25)Лекция
Жер ресурстарын басқарудағы жерді есепке алу мен тіркеу
Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жер кадастрының кұрамды бөлігі болып, тиісті мемлекеттік кұжаттарға жазуларды енгізу мен нақгы жер учаскесіне меншік және пайдалану кұқығын рәсімдеудің занды шаралары ретінде қаралады. Қазақстан жағдайында ол мемлекеттік сипатқа ие.
Ол -жерге мемлекеттік және жеке меншік құқығы мен жер учаскесін пайдалану кұқығын бекіту және қорғауға бағытталған. Жер тіркеу деректері занды күшке ие. Оның міндетіне жердің құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтерді жинау, жүйелі сақтау және жаңғырту кіреді. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу алдында занды рәсімдеулер жүргізіледі, олар: жергілікті жерде учаскелердің белгіленген шекарасын бекіту, жер учаскелері ауданын аныктау және тиісті жоспарларды құру жүргізіледі. Бұл жұмыстар жерге орналастыру тәртібімен орындалады. Жер пайдалану мен жер иеленуді тіркеу жерді есепке алумен тығыз байланысты жүргізіледі.
Жерді пайдалану ретінде белгілі аумаққа және нақты субъекті құқығымен байланысты мақсатты сипатқа ие, ол жер пайдаланудың шаруашылық міндеті, орналасқан орны мен өлшемі туралы мәліметтерді қамтиды. Жер пайдалануды тіркеу үшін, тиісті мемлекеттік органның шешімі, заңмен қарастырылған қажетті құжаттардың негізінде тиісті мақсаттармен занды немесе жеке тұлғаға жер учаскесін беру туралы және жерге орналастыру жобасының нақты мәнін шығару мен жергілікті жерде учаске шекарасын бекіту туралы қарастырылған құжаттар негіз болады.
Жер пайдаланушыларды немесе жер иеленушілерді мемлекеттік тіркелу рәсімделгеннен кейін, жер учаскесіне меншік құқығын немесе жер пайдалану құқығын беретін құжат (белгіленген формадағы мемлекеттік акт) пен бірге сол учаскенің жоспары беріледі. Жер учаскесін беру шешімінде оны қандай мақсат үшін бөліп берілетіні және жерді пайдаланудың негізгі шарттары көрсетіледі. Пайдалануга жер бөліп беру барысында ауыл шаруашылық жер пайдаланушылардың басымдылығы қарастырылады. Жер пайдалану немесе меншік құқығын беретін құжатта учаскенің нысаналы міндет атқаруы, бөлінетіні немесе бөлінбейтіні, сервитуттер мен басқа да ауыртпашылықтар мен шектеулер көрсетіледі.
Азаматтар мен занды тұлғалардың пайдалануы мен иеленуі болуы мүмкін,жер учаскелері бір немесе бірнеше бөлек орналасқан, бірақ бірыңғай жер пайдаланушылықты береді, бір субъект соншалықгы құқыққа ие, барлық бұл жерлерге иелік ету, пайдалану бойынша міндеттерімен белгілі бір құқыққа ие.
Жер пайдалану немесе иелену нақты жер учаскесі түріндегі Мемлекеттік тіркеуде болады, яғни кез келген жылжымайтын мүлік объектісі сияқты тек қана жер-кадастрлық кітабына еңгізіліп қоймай,тиісті органдардың мемлекеттік тіркеуінен өтеді. ҚР Жер Кодексіне сәйкес (29-бап 4-тарау) жерді пайдалану құқығы тұрақгы және уақытша иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін.Бұнда жерді пайдалану кұқығын қорғауға (29-бап 4-тарау) Осы заңмен және өзге де заң актілерімен белгіленген негіздерден басқа реттерде ешкімді жер пайдалану құқығынан айыруға болмайдыдеп кепілдік беріледі.
Жер учаскелерін тіркеу негізгі (алғашқы) және күнделікті (кезекті) болып бөлінеді.Жер тіркеу құжаттарына тиістімәліметтерді енгізу және жүйелеу, жаңа жер учаскелерін (жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар) рәсімдеу бойынша жұмыстарды алғашқы тіркеу барысында жүргізеді. Оны жүргізу процесінде жер учаскесі туралы алғашкы жазулар енгізіледі.
Жер пайдаланудағы барлық болып жатқан занды өзгерістерді рәсімдеу бойынша жұмыстар мен алғашқы тіркеу мәліметтері және қүжаттарындағы тиісті анықтауларды енгізу пайдаланатын жерді күнделікті немесе ағымдағы тіркеуретімен жүзеге асырылады. Бұндай жағдай дәрежесінде жер тіркеу мәліметтерін қолдау қамтамасыз етіледі.
Республикада жер учаскелерін мемлекеттік тіркеу белгілі жүйеде қалыптасты және мемлекеттік есепке алумен тығыз байланысты жүзеге асырылды. Бәрінен бұрын тіркеу мәліметтері әрбір жер учаскесі жерінің сапасы мен санын есепке алу барысындағы деректер сапасында қабылданады.
Жалпы ауданды қайта бөлістіргенде, тіркеу барысында көрсетілген, жерді есепке алу барысында анықталған алаптар аудандарымен үйлестіріледі. Бір жағынан, территория бойынша жер-есепке алу мәліметтері әлгі қалыптасқан жер учаскесі, жер пайдалану тіркеу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.
Тіркеу бірлігі мен жер учаскесінің белгілі бір шамасын қамтамасыз ету және құжаттар тұтастығы болады. Ауданда (қалада) жерді есепке алудың негізгі кұжаты мемлекеттік жер кадастр кітабы болып табылады.
Жерді есепке алудан жер учаскелерін тіркеудің айырмашылығы, бірыңғай мемлекеттік жер қорының барлығын емес, тек оның пайдаланумен иеленуге берілген территориясы камтылады. Босжатқан мемлекеттік босалқы жерлерде тіркеу жүргізілмейді.Жер тіркеу мөліметтері топырақгы бонитеттеу (сапасын салыстырмалы бағалау) және жерді экономикалық бағалауда пайдаланылады.
Есепке алу, Республиканың жер қорын тиімді пайдалану мен қорғау үшін қажетті пайдаланатын жердің мөлшері, сапасы мен шаруашылығы туралы мәліметтерді алуға, өңдеуге, талдауға және сақгауға бағытталған.
Жалпы мемлекеттік мәселелерді шешу барысында жер есебі мемлекеттік шара болып есептелінеді. Соның үшін, оны жүргізудің міндетін, мазмұнын және тәртібін мемлекет анықгайды. Ол жердің есепке алу ақпараттарының мазмүны мен оны алу тәсілдерін, есепке алу және есеп беру құжаттары мазмұнын,есеп беру мерзімін, есеп жүргізетін органдар мен тұлғаларды, жер есебін жүргізуге бақылау тәртібін аныктайды.
Есепке алудың белгіленген тәртібі республиканың барлық жеріне міндетті болады.Мемлекеттік есепке алудың объектісіне Қазақстан Республикасының бірыңғай жер қорының барлығы жатады. Бөлек салаларда мүдделері мен міндеттерін есепке алу мен ведомостволық есепке алуды жүргізуге қажеттілік туады, оның объектісіне нақты ведомоствоның қарауына жататын барлық жерлер жатады.
Жерді есепке алуды дұрыс жүргізудің негізгі шарты-оны өз уактында және токтаусызнемесе үздіксіз жүргізу. Бұның өзі жер есебі мәліметтерін қазіргі кезгі деңгейінде ұстап түрады. Бұл принцип жердің жер жағдайы мен пайдалануында өтетін сандық және сапалық өзгерістерді жүйелі есепке алу қажеттілігін тудырады. Жер бетінде (натурада) пайда болған өзгерістерді өз уақытында аныктапбелгілеп отыру және тиісті есепке алу мәліметтерін алу мен жазудың уақыты бойынша келісім орнату керек.
Жер есебі мәліметтері нақты және жеткілікті толық болғаны дұрыс. Есепке алу материалдары мен құжаттарында жазулар ебедейсіз және қиын оқылатын болмауы керек. Жер есебі мәліметтері тек қана текстік құжаттар болып көрініп қоймастан, жоспарлы картографиялық негізде міндетті түрде кескінделеді,ақпараттарды (цифрлы кестелер, текст, графиктер, диаграммалар, картограммалар және электронды карталар) беретін және сақтауға мүмкіндік беретін компьютер технологияларын пайдалану мен магниттік тасымалдаушыларда есепті жүргізу айтарлыктай жеңілдетілдірілген. Есепке алу барысында мәліметтерді алу жене өндеуде азқаражатты қамтамасыз ететін әдістер мен құралдарды қолдану қажет. Есептеуіш компьютерлік техникаларды және тексеру мен түсірістің ең жетілдірілген әдістерін қолдану, республиканың жер қорын өз уақытында және дұрыс есепке алуды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады, ал сонымен қатар мемлекеттік жер кадастрын ойдағыдай жүргізеді.
Жерді есепке алу жұмыстары өз міндетіне, мазмүнына және ерекшеліктеріне байланысты жалпы кадастрда негізгі (алғашқы) және ағымдағы (күнделікті, келесі) болып бөлінеді. Бұл есепке алу түрлері бір-бірімен өзара байланыстыжәне жерді есепке алудың бірыңғай процесінің белгілі бір кезеңін білдіреді.
Негізгі есеп алу міндеті:
1. Есептелінетін территорияның барлық жоспарлы материалдарын алуды жүйелеу және талдау жасау.
2. Жоспарлы материалдар мен жер-есебі мәліметтерінің қажетті алғашқы деректерін алу мақсатымен тексеру және түсіріс бойынша тиісті далалық жұмыстарды жүргізу.
3. Барлық есептелінетін территорияның пайдаланатын және кайта бөлістірілетін жердің сапалық жағдайын, өлшемін аныктау.
4. Арнайы жер-есептік жоспарлы материалдарды дайындау және жер-есептік текстік құжаттарға алғашқы жазуларды енгізу.
5. Жер қорына жер категориялары, жер пайдаланушылар, алқаптар бойынша бөлістірілуін, құрамын анықгау және оларға әкімшілік бірліктер (аудандар,облыстар) бойынша сапалық сипаттама беру.
Алғашқы есепке алу барысындағы тіркелген және анықгалған мәліметтер уақыт өтуге байланысты талапқа сай болмай жарамсыз қалады. Шаруашылық пайдалану процесінде жерді бөлу мен құрамында белгілі бір өзгерістер болады.Сонымен, соңғы жылдары жер учаскелерін нактылауға, шаруа қожалықтарына, кооперативтер мен серіктестіктерге, ауылдық аудандардағы жерді бөліп беру өзгерді. Бұдан басқа ауыл шаруашылық кәсіпорьшдарда, шамамен 20%-тен, алқаптарды трансформациялау жүргізіледі,яғны жыл сайын алқаптардың құрамы өзгеріп тұрады. Сол сияқты мелиоративтік шаралардың қысқаруына байланысты, табиғи мал азықтық алқаптар мен егістіктің сапасы өзгереді. Елді мекендер жері құрамында да үлкен өзгерістер болады және басқа жер санаттары жерлерінде құрамы мен құрлысында жыл сайын өзгереді.
Жер пайдаланудағы алқаптардың құрамында болып жатқан барлық өзгерістер, жоспарлы материалда графикалық жолмен белгіленеді.
Кәзіргі кездереспубликамызда есепке алынатын аудан және облыстық жер учаскесінің компьютерге енгізілген электрондық карталары бар. Жер учаскесінің есептелінетін квартал, аудан және облыстық электрондық карталарды компьютерде алу жолымен графикалық тәсілді әбден жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Электрондық карталар түріндегі есеп алудың графикалық тәсілін қолдану,тек есепке алудың дәлдігін жоғарылатып қоймай,бастапқы, ағымдағы есепке алудағы өзгерістерді енгізу процесін автоматтандыруға және картографиялық есепке алу материалдарын беруге мүмкіндік береді. Графикалық тәсіл, анықталатын жердің кеңістік жағдайы, олардың құрамы мен пайдалануынан көрініс беруді қамтиды. Текстік және графикалық тәсілдердің өзара белгілібайланысы бар.
Мәліметтерді аныктауда графикалық тәсіл дәл болған сайын, текстік құжаттарда қамтылатын мәліметтер де соншама дәл болады. Көрсетілген тәсілдер, бір бірін толықгырып, жерді есепке алу барысында, оған жан-жақгы сипаттама беруге мүмкіндік береді.Жердің санын есепке алу барысында тек жер қорыкатегорияларының жалпы ауданын аныктап қоймай, сонымен бірге жер алқаптарының түрлері мен түр тармақгары бойынша жер сапасы мен аудандары туралы мәліметтер алады.
Жерді есепке алу, жер алқаптарының нақты өлшемдері мен жағдайлары бойынша жүргізіледі. Сонымен, алкаптар бойынша белгілі бір жер классификациясы қолданылады. Онда ауыл шаруашылық алқаптар егістік, көпжылдық екпе ағаштар, тыңайғанжерлер, шабындық,жайылым түрлері және түр тармақгары бойынша көбірек егжей-тегжейлі анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |