21)Лекция
Жер қойнауын пайдалануды басқару.
Жер қойнауын кешенді игеру – адамзат қоғамының минералдық шикізаттарға деген сұранысының жылдан жылға өсуіне байланысты туып отырған әлеуметтік, экономикалық және экологиялық проблема. Мұндай жағдайдың туындауының негізгі себептері:
- көптеген минералдық қорлардың азаюы (мыс, мұнай, газ, металдар, ауыз су және т.б.);
- жер беті мен жер асты суларының гидрологиялық режимінің бұзылуы, олардың шектен тыс ластануы.
Сөйтіп адамзаттың өмір сүруіне қауіпті жағдайдың туындады.
Бұл мәселелерді шешу үшін қолданылатын негізгі шаралар:
- тау – кен металлургиялық өнеркәсіптің өнімдерін ауыстыра алатын шикізаттарды жасауға көшу;
- кенорнындарын кешенді игеру:
- өндірілген кенді қалдықсыз толық пайдалану;
- кенді байытуда озық технологияларды пайдаланып, ондағы пайдалы құрамдас бөліктердің шығымын арттыру;
- кенорындарын игерудегі өндіру мен байыту сияқты өндіріс орындарын жер астында орналастыру;
- табиғи ресурстарды пайдалануды ақылы жүйеге көшіру.
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауын пайдалану режимін, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару мен реттеуді жүзеге асыру тәртібін, жер қойнауы учаскелеріне құқықтардың туындау, оларды жүзеге асыру және тоқтату, жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтық жағдайы мен олардың тиісті операцияларды жүргізу ерекшеліктерін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығына билік ету мәселелерін және жер қойнауы ресурстарын пайдалануға байланысты басқа да қатынастарды айқындайды.
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері мыналар болып табылады:
1) мемлекеттің жер қойнауына меншік құқығын қорғау;
2) жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және қатынастарды реттеу;
3) мемлекеттің, Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін және жер қойнауын пайдаланушылардың құқықтарын сақтау;
4) Қазақстан Республикасы минералдық-шикізаттық базасының өсімі;
5) жер қойнауын пайдалану құқықтарының туындау, оларды жүзеге асыру, өзгерту және тоқтату негіздерін, шарттарын және тәртібін белгілеу;
6) жер қойнауын пайдалануды тұрақты дамыту үшін құқықтық негізді қамтамасыз ету;
7) жер қойнауын геологиялық зерттеуге және жер қойнауын пайдалануға инвестициялар тарту үшін жағдайлар жасау;
8) жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты нығайту.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) мемлекеттік жер қойнауы қорын ұтымды пайдалану;
2) жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жер қойнауын пайдалану саласындағы ақпараттың қолжетімділігі;
4) жер қойнауын пайдаланудың ақылы болуы;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың адалдығы;
6) жер қойнауын пайдалану шарттарының тұрақтылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |