793-бап. Қарап-тексеру
1. Қарап-тексеру, яғни көлік құралын, сол жердi, нәрселерді, құжаттарды, тiрi адамдарды көріп зерттеу әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың iздерiн, өзге материалдық объектiлердi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
2. Қарап-тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
794-бап. Қарап-тексеруді жүргiзудiң жалпы қағидалары
1. Қарап-тексеру, әдетте, қажеттiлiк туындаған жағдайда кідіртілмей жүргiзiледi. Қажет болған кезде, сондай-ақ қарап-тексеруге қатысушылардың талабы бойынша хаттама жасалады. Хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегi мен аты-жөні, қарап-тексерiлген адам, заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
Қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі, куәлар қол қояды. Қарап-тексерілген адам, қарап-тексерілген заттардың иесі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиісті жазба жасалады.
2. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған лауазымды адамдар жүргiзедi. Тiрi адамдарды қарап-тексерудi тексерiп қаралушымен жынысы бiрдей адам және жынысы осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзедi.
Тiрi адамның өзімен бірге алып жүрген заттарын қарап-тексеруді, яғни олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарауды осы Кодекстің 787-бабында санамаланған, оған уәкілеттік берілген лауазымды адамдар осы заттарды меншіктенуші немесе иеленуші тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің қатысуымен жүргізеді.
Тiрi адамның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де заттар бар деуге негiздер болған ерекше жағдайларда қарап-тексеру жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсiз жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың екінші бөлiгiнде көрсетiлгендердi қоспағанда, орындарды, нәрселерді, құжаттарды қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуымен жүргiзiледi. Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде, тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) қарап-тексеру куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүргiзiледi.
4. Қажет болған кезде қарап-тексеру құқық бұзушының, жәбiрленушiнiң, куәлардың, сондай-ақ маманның қатысуымен жүргiзiледi.
5. Табылған iздер мен өзге де материалдық объектiлердi қарап-тексеру әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырылады. Егер қарап-тексеру үшiн қосымша уақыт талап етілсе немесе табылған жерде қарап-тексеруге елеулi қиындықтар туындайтын болса, объектiлер алып қойылуы және оралған, мөр басылған күйiнде, зақым келтiрiлмей, қарап-тексеруге қолайлы жерге жеткiзiлуi мүмкiн.
6. Қарап-тексеру кезiнде барлық табылған және алып қойылған заттар куәгерлерге, қарап-тексерудің басқа да қатысушыларына көрсетiлуге тиiс, бұл жөнiнде хаттамаға белгi қойылады.
7. Iске қатысы болуы мүмкін объектiлер ғана алып қойылуға тиiс. Алып қойылған объектiлер оралып, мөр басылады және уәкiлеттi лауазымды адам мен куәгерлердiң қол қоюымен расталады.
8. Қарап-тексеруге қатысатын тұлғалар өздерінің пiкiрiнше iстiң мән-жайларын анықтауға септiгiн тигiзуi мүмкiн дегеннiң бәрiне уәкiлеттi лауазымды адамның назарын аударуға құқылы.
9. Қажет болған жағдайларда қарап-тексеру кезiнде қарап-тексерiлетiн объектiлер өлшенедi, олардың жоспарлары мен схемалары жасалады, сондай-ақ суретке түсiрiледi және өзге де құралдармен түсiрiлiп алынады, бұл жөнінде хаттамаға белгi жасалып, оған көрсетілген материалдар қоса тiркеледi.
10. Қарап-тексеру хаттамасының көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
795-бап. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары
мен құжаттарын алып қою
1. Құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған, құқық бұзушылықтар құралы не нысанасы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қоюды іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң тиiстi шараларын қолдануға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар екi куәгердiң қатысуымен жүзеге асырады.
Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиiстi қатынас құралдары болмаған кезде немесе басқа да объективтi себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретiнде тартуға мүмкiндiк болмаған кезде) құқық бұзушылық жасалған жерде не осы Кодекстiң 785-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз ету шараларын қолдану кезiнде табылған құқық бұзушылықтар құралы болып табылатын құжаттар мен заттарды алып қою куәгерлердiң қатысуынсыз, бiрақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерiн тіркеудің техникалық құралдары қолданыла отырып жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Заттар мен құжаттарды алып қою туралы хаттама жасалады, оның көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаға немесе оның заңды өкiлiне тапсырылады не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
3. Құжаттар мен заттарды алып қою туралы хаттамада (әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада) алып қойылған құжаттардың түрi мен деректемелері, алып қойылған заттардың түрi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде алып қойылған қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, сериясы, нөмiрi, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, оқ-дәрiлердiң, арнаулы жедел iздестiру шараларын өткiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдарының саны мен түрi туралы мәлiметтер қамтылады.
4. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам, куәгерлер қол қояды. Өзiнен тиiстi құжаттары мен заттары алып қойылған адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, оған тиiстi жазба жасалады.
5. Алып қойылған заттар мен құжаттар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қаралғанға дейiн алып қоюды жүргiзген лауазымды адам айқындайтын орындарда тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен сақталады.
6. Алып қойылған атыс қаруы мен өзге де қару, сондай-ақ оқ-дәрiлер, арнаулы жедел-iздестiру шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар және ақпаратты қорғаудың криптографиялық құралдары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi айқындайтын тәртiппен сақталады.
7. Iс қаралғаннан кейiн шығарылған қаулыға сәйкес алып қойылған құжаттар мен заттар олардың иесiне қайтарылады немесе тәркiленедi немесе өткізіледі немесе сақталады немесе белгiленген тәртiппен жойылады. Жол жүрiсi саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша алып қойылған құжаттар iс бойынша қабылданған қаулы орындалғанға дейiн сақталады.
8. Егер адам жасаған әкімшілік құқық бұзушылық үшін осы Кодексте көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде санкция көзделген жағдайда ғана көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі алып қоюға жатады. Басқа жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылғаннан кейін көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі тез арада иесіне қайтарылады.
9. Жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге жiберу туралы қаулы бойынша алып қойылған жүргiзушi куәлiгi немесе жүргiзушi куәлiгiнiң орнына берiлген көлiк құралын басқару құқығына куәлiк, иесi жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырған жағдайда жүргiзушiге қайтарылады.
Жүргiзушi емтиханға жiберу туралы қаулыны алған күннен бастап екi ай iшiнде жол жүрiсi қағидаларын бiлуiн тексеруге арналған емтиханды тапсырмаған кезде, қаулы шығарған лауазымды адам Қазақстан Республикасының жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласындағы заңнамасында көзделген шараларды қолданады.
Алып қойылған жүргiзушi куәлiгiнiң орнына жүргiзушiге уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша уақытша куәлiк берiледi.
10. Көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері екі куәгердің және (немесе) көлік құралы меншік иесінің қатысуымен ғана алып қоюға жатады, бұл ретте мемлекеттік нөмірлерді алып қоюды жүргізетін уәкілетті лауазымды адам көлік құралының иесіне алып қоюды жүргізудің негізін түсіндіруге міндетті. Салынған айыппұлды өндіріп алу мақсатында көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін алып қоюды жүргізуге тыйым салынады.
11. Алып қойылған орден, медаль, Қазақстан Республикасының, Қазақ КСР-iнiң, КСРО-ның және басқа да мемлекеттердiң құрметтi атағының төсбелгiсi олардың заңды иесiне қайтарылады, ал егер ол белгiсiз болса, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жiберiледi.
12. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттары мен құжаттарын алып қою осы Кодекстің 785-бабының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін ерекше жағдайларда ғана жүргізіледі. Осы шараны осы Кодексте көзделмеген мақсаттар үшін қолдану заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
796-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді
кемені басқарудан шеттету және масаң күйiн
куәландыру
1. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаратын жүргiзушi, кеме жүргiзушi масаң күйде деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болса, олар көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттетiлуге және масаң күйiн куәландыруға жатады.
2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетудi, масаң күйiн куәландыруды және медициналық куәландыруға жiберудi: Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының және көлiктік бақылау органдарының көлiк құралын басқаратын адам құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда – тиiсiнше ішкі істер органдарының, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
3. Масаң күйiн куәландыруға жiберу, масаң күйiн куәландыру және оның нәтижелерiн ресiмдеу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Жүргiзушi, кеме жүргiзушi куәландыру нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, олар медициналық куәландыруға медициналық мекемеге жiберiледi.
4. Масаң күйiн куәландыру үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттету туралы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға белгi жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада куәландырудан өткiзу үшiн көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқарудан шеттетiлген күн, уақыт, орын, негiздер көрсетiледi. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға не оның заңды өкiлiне тапсырылады.
6. Масаң күйiн куәландыру актiсi тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
Ескерту. 796-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
797-бап. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді
кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым
салу
1. Мынадай:
1) осы Кодекстiң 367, 368, 370, 372, 381, 382, 383, 392, 393, 394, 395, 396, 506, 510, 511, 512, 513, 514, 515, 516, 517, 571, 572, 573, 574, 575, 581, 582, 586, 589, 590 (екiншi, үшiншi және төртінші бөлiктерiнде), 593 (екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде), 597 (үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 612 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 613 (екiншi бөлiгiнде), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 606, 607, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралдарын, кемелерді, оның iшiнде шағын көлемдi кемелердi уақытша сақтау үшiн оларды арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа да көлiк құралын (эвакуаторды), кеменi немесе шағын көлемдi кеменi пайдалана отырып жеткiзу арқылы ұстап алу себептерi жойылғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға құқылы;
2) осы Кодекстiң 573, 575, 593 (екiншi, үшінші, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде)-баптарында көрсетiлген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам шетелдiктерге немесе шетелдiк заңды тұлғаларға тиесiлi көлiк құралдарын уақытша сақтау үшiн оларды арнайы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға, оның iшiнде басқа көлiк құралын (эвакуаторды) пайдалана отырып жеткiзу арқылы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы орындалғанға дейiн ұстап алуға, жеткiзуге және пайдалануға тыйым салуға;
3) осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөлiктерiнде), 597 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 610, 611-баптарында көрсетілген бұзушылықтар жасалған кезде осы баптың екiншi бөлiгiнде аталған уәкiлеттi лауазымды адам көлiк құралын пайдалануға тыйым салу себептерi жойылғанға дейiн мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн алып қою арқылы көлiк құралдарын пайдалануға тыйым салуға құқылы.
Көлiк құралын уақытша сақтау үшiн арнаулы алаңдарға, тұрақтарға немесе стационарлық көлiктiк бақылау бекетiне iргелес жатқан алаңдарға оны жеткiзу (эвакуациялау) көлiк құралы жүргiзушiсі тоқтау немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған және өздерi сол жерде болмаған жағдайларда, сондай-ақ жүргiзушiлердiң қайда екенiн анықтау мүмкiн болмаса, олар жолда қараусыз қалдырған көлiк құралдарына қатысты да қолданылуы мүмкiн.
2. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алуды, жеткiзудi және пайдалануға тыйым салуды Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлері мен әскери құралымдарының, өз өкiлеттiктерi шегiнде көлiктік бақылау органдарының, орман және аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, балық қорғау органдарының (орман, балық, аңшылық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнаманы бұзған кезде) көлiк құралын басқаратын адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, әскери полицияның қызметкерлері жүргiзедi.
3. Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу туралы белгiленген нысандағы акт жасалады және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қоса тiркеледi.
Пайдалануға тыйым салынатын ақауы бар немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған, немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген, немесе мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ не жасырын, қолдан жасалған немесе ұлттық стандартқа сай емес нөмiр белгiлерi бар көлiк құралын, шағын көлемдi кеменi пайдалануға тыйым салынады.
4. Ұстап алынған көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені сақтау жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылатын және коммуналдық меншiк болып табылатын арнаулы алаңдарда немесе тұрақтарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 797-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
798-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды,
тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi
құжаттарды қарап-тексеру
1. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексерудi осы Кодекстiң 804-бабына сәйкес заңды тұлғалардың әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары туралы хаттамалар жасауға уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдар жүргiзедi.
2. Қарап-тексеру заңды тұлға өкiлiнiң және екi куәгердiң қатысуымен жүргiзiледi.
3. Қарап-тексеруді жүргiзу туралы хаттама жасалады. Хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасында оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, тиiстi заңды тұлға туралы, сондай-ақ оның заңды өкiлiнің не өзге де қызметкерiнің жеке басы туралы мәлiметтер, қарап-тексерiлген аумақтар мен үй-жайлар, тауарлар мен басқа да заттардың түрлерi, саны, өзге де сәйкестендіру белгiлерi, құжаттардың түрлерi мен деректемелері туралы мәлiметтер көрсетiледi.
5. Қарап-тексеру хаттамасында оны жүргiзу барысында фото- және кинотүсiрiлiмдерi, бейнежазбалар, құжаттарды тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылғаны туралы жазба жасалады. Фото-, кинотүсiрiлiмдерiнiң, бейнежазбалардың, заттай дәлелдемелердi тіркеудiң белгiленген өзге де құралдары нәтижесiнде алынған материалдар тиiстi хаттамаға қоса беріледi.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру хаттамасына оны жасаған лауазымды адам, оның өкiлi не кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда заңды тұлғаның қызметкерi, сондай-ақ куәгерлер қол қояды. Аталған заңды тұлғаның өкiлi немесе өзге де қызметкерi хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиiстi жазба жасалады.
799-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiктi алып
қою
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған, заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде не заңды тұлғаға тиесiлi аумақтарды, үй-жайларды, көлiк құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiкті қарап-тексеруді жүргiзу кезiнде табылған құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi, нәрселерді алып қоюды осы Кодекстiң 804-бабында аталған лауазымды адамдар, сондай-ақ осы Кодекстiң 235, 236, 237, 416-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасауға құқығы бар уәкiлеттi лауазымды адамдар жүзеге асырады. Заңды тұлғаға тиесiлi құжаттарды, тауарларды, өзге де мүлiктi алып қоюды ресiмдеу, сондай-ақ оларды сақтау осы Кодекстiң 795-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
800-бап. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк
құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу
1. Заңды тұлғаға тиесiлi, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралдары не нысанасы болған тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша, iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне оларға билiк етуге (ал қажет болған жағдайларда пайдалануға да) тыйым салу туралы хабарлана отырып, көрсетілген тауарлардың, көлiк құралдарының және өзге де мүлiктiң тiзiмдемесiн білдіреді және егер осы тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi алып қою мүмкiн болмайтын және (немесе) олардың сақталуын алып қоюсыз қамтамасыз ету мүмкiн болатын жағдайда қолданылады. Тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк тыйым салған лауазымды адам тағайындаған басқа тұлғаларға жауапкершiлiкпен сақтауға берiлуi мүмкiн.
2. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салуды тауар, көлiк құралы және өзге де мүлiк иесi мен екi куәгердiң қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында, 804-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған, осыған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адамдар жүзеге асырады.
Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларда, тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу олардың иесiнiң қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба қолданылады.
4. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттама жасалады. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттамада оның жасалған күнi мен орны, хаттама жасаған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөнi, өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлға туралы және иелiгiнде тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлкi бар тұлға туралы мәлiметтер, олардың тiзiмдемесi және сәйкестендiру белгiлерi көрсетiледi, сондай-ақ фото- және кинотүсiрілімдері, бейнежазбалар қолдану туралы жазба жасалады. Фото- және кинотүсiрілімдер, бейнежазбалар қолданылып, тыйым салуды жүзеге асыру кезiнде алынған материалдар хаттамаға қоса беріледi.
5. Қажет болған жағдайларда тыйым салынған тауарлар, көлiк құралдары және өзге де мүлiк оралады және (немесе) оларға мөр басылады.
6. Заңды тұлғаға тиесiлi тауарларға, көлiк құралдарына және өзге де мүлiкке тыйым салу туралы хаттаманың көшiрмесi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның өкiлiне тапсырылады.
7. Заңды тұлғаға тиесiлi, тыйым салынған тауарларды, көлiк құралдарын және өзге де мүлiктi өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң осы шарасы қолданылған заңды тұлғаның не тыйым салынған мүлiктi сақтауды жүзеге асыратын тұлғаның иелiктен шығаруы немесе жасыруы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
801-бап. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата
тұру не оған тыйым салу
1. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды не оларға тыйым салуды әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасағаны үшін қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түріндегі әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін, ол туралы хаттама жасауға осы Кодекстің 804-бабына сәйкес уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жүзеге асырады. Қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұруға не оларға тыйым салуға үш тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі. Көрсетілген мерзімде орган (лауазымды адам) сотқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарды жіберуге міндетті.
2. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт жасалады, онда осы шараны қолданудың негізі, оның жасалған күні мен орны, акт жасаған лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға туралы мәліметтер, қызметіне уақытша тыйым салынған қызмет объектісі, қызметтің нақты тоқтатылған уақыты, тұлғаның түсініктемесі және істі дұрыс шешу үшін қажетті өзге де деректер көрсетіледі. Бұл ретте қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы акт сот шешімін шығарғанға дейін қолданыста болады.
3. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіге оны жасаған лауазымды адам, қызметі уақытша тоқтатылған жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қояды. Егер аталған тұлғалардың біреуі актіге қол қоймаған жағдайда, лауазымды адам бұл жөнінде актіде тиісті жазба жасайды.
4. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актінің көшірмесі қызметі уақытша тоқтатылған тұлғаға қолхатпен тапсырылады.
5. Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру не оларға тыйым салу туралы актіні жасаған лауазымды адам пломбаларды салуды, үй-жайларға, тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтар сақталатын орындарға, кассаларға мөр басуды жасайды, сондай-ақ актіде көрсетілген тұлғалардың қызметті уақытша тоқтатуға қажетті іс-шараларды орындау бойынша басқа да іс-шаралар қолданылады.
41-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕРДІ ҚОЗҒАУ
802-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшін
себептер мен негiз
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға:
1) осы баптың үшінші бөлiгiнiң ережелерiн ескере отырып, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн уәкiлеттi лауазымды адамның тiкелей анықтауы;
2) құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттiк органдардан, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарынан түскен материалдар;
3) жеке және заңды тұлғалардың хабарламалары немесе мәлiмдемелерi, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарламалар;
4) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының, сондай-ақ сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен автоматты режимде жұмыс iстейтiн және жолдағы жағдайды фото-, бейнетүсiрiлiм арқылы көлiк құралының жүру жылдамдығы мен бағытын, жол жүрiсiне басқа да қатысушылардың iс-қимылдарын айқындау арқылы автомобиль көлiгi және жол жүрiсi қауiпсiздiгi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуын тiркейтiн бақылау аспаптарының көрсеткiштерi себептер болып табылады.
2. Іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын, осы Кодекстің 741-бабында көзделген мән-жайлар болмаған кезде, әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерiн көрсететiн жеткiлiктi деректердiң болуы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау үшiн негiз болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргiзiлген тексерудiң нәтижесi тексерілетін субъектіге қатысты осы баптың бiрiншi тармағының 1) тармақшасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауға негiз болып табылады.
Осы бөліктің күші «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3, 4-тармақтарында және 12-бабының 3-тармағында көзделген салаларда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласында бақылау және қадағалау жүзеге асырылған кезде және салық органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған деп есептеледі.
Егер әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркеген жағдайда, сондай-ақ істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
Ескерту. 802-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық нысаны да пайдаланылуы мүмкін.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:
1) хаттама жасалған күнi мен орны;
2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;
5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;
6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;
7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы түсіндіріледі.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол қояды.
6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.
7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға хабарлана отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 803-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар
жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
1) iшкi iстер органдарының (73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 422, 423 (екінші бөлігі), 427, 433 (екінші бөлігі), 434, 435, 436, 438 (үшінші бөлігі), 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 442 (үшінші бөлігі), 443 (екінші бөлігі), 444 (бірінші бөлігі), 445 (бірінші және он бірінші бөліктері), 446, 448, 449 (екінші және үшінші бөліктері), 450, 453, 461, 462, 463, 469 (екінші бөлігі), 470 (екінші бөлігі), 476, 477, 478, 479, 480, 481, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 489 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 495 (екінші бөлігі), 496 (екінші бөлігі), 506, 512 (екінші бөлігі), 513 (екінші бөлігі) 514 (екінші бөлігі), 517 (екінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері), 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 604 (екінші бөлігі), 605 (үшінші және төртінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 654 (590, 591, 592, 593, 594, 595, 596, 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603, 604, 605, 606, 607, 608, 609, 610, 611, 612, 613-баптарда көзделген құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 662, 663, 665, 669, 674, 675-баптар);
2) азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299-бап (екiншi бөлiгi) (бөгеттердің қауіпсіздігін қоспағанда), 312-бап (екінші бөлігі), 314,410-1, 416 (өрт және жарылу қаупi бөлiгiнде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
3) жекелеген жерлер комендатураларының (476, 478-баптар);
4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының – әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасы басқа әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651, 652-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының – осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi),
596 (үшінші және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының – осы Кодекстің 506, 590 (төртінші бөлігі), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екінші бөліктері), 606 (екінші бөлігі), 607 (екінші бөлігі), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 652-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680-бабы бойынша әскери бөлімдердің командирлеріне қатысты;
7) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (299 (екінші бөлігі) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 360 (бірінші бөлiгi), 462, 463-баптар);
8) ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тағамдық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
9) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың (160 (екiншi бөлiгi), 382 (екінші, үшiншi бөлiктерi), 383 (үшiншi және төртінші бөлiктерi), 385 (екiншi бөлiгi), 389, 392 (үшінші бөлігі), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екінші бөлiгi), 398, 462, 463-баптар);
10) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның (139 (екiншi бөлiгi), 326 (үшінші және төртінші бөліктері), 333 (екiншi бөлiгi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 397 (төртінші бөлiгi), 399 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
11) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылау органдарының (416, 462-баптар);
12) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органның (75 (бірінші, екінші, бесінші және алтыншы бөліктері) 145-баптар);
13) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның (187 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктері), 462, 465-баптар);
РҚАО-ның ескертпесі!
14) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның (214, 444 (бірінші бөлігі), 445-баптар);
15) өсiмдiктер карантинi және оларды қорғау жөнiндегi органдардың (400 (екінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
16) тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы органдардың (462-бап);
17) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (екiншi, жетiншi, он үшiншi бөлiктерi (биоотын өндiрiсi бөлiгiнде);
18) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның (169-бап (оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi (биоотын айналымы бөлiгiнде), он төртiншi бөлiктерi);
19) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (407 (екiншi және үшінші бөліктері), 463-баптар);
20) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша);
РҚАО-ның ескертпесі!
21) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының (312 (екiншi бөлiгi), 313, 314, 316 (екiншi бөлiгi), 317 (төртінші бөлiгi), 319, 462, 463-баптар);
22) санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының (151 (екiншi бөлiгi), 193 (екінші және үшінші бөлiктерi), 282 (үшінші және төртінші бөліктері), 312 (екінші бөлiгi), 314, 413, 416 (тағамдық өнiмге, ойыншықтарға, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 425 (екiншi бөлiгi), 426 (екінші және үшінші бөліктері), 430 (екінші бөлiгi), 462, 476-баптар);
23) байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органның (416 (байланыс құралдарына қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 464 (екінші бөлiгi), 636 (екiншi бөлiгi), 637 (төртінші бөлiгi), 638 (екінші бөлігі)-баптар);
24) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның (462, 564 (бесінші бөлiгi), 569 (бірінші, екінші және төртінші бөліктері)-баптар);
25) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның (416 (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462, 463, 563 (екінші бөлігі)-баптар);
26) көлiктік бақылау органдарының (462, 463, 464 (екінші бөлігі), 583 (екiншi бөлiгi), 613 (екiншi бөлiгi), 618, 629 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтардан басқа)-баптар);
РҚАО-ның ескертпесі!
27) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi органдарының (185 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 214 (бұл бұзушылықтарды аудиторлар, аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 216, 219, 233 (үшінші бөлігі), 235, 236, 237, 239-1, 245, 246, 246-1 (бұл бұзушылықтарға квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде жол берілгенде), 247 (тоғызыншы және он бірінші бөліктерінде), 462-баптар;
28) алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
29) акцизделетiн өнiм өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдардың (282 (үшiншi, төртiншi, алтыншы, жетiншi, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөлiктерi), 281 (төртiншi, бесінші және алтыншы бөлiктерi), 283, 463, 464 (екінші бөлігі)-баптар);
30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің (154, 158, 173,
174 (екінші бөлігі), 357, 465, 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);
31) мемлекеттік кіріс органдарының (150, 151 (екінші бөлігі), 153, 154, 158, 174 (екінші бөлігі), 176, 182, 183, 190 (үшінші және төртінші бөліктері), 246 (бесінші және алтыншы бөліктері), 281 (төртінші, бесінші және алтыншы бөліктері), 282 (үшінші, төртінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, он бірінші және он үшінші бөліктері), 283, 357, 398, 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 467, 489 (бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері), 528 (бірінші бөлігі), 532, 541, 543 (бірінші және үшінші бөліктері), 544, 545, 548 (екінші бөлігі), 549, 550, 551 (екінші бөлігі), 552 (екінші бөлігі), 590 (төртінші бөлігі), 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667-баптар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған, 400 (екінші бөлігі) және 425 (екінші бөлігі)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша)
32) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның
(305 (газбен жабдықтау жүйелерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306 (үшінші, төртінші және бесінші бөлiктері), 307, 308,
312 (екінші бөлiгi), 314, 416 (өрт және жарылыс қаупі бөлігінде машиналар мен жабдыққа, химиялық өнімге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
33) әдiлет органдарының (158, 214, 462, 467, 668-баптар);
РҚАО-ның ескертпесі!
34) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34) заңнамаға сәйкес лицензиарлар болып табылатын органдар (312 (екінші бөлігі), 313, 314, 316 (екінші бөлігі), 319, 392 (үшінші бөлігі), 462, 463, 464 (екінші бөлігі), 465, 467, 621 (үшінші бөлігі)-баптар);
35) табиғи монополиялар салаларында және реттелетiн нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның (171 (бірінші және үшінші бөліктері (мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын асыру бойынша), 462-баптар);
РҚАО-ның ескертпесі!
36) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
36) кәсiпкерлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның (175, 462, 465-баптар);
37) техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы органдар мен олардың аумақтық органдарының (193 (екінші бөлігі), 415 (екінші бөлігі), 416, 417 (бірінші және алтыншы бөліктері), 419 (екінші бөлігі), 445 (үшінші, сегізінші және он екінші бөліктері), 462, 463, 638 (екінші бөлігі)-баптар);
38) мемлекеттiк энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органдардың (462, 463-баптар);
39) индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (416-бап (машиналар мен жабдыққа, химиялық өнiмге, ойыншықтарға қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша));
РҚАО-ның ескертпесі!
40) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
40) сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның (185 (бұл бұзушылықтарды биржалық брокерлер және (немесе) биржалық дилерлер, сондай-ақ тауар биржаларының жұмыскерлерi жасаған кезде), 214-баптар);
41) заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның (184, 185 (Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу бөлігінде), 462, 463-баптар);
42) мұнай және газ саласындағы уәкiлеттi органның (170, 171 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткiзудiң шектi бағаларын асыру бойынша), 356 (он төртінші бөлігі), 463-баптар);
43) атом энергиясы жөнiндегi органдардың (413, 414, 416 (машиналар мен жабдыққа қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылық бойынша)-баптар);
44) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің (382 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 383 (үшінші және төртінші бөлiктерi), 395 (екiншi бөлiгi), 396 (екiншi бөлiгi), 506,
512 (екiншi бөлiгi), 513 (екiншi бөлiгi), 514 (екiншi бөлiгi), 516,
517 (екiншi, төртiншi, алтыншы және жетінші бөлiктерi)-баптар);
45) ұлттық қауіпсіздік органдарының (453 (екінші және үшiншi бөлiктерi) (мемлекеттiк құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 462, 477-баптар);
46) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнің (149, 425 (екiншi бөлiгi), 436, 477, 482, 485 (екiншi бөлiгi), 488, 506, 606 (екінші бөлігі)-баптар);
47) Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (216, 219, 233 (үшiншi бөлiгi), 235, 236, 237, 247 (алтыншы бөлiгi), 405 (бiрiншi бөлiгi), 462-баптар);
48) мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдарының (86 (төртінші бөлігі), 416 (химиялық өнiмдерге қойылатын қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтар бойынша), 462-баптар);
49) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның (409 (жетiншi бөлiгi), 462, 463-баптар);
50) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарының (199 (екінші бөлігі), 320 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 401 (алтыншы және жетінші бөліктері), 402 (төртінші бөлігі), 404 (тоғызыншы бөлігі), 451, 452 (үшінші, төртінші, алтыншы бөліктері және тоғызыншы бөліктің 4), 5) және 6) тармақшалары), 453, 454 (екінші бөлігі), 455 (төртінші бөлігі), 456, 463, 464 (екінші бөлігі), 490-баптар);
51) монополияға қарсы органның (159, 160 (екінші бөлігі)-баптар);
52) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі органдардың (80 (төртінші бөлiгi), 81 (екiншi бөлiгi), 82 (екінші бөлігі), 409 (жетінші бөлігі), 424 (үшінші және бесінші бөлiктерi), 462, 463-баптар);
53) дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналысы саласындағы органның (426 (екінші және үшінші бөліктері) және 463-баптар);
54) ғарыш қызметi саласындағы уәкiлеттi органның (310, 311-баптар);
55) дiни қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның
(490-бап (екінші, алтыншы және сегізінші бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);
РҚАО-ның ескертпесі!
56) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
56) мемлекеттік сот орындаушыларының (663, 666, 669, 673-баптар);
57) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлеттік берген сот приставтарының және соттардың басқа да қызметкерлерiнің (653, 654, 655, 656, 657, 658, 659, 660, 661, 662, 663, 664, 666, 667, 673-баптар);
58) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмдерi уәкiлеттік берген лауазымды адамдарының (656-бап);
РҚАО-ның ескертпесі!
59) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
59) пошта байланысы саласындағы уәкілетті органның (214-бап);
60) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (99-бап);
61) түзеу мекемелерінің немесе тергеу изоляторларының (481-бап);
62) ақпарат саласындағы уәкілетті органның (451 (екінші бөлігі), 452 (тоғызыншы бөлігінің 4), 5) және 6) тармақшалары), 509-баптар);
63) жерді пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдарының (462-бап) уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының құқығы бар.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің уәкілетті жұмыскерлерінің де құқығы бар (86 (төртінші бөлігі), 185, 211 (бірінші бөлігі), 214 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 245, 251, 252 (екінші бөлігі), 462 (бірінші, екінші, үшінші (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), төртінші және бесінші бөліктері), 463, 464 (екінші бөлігі), 467-баптар).
3. Осы Кодекстiң 685 – 735-баптарында көрсетiлген органдардың құзырына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлеттік берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Бұдан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:
1) көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдарының (230 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 581 (екінші бөлігі), 582, 583 (үшінші бөлігі), 586, 621 (төртінші бөлігі), 622 (бірінші бөлігі), 623, 625 (автомобиль көлiгiнде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн)-баптар);
2) орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (138, 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 385 (бірінші бөлігі), 392 (екінші бөлігі), 394 (бірінші және екінші бөліктері), 395 (бірінші бөлігі), 396 (бірінші бөлігі)-баптар);
3) жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (382, 383 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);
4) күзету iс-шараларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметiнiң лауазымды адамдарының (297, 504, 614, 675-баптар);
5) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органдары лауазымды адамдарының (437, 440 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 441, 444 (екінші бөлігі) 484, 485 (бірінші бөлігі) құқығы бар.
Ескерту. 804-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 272-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 378-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
805-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс
бойынша іс жүргізуді қозғауы
1. Прокурор осы Кодекстің 74, 75, 76, 77, 78, 79, 81, 82, 82-1, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 129, 130, 173, 189, 214, 361, 362, 363, 439, 451, 452, 453, 455, 456, 457, 465, 490, 498, 507, 508, 653, 660, 666, 675, 680-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iс қозғау жөнінде қаулы шығарады.
2. Прокурор іс қозғау туралы және өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы қаулы шығаруға құқылы.
3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы қаулысында осы Кодекстiң 803-бабында көзделген мәлiметтер қамтылуға тиiс.
Ескерту. 805-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау
мерзiмдерi
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистік қызметті, жосықсыз бәсекелестікті, сондай-ақ мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерін жүзеге асыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайларда, хаттама тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылдағаннан кейін дереу жасалады.
4. Салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар анықталған жағдайларда, хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
5. Осы Кодекстің 897-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда, хаттама осы Кодекстің көрсетілген бабында белгіленген мерзім өткеннен соң бір тәулік ішінде жасалады.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде, ал осы Кодекстiң 210, 217, 218, 220, 222, 227 (бірінші және екінші бөліктерінде), 239 (үшiншi және төртінші бөліктерінде), 243, 244, 251, 252, 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 571, 572, 573, 574, 575, 576, 593 (бiрiншi бөлiгiнде – бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктердi тасымалдау қағидаларын бұзушылықтар болып табылған кезде; екiншi, үшiншi, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөлiктерiнде) және 609-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған тұлға табылған кезден бастап он тәулік ішінде жасалады.
7. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған кезден бастап екі тәулiк iшiнде жасалады.
8. Осы Кодекстің 324 (бiрiншi бөлiгi), 337 (бiрiншi бөлiгi), 344, 347, 394 (екiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерiн белгiлеу талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының мөлшерi белгiленген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде жасалады.
9. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке тұлғаның анықталмауына байланысты орындалуы мүмкiн емес жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.
807-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
жасалмайтын жағдайлар
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама:
1) ескерту түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жағдайларда, егер тұлға құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаса;
2) егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптарымен тіркелсе, жасалмайды. Айыппұл арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралының немесе аспабының көрсеткіштері қоса беріліп, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, бұл жөнінде көлік құралының меншік иесі (иесі) тиісті түрде хабардар етіледі;
3) егер адам әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін мойындаған және жазаның қолданылуымен келіскен, сондай-ақ осы Кодекстің 897-бабына сәйкес айыппұлды төлеген жағдайда, мемлекеттік кіріс органдары қарайтын істер бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде;
4) жеке тұлғалар бұзылған құқықтарын қалпына келтiру туралы арызбен жүгінген кезде осы Кодекстiң 74, 75, 76, 78, 81, 82, 82-1, 83, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125, 126, 128, 130 және 132-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi сот құқық бұзушылық туралы хаттама жасамай қарайды;
5) егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу прокурор қаулысымен қозғалса және судья (сот) тікелей соттың қарауы барысында осы Кодекстің 684-бабының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда сотты құрметтемеушілік фактісін анықтаған кезде жасалмайды.
2. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны оған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлға ескерту жасау туралы қаулының екiншi данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзiнiң келiсімiн растайды.
Ескерту. 807-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2015 № 315-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
808-бап. Хаттаманы (прокурордың қаулысын) iстi қарау үшiн
жiберу
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) қарау үшiн жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде судьяға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) жiберiледi.
Жасалғаны үшiн жауаптылық әкiмшiлiк қамаққа алуды қолдануға әкеп соғуы мүмкiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама (прокурордың қаулысы) ол жасалғаннан кейiн судьяға дереу жiберiледi.
РҚАО-ның ескертпесі!
808-бапты үшінші абзацпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
809-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс
жүргiзудi iстi қарауға бергенге дейiн тоқтату
Осы Кодекстiң 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде, жүргiзуінде iс жатқан лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы шығарады.
42-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІС БОЙЫНША
Достарыңызбен бөлісу: |