Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет87/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95
екінші болма

Өзіне ұнау. Ал одан да бұрын, өзіңнің ең басты су- 
дьяңды ұмытпа. Ол – өзің. Психолог Натаниель Бранден- 
де «Өз алдыңда репутация жасау» деген ұғым бар. Өзіңді 
жақсы сезіну үшін, өзің туралы пікірің де жақсы болу 
керек. Және, әрине, оған негіз де керек. Өзін тежей ал- 
майтын, құштарлығын меңгере алмайтын, қорқынышын 
құлыптай алмайтын, салмағын дене басқара алмайтын, 
өз уақытын, өз қарым-қатынастарын реттей алмайтын, 
тәртібі жоқ адам өзін құрметтей алмайды. 
Бір қорқынышымды жеңдім, бағам өсті. Өзімнің ал- 
дымда. Бір азыруға төтеп бердім. Бағам өсті. Өзімнің 
алдымда. Осы үрдіс бәрінен де маңызды. Өйткені сен 
өзіңізді құрметтеген кезде өзгелерді де құрметтей бастай- 
сың және оларда сені құрметтей түседі. Тіпті конструк- 
тивті емес сын естіген кезде сен оның конструктивті емес 
екенін біліп тұрасың. Егер өзің туралы пікірің төмен бол- 
ca, әрине сен эмоционалды тұрғыда қорғансызсың. 
Біреу сені сынады ма, келісуің міндет емес, қарсы 
шығып, жанжалға дейін баруың мүмкін. Бірақ іштей 
жеңіліп тұрсың. Өйткені оныкі дұрыс екенін білесің. 
Іштей өз бағаңды білесің ғой. Тыңда, сен сияқты ешкім 
де өзіңді білмейді. Өйткені ешкім дәл өзің сияқты жиы- 
рма төрт сағатты сенімен бірге өткізбейді. Сондықтан 
сенің өзің туралы пікірің бәрінен де маңызды. 
Әрқайсымыз әртүрліміз. Соған сәйкес, әрқайсымыз- 
дың күресетін қарсыласымыз, алысатын дұшпандары- 
мыз да басқа. Көрсекызар үшін ол керек емес затты са- 
тып алудан сактану болуы мүмкін. Қызқұмар үшін зина 


210
жасаудан сақтану болуы мүмкін. Мешкей үшін тамақтан 
сақтану болуы мүмкін. Ақшаны қажет емес нәрсеге, ар- 
тық шоколадқа жұмсамау, некеге адалдықты сақтап қалу 
да өзіңе деген құрметіңді арттырудағы бір қадам. 
Дисциплинаға үйрену. Адамның жеңісі арманда- 
рының масштабына және жоспарларының миссиясына 
сәйкес келетініне байланысты. Арманды миссияға, мис- 
сияны шындыққа айналдыратын құдірет дисциплина 
(тәртіп) деп аталады. Көбіміздің үлкен жеңістерге жете 
алмайтынымыздың бір себебі – өзімізді тізгіндей алмай- 
тынымыз. 
Егер сенің де дисциплинаңмен жұмыс істеу керек 
екенін сезсең, ең алдымен қай салада кемшін түсіп жатқа- 
ныңды анықта. Мысалы, кей адамдар жоқшылықтың yы- 
сынан шыға алмайды. Ал одан шығу үшін, біріншіден, 
жұмыс істеу керек, екіншіден, ақша жинау керек. Ақша 
жинау үшін де дисциплина керек. Әр жалақыны, табыс- 
тың, кірістің отыз пайызын жинауды әдетке айналдырып 
отыру қажеттігі жалпыға белгілі. Клемент Стоун айта- 
ды: «Егер ақша жинай алмасаңыз, ірілік те қолыңыздан 
келмейді». Үйіңде жинай алмасаң, сенімді бір адамға – 
анаңа, жолдасыңа, досыңа жалақынның отыз пайызын 
сақтау үшін беріп қой. Немесе жалақы алатын банкіңнен 
депозит ашып, карточкаңнан автоматты түрде аударып 
отыруды әдетке айналдыр. 
Болмаса, артық салмақпен күресіп жүрген шығарсың? 
Артық шоколад жеп қоймас үшін, өзіңді сүйреп спорт- 
залға апару үшін де дисциплина керек. Мүмкін, темекіні 
тастағың келетін шығар? Немесе таңертең жаттығу жа- 
сауды әдетке айналдыра алмай жүрген боларсың? Келесі 
дүйсенбіден бастаймын, жаңа жылдан бастаймын деген- 
нің бәрі – жай ғана сылтау. Саған керегі дисциплина ғана. 
Дисциплинаның негізі – әрекетті әдетке айналдыру. Бір 
нәрсе әдетке айналғанда, ол «ұнайды, ұнамайды», «істегім 
келеді, келмейді» деген категориядан шығып кетеді. Ол 
жай ғана әдетке айналады. 
Психолог Терри Коул Виттакер айтады: кез келген әре- 
кеттің әдетке айналуы үшін үш апта уақыт керек. Жиыр- 


ма бір күннен кейін ол автоматты түрде істелетін болады. 
Темірдей тәртіпке үйрену үшін, өзіңнің нашар 
әдетіңнің зардабын анықтауың керек. Дисциплинаның 
керектігін, оның зардабын бағаламайынша түсінбейсің. 
Оның бірден-бір оңай жолы – тізім жасауды үйрену. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет