiне-өзi айып тағу жолымен шындықты анықтауға кедергi келтiргендiгi және сөйтіп осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген салдардың басталуына ықпал еткенi дәлелденсе, оған зиян өтелуге жатпайды.
      5. Осы баптың қағидалары осы баптың екiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде, тұлғаға қолданылған әкiмшiлiк жазаның және басқа да әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шараларының ескiру мерзiмдерiнiң өтуiне, әкiмшiлiк жауаптылықты жоятын немесе әкiмшiлiк жазаны жеңілдететін заңның қабылдануына байланысты күшi жойылған немесе өзгерген жағдайларға қолданылмайды.

      863-бап. Өтелуге жататын зиян

      Осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалардың мүлiктiк зиянды толық көлемде өтеттіруге, моральдық зиян салдарын жойғызуға және барлық жоғалтқан немесе нұқсан келтiрiлген құқықтарын қалпына келтiруге құқығы бар.

      864-бап. Зиянды өтеттіру құқығын тану

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген судья немесе орган (лауазымды адам) тұлғаны толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдап, оның зиянды өтеттіру құқығын тануға міндетті. Iстi тоқтату туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi тұлғаға тапсырылады не поштамен жiберiледi. Бір мезгілде оған зиянды өтеу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама жiберiледi. Залалды өтеттіру құқығы бар қайтыс болған адам мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұрғылықты жерi туралы мәлiметтер болмаған кезде, олар әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген органға (лауазымды адамға) жүгiнген күнінен бастап бес тәуліктен кешiктiрілмей оларға хабарлама жiберiледi.

      865-бап. Мүлiктiк зиянды өтеу

      1. Осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғаларға келтiрiлген мүлiктiк зиян:
      1) олар айырылған жалақының, зейнетақының, жәрдемақылардың, өзге де қаражаттар мен кірістердің;
      2) судья қаулысының негiзiнде заңсыз тәркiленген мүлiктiң өтелуін қамтиды. Мүлiктi қайтару мүмкiн болмаған кезде оның құны қайтарылады;
      3) iстi шешуге уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз қаулысын орындау үшін өндіріп алынған айыппұлдардың; процестік шығындар мен заңсыз әрекеттерге байланысты тұлға төлеген өзге де сомалардың;
      4) заң көмегi көрсетілгені үшiн тұлға төлеген сомалардың;
      5) әкiмшiлiк жауаптылыққа заңсыз тарту салдарынан келтiрiлген өзге шығыстардың өтелуiн қамтиды.
      2. Осы Кодекстiң 603-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды әкiмшiлiк қамаққа алуды орындау орындарында ұстауға жұмсалған сомаларды, іс бойынша iс жүргiзуге байланысты процестік шығындарды, сол сияқты осы тұлғалардың әкiмшiлiк қамаққа алуды орындау кезiнде қандай да бір жұмыстарды орындағаны үшiн жалақысын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан келтiрiлген зиянның өтемiн төлеуге жататын сомалардан шегерiп тастауға болмайды.
      3. Осы Кодекстiң 823-бабында көрсетілген құжаттардың көшiрмесiн зиянды өтеу тәртiбi туралы хабарламамен бiрге алған кезде, осы Кодекстiң 862-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде аталған тұлғалар iстi тоқтату, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе оларды өзгерту туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) мүлiктiк зиянды өтеу туралы талаппен жүгiнуге құқылы. Егер iстi жоғары тұрған орган (лауазымды адам) немесе сот тоқтатса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) жiберiледi. Егер судья қараған iстi жоғары тұрған сот тоқтатса, зиянды өтеу туралы талап заңсыз қаулы шығарған судьяға жiберiледi. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi мәлiмдей алады.
      4. Арыз түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген орган (лауазымды адам) қажет болған жағдайларда қаржы органдарынан және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп-қисапты сұратып ала отырып, зиянның мөлшерiн айқындайды, содан кейін инфляцияны ескере отырып, осы зиянды өтеуге төлем жүргізу туралы қаулы шығарады. Егер iстi сот тоқтатса, көрсетілген әрекеттердi iстi қараған судья жүргiзедi.
      5. Елтаңбалы мөрмен куәландырылған қаулының көшiрмесi төлем жүргізуге мiндеттi органдарға беру үшiн тұлғаға тапсырылады немесе жіберіледі. Төлем жасау тәртiбi заңнамада айқындалады.

      866-бап. Моральдық зиян салдарларын жою

      1. Тұлғаны ақтау туралы шешiм қабылдаған орган (лауазымды адам) келтiрiлген зиян үшiн одан жазбаша нысанда ресми кешiрiм сұрауға мiндеттi.
      2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай түрде өтемақы туралы талап қою азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен беріледі.
      3. Егер тұлға әкiмшiлiк жауаптылыққа заңсыз тартылса, ал бұл туралы мәлiметтер баспасөзде жарияланып, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған болса, онда осы тұлғаның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның туыстарының немесе прокурордың талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралдары бiр ай iшiнде бұл туралы қажеттi хабар жасауға мiндеттi.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің заңсыз шешiмдерiнiң күшi жойылғаны туралы жазбаша хабарды он тәулік ішінде олардың жұмыс, оқу орнына, тұрғылықты жерiне жiберуге мiндеттi.

      867-бап. Талаптар қою мерзiмдерi

      1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жүргізу туралы талаптарды осы Кодекстiң 862-бабында аталған тұлғалар осындай төлемдер жүргізу туралы қаулыны алған кезден бастап бiр жыл iшiнде қоюы мүмкін.
      2. Өзге де құқықтарды қалпына келтiру туралы талаптар құқықтарды қалпына келтiру тәртiбi түсiндiрiлетін хабарлама алынған күннен бастап алты ай iшiнде қойылуы мүмкiн.
      3. Осы мерзiмдер дәлелдi себептермен өткiзiп алынған жағдайда, бұлар мүдделi тұлғалардың арызы бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) қалпына келтiруіне жатады.

      868-бап. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерiмен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды мемлекет толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмдерде қалпына келтіруге тиіс.

      869-бап. Құқықтарды талап қою тәртiбімен қалпына келтiру

      Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не тұлға қабылданған шешiммен келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа жүгiнуге құқылы.

49-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚТАН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет