Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Жердің иесі мен пайдаланушының жерді нақты мақсатта пайланлануын басқару



бет41/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
узр все

Жердің иесі мен пайдаланушының жерді нақты мақсатта пайланлануын басқару

Қазақстан Республикасы азаматтарына шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері жекеменшік қүқығымен немесе өтеулі уақытша жер пайдалану құқығымен 49 жылға дейін, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін, маусымдық жайылым уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен Жер кодексіне және Қазақстан Республикасының шаруа (фермер) қожалығы туралы заңдарына сәйкес беріледі [1,101 бап].



Шаруа қожалығын құру, ол үшін жер бөліп беру және басқа жер пайдаланулардың және жер иеліктерінің құрылуы заңдық және теориялық негіздері келесі құжаттар болады: «Жер кодексі» 20.06.2003 ж. №442-11, «Жер реформасы жайында», «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» ҚР заңы» 31.03.98 ж. N 214-1., ҚР Президентінің заң күшіне ие Үкімдері: «Жер қатынастарын жақсарту жайында» 5.04.94 ж. №1639, «Жер жайында» 22.12 95 ж және т.б.

Қазіргі заңдылық бойынша шаруа қожалықтарына үлестері мына жерлерден беріледі: бұрынғы мемлекеттік ауылшаруашылық жұмысшыларына және ұжымшар мүшелеріне сол шаруашылықтардың жерлерінен; ҚР басқа азаматтарына – аудандық арнайы жер қорынан немесе жер қорынан беріледі; босқындарға, эмигранттарға – арнайы жер қорынан немесе эмигранттық қордан беріледі.

Шаруа қожалығына жер иелікке және арендаға беріледі. Бұл екі жағдайда да жерге орналастыру жұмыстары бірдей болады, тек қана пайдалану құжаты бірінші жағдайда – мемлекеттік Акт, ал екінші жағдайда – арендалық келісім. Арендалық келісімде арендаға берілушілер мен алушылардың құқықтары және міндетгері беріледі және олардың арасындағы экономикалық келісімшарттар көрсетіледі.

Шаруа-фермерлік қожалықтарының үйлері елді мекенде орналасса үй қасындағы учаске иелікке беріледі. Ол жер шаруа қожалығының жер пайдалануына кірмейді, оның мөлшері: 0,25га -телімі, 0,15га- суарылатын жерлерде.

Шаруа қожалығының жер телімі үй қасындағы және далалық (бірнеше далалық) бөліктерден тұрады. Шаруа қожалығы жер телімін қай жерден алса да өз еркі:

Далалық (бір,екі немесе бірнеше бөлек жерлерде беріледі, үй қасындағы жер бөлігі – ауылда, селода орналасады);

Хуторлық (үйі жер телімінде орналасады);

Кооперативтік (бірнеше жер телімі біріктіріледі, жұмыстарын бірігіп істейді).

Жер телімі берілу үшін мына құжаттар керек:

1) шаруа қожалығымен айналысқысы келген адамның өтініші. Бұл өтініште сұралған жер бөлігінің орны, көлемі, шаруа қожалығының кұрамы және шаруа қожалығының айналысатын ауылшаруашылығы өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы және сол бағдарламадағы жерді тиімді пайдалану дәлелі;

2) аудан әкімшілігінің шаруа қожалығына жер беруі және сол жердің көлемі жайында шешімі;

3) аудандық әкімшіліктің шаруашылық бойынша орташа жер бөлігінің көлемі жайында шешімі;

4) селолық әкімшіліктің шаруа қожалығының жанұясы жайында анықтамасы: онда әр мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген.

Дайындық жұмыстары жалпы жаңа жер иеліктерін және жер


пайдалануларды құру жобаларын жасағандай орындалады. Оларға
қосымша келесі жерге орналастыру жұмыстарын орындау қажет:

1) шаруашылық бойынша топырақ бонитеттеу материалдарын зерттей отырып, ауылшаруашылық алқаптарының орташа бонитет балын анықтау керек;

2) шаруа қожалығының сұраған жер телімі бойынша көшірме
жасалып, оның бонитет балы есептелінеді және ол жер берілетін шаруашылық бойынша орташа балмен салыстырылады;

3) дала ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы шаруа қожалығы сұраған жерлердің, олардың ауылщаруашылық алқаптары бойынша кұрамының, орналасуының шаруа қожалығының шаруашылық жүргізу бағдарламаларына сәйкес келуі тексеріледі, трансформациялау, ауылшаруашылык алқаптарын жақсарту мүмкіншіліктері анықталады;

4) шаруа қожалығының үй жанындағы және дала жер бөліктерінің көлемі, сапасы, орналасатын орны жайында тілектері анықталады.

