Жер катынастарын реттеу орындалу (функционалдық) жағынан қазіргі кезде бірнеше бағытта қалыптасып отыр -заңдық және әкімшіліктік, экономикалық, жерге орналастыру-экологиялық
Жер қатынастарын заңдық және әкімшіліктік реттеу заңдарды, үкімдерді, қаулыларды, нормативтерді және инструкцияларды дайындау және қабылдау арқылы, олардың орындалуын және жер заңдылығының дұрыс орындалуын қамтамасыз ету.
ЗАҢДЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІКТІК:
Заңдар, үкімдер, қаулылар,нормативтер, инструкциялар,актілер және шешімдер
Жер қатынастарын реттеудің экономикалық аспектісі келесілер арқылы орындалады:
жермен нарықтық операцияларды жүргізу мүмкіншілігін беретін жер салығы
арендалық төлемақы
жерді бағалау және бағалык аймақтау арқылы жерді ақылы пайдалану
рента алу механизімі
жер ипотекасы
жермен және жер пайдалану заңдылығымен жасалатын операциялар (сату- сатып алу, айырбастау, сыйға тарту, мұраға қалтыру. жер учаскесін екінші рет арендаға беру, капитал ретінде тапсыру
Жерді бағалау және алып қою тәртібін бекіту сатып алуды және жасалған залалдар мен шығындар үшін жер пайдаланушылар мен мемлекетке төлемдерді өтеу мүмкіндігін береді.
ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ – ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ-жерді тарату және өзара тарату, құқықты бекітетін құжаттарды дайындау, инвентаризациялау, мониторинг және жерді қорғау, ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттарға жер бөлу жобасына экспертиза жасау, кез келген қажеттілікке жер бөлу жобасына экспертиза жүргізу жәнежерді тіркеу және жер есебі, бұзылған жерлерді рекультивациялау және орнына келтіру, суландыру, агротехниканы орындау, жер пайдаланудың территориясын орналастыру, жер пайдалануды құру, жер учаскелерінің шекараларын белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: |