5-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару
Мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды басқару мемлекеттің және қоғамның әл-ауқатының экономикалық өсуі мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығын беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Кодексте мынадай ресурстарға қатысты жер қойнауының пайдаланылуы реттеледі:
1) пайдалы қазбалар;
2) техногендік минералдық түзілімдер;
3) жер қойнауының кеңістігі.
Өзінің экономикалық маңызы бойынша және жер қойнауын пайдаланудың тиісті шарттарын белгілеу мақсатында пайдалы қазбалар мынадай топтарға бөлінеді:
1) жерасты сулары;
2) көмірсутекті пайдалы қазбалар (көмірсутектер);
3) пайдалы қатты қазбалар.
Достарыңызбен бөлісу: |