 

Жиналған дайындық материалдары бойынша дала және үй жанындағы жер бөліктерінің пайда болу жобалары жасалады. Жобаның тиімділігі экономика және экология жақтарынан дәлелденеді.



Шаруа қожалығының жер телімінің ауданы алқаптардың құрамына, сапасына, табиғи, экономикалық және әлеуметтік жағдайларына қарай анықталады.

Шаруа қожалығы жерлерінің көлемі мен сапасы орналасқан


аймақтың табиғи жағдайларымен тығыз байланысты болады.

Сонымен бірге шаруа қожалығының көрсеткіштері бірқатар әлеуметтік-экономикалық факторлармен байланысты. Олардың ішінде: елді мекендердің түрлері мен орналасу ерекшеліктері, халықтың саны мен қоныстану тығыздығы, қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымның сипаттамасы және т.б.

Жобалау жұмыстарына келесі талаптар қойылады:

1) жер пайдаланудың далалық және үй маңы бөліктерінің мөлшерлері әр адамға тиісті орташа жер үлесімен анықталады;

2) бөлінген жер пайдаланудың құрылымы, орны, құнарлылығы шаруа қожалығының өндірістік іс-әрекеттер бағдарламасына, тауарлық өнім алу үшін белгіленген әртүрлі салалар қатынастарына сәйкес алынады;

3) жер телімі біртұтас, дұрыс немесе мүмкіндікке қарай конфигурациясы күрделі емес болуы тиіс. Жер пайдаланудың кемшіліктерін: аттамалы, оның ішінде топографиялық аттамалы, кірме жерлікті, алыс-ұзын жерлікті болдырмау;

4) негізгі жер иелігіне қосымша арендаға алынған жерлермен қатар, немесе компакті массивтер ретінде жақын арадан бөлінуі тиіс; мүмкіншіліктерге қарай мүнда да аттамалы, алыс-ұзын жерлер, кірме жерлердің пайда болмауына тырысу керек;

5) шаруа қожалығының негізгі және арендалық жер үлестерін


жобалағанда табиғи және жасанды шекараларды (жол, ұзын шұңқыр, су қоймасы), орман жолақтарын және бұрын жасалған инженерлік жобалардың шешімдерін жақсы зерттеп, пайдалану керек;

6) шаруа қожалығының жер бөлгенде қалыптасқан территориялық -шаруашылықтық ішкі ұйымдастырылуын бұзбауға тырысу;

7) жобада шаруа қожалығының мекені мен далалық жер бөлігінің (егістік, мал азықтық алқаптары) арасындағы қарым-қатынас, сыртқы байланыс пунктілерімен (өндірісті шикізатпен, жанар – жағар маймен қамтамасыз ету және дайын өнімді өңдеу, сату орындарымен) ыңғайлы қатынас болуына тырысу керек. Транспорттық шығынның мөлшері неғұрлым аз, шаруашылық мүшелерінің жұмыс орнына баратын уақыты және малды айдау жолы неғұрлым қысқа болуы тиіс.

Шаруа қожалығының жер пайдалануын құру жобасын жасау үшін 1:10000-1:25000 масштабтардағы пландық картографиялық негіздер жасалады. Ол үшін ірі масштабты аэротүсірістер материалдары немесе 1:5000 масштабтағы планның көшіріндісін пайдалануға болады.

Топырақ картасы топографиялық планның кез келген тәсілмен орындалған көшірмесінде жасалады. Топырақ картасының күрделі болмаған жағдайларында оларды пландық негізбен біріктіруге болады.

Жобаның мәтіндік бөлігіне кіретіндері:

- жерге орналастыру ісін көтеру материалдарының жиынтығы;

- камералдық және далалық дайындық жұмыстарының мате риалдары;

- жобаға түсініктеме;

- жобаны қарау, қабылдау және бекіту құжаттары.

Бұрынғы ауылшаруашылық мекемелерінің жұмысшыларынан
басқа адамдарға, оның ішінде эмигранттарға берілетін жер үлесінің
мөлшерін Үкіметтің аудандық органы, ауданның жермен қамтамасыз етілмегендігіне және шаруа қожалығын құрушының жанұя құрамына қарай белгілейді. Бұл категориядағы азаматтарға жер телімі жер қорынан, арнайы және эмиграциондық қорлардан беріледі.

Арнайы және эмиграциялық қорлардан жер берудегі жерге орналастыру іс – әрекеттері:

- алынуға белгіленген жер телімі бойынша инвентаризациялау, сапасын анықтау материалдарын жинап, жүйелендіру;

- пландық-картографиялық материалдарға керекті жер иеліктері мен жер пайдалануларының шекараларын көрсету; жер бедерін, гидрографияны, ауылшаруашылық алқаптарды түсіру; инженерлік коммуникацияларды, ашық су қоймаларын, су көздерін (шахталық және құбыр құдықтар) белгілеу;

- сумен қамтамасыз етілгендігі турасында картограммасын жасау, жер асты суларының орны және өту тереңдігін, су сапасын анықтау, топырақ және геоботаникалық карталардың көшірмесін түсіру, олардың легендаларын көшіру, жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін ауылшаруашылық алқаптарды, су және басқа ресурстарды қолдану ерекшеліктерін сипаттайтын зертеу және ізденіс жұмыстарының материалдарын жинау, талдау;

- пайдалануға енгізілетін жаңа жерлер болса, оларда далалық ізденіс жүргізіледі;

- арнайы жер қорының экспликациясынан көшірме жасалады;

- жаңадан кұралған шаруа қожалықтарының және кооперативтердің жерлерінің экспликациясы құрылады;

- шаруа қожалықтарына және кооперативтерге арнайы жер қорынан жер алып беруді негіздеу, есептеу және түсініктеме жазу;

- аудандық әкімшіліктің арнайы жер қорын құруы, шаруа қожалығына немесе кооперативке жер беруі жайында шешімдерінің көшірмесін дайындау.

Шаруа қожалығының жер иеленуі арнайы қордан құрылғанда
оның мөлшерін анықтау іс-әрекеттерінің әдістемелері келесідей:

А) шаруашылықтың маманданғандығы, өндірісінің көлемі, еңбекке жарамды адамдардың саны анықталды. Өсіруге жоспарланып отырған малдың түрлері мен саны, осыған байланысты жыртылған жердің пайдалану құрамы (бірінші жуықтауда). Бұл мәліметтер қағида бойынша, жер иеленудің жоспарларына қарай белгіленеді. Осы мақсатпен құрылған бірнеше шаруа қожалықтарының анкеталарын қолданған қолайлы. Анкетаға респонденттер жоғарыда келтірілген мағлұматтарды толтырады;

Ә) жоспарланып отырған мал басына керекті жем-шөп түрлері мен жер көлеміне, өндірістің салалық құрылымы мен қажеттілігіне қарай ауылшаруашылық алқаптары беріледі;

Жалпы жер көлемін анықтау келесі әдістемелік жүйеде жүзеге


асырылады:

Малдың басы мен түріне қарай жем-шөп қажеттілігі есептеледі;

Дақылдардың түсімділігі ескеріле отырып олардың егістік аудандары анықталады;

Жыртылған жердің пайдалану құрамы мен дақылдардың үлес салмақтары есептеледі;

Жайылымдардың және басқа мал азығы алаптарының аудандары есептеп шығарылады;

Жер иелігінің жалпы ауданы есептеледі.

Б) жер иеленуді, оның ауданын және басқа көптеген факторларды ескере отырып, орналастырады, талапқа сай межелер жүргізіледі.

В) жер салығының көлемі есептеледі;

Г) жоспарланған өндірістің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі анықталады;

Д) белгіленген тәртіп бойынша керекті құжаттар рәсімделеді. Жер үлесі арқылы қүрылатын жер иеленушіліктердің пайда болуы бұған қарағанда едәуір күрделілеу. Оның себебі әрбір


болашақ жер иеленушіге тең экономикалық алғашқы шарттарды
жасау талабы, жердің ауданымен қатар сапасын ескере отырып,
шаруа қожалығына бірдей жағдай қамтамасыз ету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет