Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет93/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
екінші болма

КІТАП ТУРАЛЫ 
ПІКІРЛЕР 


224
Өркен КЕНЖЕБЕК, 
блогер, журналист 
 
ОҚЫ ДА, ӨЗ ТҮЙІНІҢДІ ШЕШ 
Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма!» кітабы алдымен 
өз нәпсіңнің, өз эгоңның алдындағы бәс, бәсекеде жеңуді 
үйретеді. Не ол, не сен. Осы өз-өзімізбен арпалыста 
қолымызға лайық қару түспей, өзімізді қамшылар қуат 
табылмай, ол табылса, оны демерге, демесек, соңына 
деміміз жетпей қалып жатады. Оны былай қойғанда, 
қанағат пен жалқаулықтың айырмасын, ұяңдық пен 
ынжықтықтың арасын, мотивация мен шабыттың 
өзгешілігін білеміз бе? «Екінші болма!» жетістікке 
жетер жолымызды байлап тұрған түйіндердің шешімін 
көрсетеді. Оқы да, өз түйініңді шешкін! 
Айнұр ТҰРСЫНБАЕВА, 
айтыскер ақын 
 
БАРШАҒА ТҮСІНІКТІ 
БИЗНЕС-КЕҢEC 
 
Жалпы, қазір өсемін деген адам үшін мүмкіндік 
көп. Тек қана ақшамен немесе байып кетемін деген 
ыкыласпен табысқа жету мүмкін емес екенін жұрт түсіне 
бастады... Ең алдымен бизнестің қыр-сырын үйреніп 
алу керек деп жатамыз, бірақ сол қыр-сырын үйрететін 
ақпараттың бәрі орысша екені жасырын емес... Осы 
орайда Қуаныш Шонбайдың “Екінші болма!” кітабы 
қаракөз бауырларыма керемет көмектесіп жатқанын 
көріп қатты сүйсінемін. Өзім ғана өссем, өзім ғана 
байысам демей, бар білген ақпараты жөнінде кітап 
жазып, өз білгенін қазақ жастарына үйретіп келеді. Кітап 
өте қызықты, жеңіл жазылған. Тек қана бизнес саласында 
емес, өміріңізге қажетті кеңестерді де ала аласыздар. Тек 
қана алға Қуаныш! 


Жанат Бақыт 
тележүргізуші 
 
ӘР ҚАЗАҚ БІРІНШІ БОЛЫП
ОҚУЫ ТИІС 
 
Қуаныш мырзаның «Екінші болма!» деген кітабының 
атына қарап «Ешқашан екінші болма, бәрінің алдында 
бол» деп айтқысы келген шығар деп ойлап едім. Олай 
емес екен. 
Мысалы, екі Жанат бар дейік. Біріншісі – еңбекқор, 
ерте оянады, уақытты ұтымды пайдаланады, ізденгіш, 
өз кемшілігін мойындап, сонымен жұмыс жасайды, 
күреседі. 
Екінші Жанат – жалқау, өзіне сенімсіз, сөзінде 
тұрмайды, кездесуге ылғи кешігіп барады. 
Міне, «Екінші болма» дегені сол екен. 
Расында, біз біреудің өміріне прокурор, өз өмірімізге 
адвокаттыз. Өзгенің өміріне психолог, өз өмірімізде 
психопатпыз. 
Жай ғана мысал. Бүгін мен парақшама бақуатты 
жанның тойына арнап пісірілген торттың суретін салып, 
сол тортты дайындаған маманның қандай профессионал 
екенін айттым. Ал көп адам уақытын БЕКЕР кетіріп, 
энергиясын БОСҚА жұмсап, «Қандай ақшаға жасалған 
той? Оданда сол ақшаға үйтпей ме, бүйтпей ме» деп 
прокурор бола қалды. Торттың ақшасы қайдан келгенін
торттың неше күнге жеткенін, қандай пакетке салынған- 
ына дейін шемішкеше шағып тастапты ел... Бір уақыт 
өзіңізді жетістікке жеткен, бизнесі бар, мейрамханасы 
бар, мектеп, балабақша салған, қайырымдылыққа жұм- 
сайтын қоры бар адам ретінде елестетіңізші. Екі емес, он 
тонна торт пісірсеңіз де – өз ақшаңыз! Сіз онда адвокат 
болар едіңіз. 
Біз елестетпек түгілі, ондай жетістік жайында арман- 
дауға да коркамыз. Неге қорқамыз? Өйткені біз өз-өзіміз- 


226
ге сенбейміз. Еріншек екенімізді мойындағымыз кел- 
мейді. Мақсатымыз жоқ. Жеңіл жолмен пайда көргіміз 
келеді. «Ей, қойшы, бірдеме бастау үшін ақша керек, 
әке-көке керек» деп прокурор бола қаламыз. Мықтысың 
ба, алдымен өзіңді жең, ойыңды өзгерт. 
Брайан Трейси «Биікке жетуің үшін өзіңнен мықты 
адамдармен дос бол! Оларды үлгі ет!» деген. 
Әр қазақтың жігіті – Қуаныш мырзадай болса, аз 
уақытта дамыған 50 елдің қатарына қосылар едік! 
«Екінші болма!» кітабын әр қазақ бірінші болып оқуы 
тиіс! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет