26)Лекция
Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқарудағы жерді бағалау
Мемлекеттік жер кадастрыныңқорытындылаушы бөлігі болып жерді экономикалық тұрғыдан бағалау саналады, ол топырақтың объективті қалыптасқан құнарлылығына экономикалық көрстекіштер бойынша санды сипаттама береді.
Экономикалық бағалау деп табиғи қор және ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бұл салыстырмалы бағалауға жатадыжәне әртүрлі сападағы жерлерді пайдалану тиімділін анықтаумен сипатталады. Сонымен қатар бұл көрсеткіш егіншіліктің қалыптасқан қарқындылығындажәне ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбек өнімділігіне сай бағаланумен анықталады.
Жерді бағалау және жердің пайдаланылуын бағалау дегендер бір ұғым емес. Сапасы бірдей жерлерді әртүрлі пайдалануға болады, сондықтан оларда өнім мелшерлері деәртүрлі болады. Егер қосымша қаражат жұмсалып, егіншілік мәдениетін нашар жерлерде дұрыс, қарқынды пайдаланса, жақсы жерлерге қарағанда, жоғары өнім көлем бірлігін алуға болады.Сондықтан, тек қана өнім шығыны арқылы шығындарды, агротехниканы, былай айткаңда өндірісті жүргізу деңгейін ескермей, жер сапасын шын мәнінде бағалауға болмайды. Өндіріс шығындары әртүрлі мөлшерде болатыңдықтан, жерлерді қай деңгейде бағалауға болады деген сұрақ туады.Шығындардың нормалық деңгейі, әрине, жердің тиісті өнделуін себептейді. Сондыктан жерді экономикалық бағалау үшін шығындардың нормалық деңгейіне сүйену керек.
Топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық бағалау бірімен-бірі ортақтық мақсаттармен тығыз байланысқанжәне жерді пайдалануды тіркеу, оның саны мен сапасын есепке алу, тексеру және бағаланатын жерлердің өндірістік көрсеткіштері туралы статистикалық ақпараттардың бірыңғай нәтижелеріне сүйенеді.
Топырақты бонитеттеу және жерді экономикалық тұрғыдан бағалаужердің өндірістік қабілетін анықтаудың бірыңғай процесі болып қарастырылады. Үйткені топырақтың табиғи және иеленген қасиеттері, жердің технологиялық ерекшеліктері мен орналасуы, өндірістің қарқындылығы бір мезгілде және өзара байланыста болып егіншіліктік еңбектің өнімділігіне әсер етеді.
Жерді экономикалық тұрғыдан бағалаудың топырақты бонитеттеуден негізгі айырмашылығы, бонитеттеутопырақты ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық жағдайларын ескермей табиғи дене ретінде қарастырады.Ол олардың табиғи құнарлылығыныңнегізгі факторлары бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіп-өндіруге салыстырмалы жарамдылығын анықтайды. Сонымен қатар экономикалық бағалау үшін топырақ топтарын бөлуді қамтамасыз етеді.
Жерді экономикалық бағалау оның мақсаттарымен міндеттеріне қарай жалпыжәне жеке бағалауболып бөлінеді.Жалпы бағалауқұнарлылықтың объективті көрсеткіштері мен егіншіліктің қол жеткен қарқындылында жерді пайдалану тиімділігінің сипаттайтын көрсеткіштерін белгілеуді қарастырады. Ол барлық өсіп-өндірілетін ауыл шаруашылықдақылдарының шығындарын және нәтижелерін есепке алу негізіндежүргізіледі. Жалпы бағалау нәтижелері жер ресурстарын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастырудағы жалпы экономикалық міндеттерді шешуде пайдалынады.
Жерді жеке бағалауәртүрлі топырақтарда нақтылы ауыл шаруашылық дақылдарының өсіру тиімділік дәрежесін анықтауды қарастырады. Жеке экономикалық бағалау материалдарында әртүрлі дақылдарды өндіру үшін жердің жарамдылығы туралы мәліметтер болады және олар қосымша күрделі қаржы енгізбей белгілі бір экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді.
Жерді экономикалық бағалауобъектісі болып жалпы жеркадастрындағы сияқтыеліміздің бірыңғай мемлкеттік қоры саналады.
Қазақстанда жер-бағалау жұмыстарында бірлік ретінде жерді сапасына қарай жіктеуіне қарай топырақ топтары саналады.
Жерді экономикалық бағалауда бағалау көрсеткіштеріндұрыс таңдаудың маңызы өте зор және олар экономикалық бағалаудың нақтылы мақсаты мен міндеттерінен туындалады.
Жерді жалпы бағалаудақолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:
1. Жалпы өнім құны -ЖӨ (тенге/га);
2. Шығындарқайтымдылығы немесе толтырылуы –ШТ (1 теңге шығынға келетін өнім құны);
3. Дифференциалдық пайда -ДП(жақсысапалыжәне нашар жағдайда орналасқан жерлерден алынатын таза пайданың қосымша бөлігі.
Жерді жеке бағалаудақолданатын негізгі бағалау көрсеткіштері:
1. Ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығы -ШД;
2. Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша шығындарқайтымдылығы немесе толтырылуы -ШТ;
3. Белгілі ауыл шаруашылық дақыл бойынша дифференциалдық пайда -ДП.
Экономикалық жағынан өндірістің негізгі құралы ретінде жердің сапасы топырақ құнарлығымен анықталады, ал оның әртүрлілігі ауыл шаруашылықдақылдарыөнімінің әртүрлі болуына әкеліп соғады. Олай болса жерді экономикалық бағалаудың бастапқы көрсеткіші болып өнім саналады.
Жалпы өнім құны барлық дақылдар бойыншаегіс ауданы, өнімділігі және бағасы арқылы анықталады.
Жерді экономикалық бағалауда сапасы әртүрлі жерлердегі жалпы өнім шығымдылығынөндіріс шығындарыменүйлестіру керек.
Жалпы өнім мен оның шығынын үйлестіріп отырып анықтаудың ең негізгі қиындығы әртүрлі өнімдер бағаларының(сатып алу)көп ауытқуында болады. Сонымен қатар олар оның құнынан да біршама құбылады.
Сондықтан жерді бағалауда кадастрлық бағанықолданғандұрыс. Әдетте кадастрлық баға ауыл шаруашылық өндірісіндеқажетті (керекті) нормалды шығындарды бейнелейді және келесілерден тұрады: нашар жағдайлардағы өндіріс өнімінің бір мөлшерінің өзіндік құны мен бағасына арнаулы норматив бойынша анықталған қосымшаөнім (нормалы табыстылық-рентабельность, пайда) қосылған.
Сонымен жерді бағалаумәліметтері,әсіресе нарықтық қатынастарда кеңінен пайдаланылады. Олар жер нарығын дамыту үшін, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жекешелендіруде, қожалықтарды дамытуда, салық салуда және бағалық саясатты жетілдіруде өте қажет. келеді. Осының нәтижесінде нарықтық баға есептелінеді. Сөйтіп алдағы уақытта сауда-саттықгарды салыстыруға негізделінген дамыған батыс елдерінде кеңінен қолданылып жүрген бағалау әдісін бізде де қолдануға мүмкіндік туындайды.
Жерлерді бағалау аудандары (ЖБА) топырақгарының топтары бойынша орта нормативтік шығымдылық егіс көлемдердіңқалыптасқанқұрылымын,өсірілетіндақылдардың үлестік салмағын ескере немесе негізгі дақыл бойынша есептелінеді.
Жерлерді бағалық аудандастыру мемлекет жүргізетін салық, баға саясатын жүргізу, жерлерді қорғау және тиімді пайдалану бойынша шараларды жасау, жер мониторингі, кадастрі, қорларын басқару бойынша бірыңғай ақпараттық-есептеу жүйесін құру үшін жерлердің сапасын, бағасын білуге қажет дұрыс материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалық аудандастыру ауьш шаруашылық жерлерінің нормативтік бағасын аныктау бойынша есептерді азайтуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Жер-бағалау жұмысында ең жауапты кезең –бағаланатын топырақ топтарында өндірілетін дақылдар өнімі мен шығындарын анықтау, үйткені басқа көрсеткіштер осылардың туындылары. Сонымен қатар олардың дұрыстығы осыларға тығыз байланысты келеді.
Ең дұрыс ақпараттарды алудың әдісі сол бағаланатын жерлердегі шаруашылықтарда тікелей өнімді және шығындарды есептеу.
Қазіргі кезде жерді экономикалық бағалау үшін мәліметтерді алудың негізгі көзі ауылшаруашылық кәсіпорындарында жүргізілетін есеп алу және есеп беру жүйесі. Олар кәсіпорындардың жылдық есеп беру құжаттары, оларды шаруашылықтың орташа өнімі туралы мәліметтер болады. Сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарының өнімдері туралы мәліметтерді статистикалық құжаттардан алады.
Қазіргі кезде жер-бағалау жұмыстарында компьютерлңк технолгия кеңінен қолданылады.
Жерді бағалау жұмыстарында алғашқы ақпарат ретінде ақырғы бес немесе жеті жылдардағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының статистикалық және бухгалтерлік есеп беру құжаттары, топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық және мелиоративтік тексерулер материалдары қолданылады.
Көп жылдық орташа өнімді анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылады. Оларға жататындар: әртүрлі топырақтарда тікелей өнімді есептеу, іріктеу әдісі (ұқсас шаруашылықтарды іріктеу), шаруашылықтардың көп жылдық мәліметтерін корреляциялы-регрессиялық талдау, сынама алаңдарды және бақылау мөлдектерде экспертиза жүргізу, аналог әдісі және шаруашылықтардағы мамандар мен қызметкерлер пікірлерін сұрау.
Әрине ең сенімді әдіс - әртүрлі топырақ түрлерінде өнімді белгілі бір мерзім бойы тікелей анықтау (кем дегенді ауыспалы егіс ротациясында).
Әртүрлі әдістермен алынған мәліметтерарасындағы ауытқулар шаруашылықтар бойынша алғашқы көрсеткіштердің барлық жиынтығывариация коэффициентінен аспауы тиіс, ол 10... 15%шамасында болады.
Бағаланатын топырақ топтары бойынша теңестірілгенкөрсеткіштер бағаланатын ауданның жерді экономикалық бағалу шкаласын құруға
алғашқы мәліметтер ретінде қолданылады.
Бағалау шкаласы кесте түрінде болады, онда абсолюттік(тенге, ц/га)және салыстырмалық(баллдар) көрсеткіштер түрінде топырақтың құнарлылық деңгейі, өнімділігі және жер алқаптарын бағалайтын барлық бағалау бірліктерінің табыстылығы бейнеленеді. Шкалажердің сапасын сипаттайтын әртүрлі көрсеткіштер бойынша құрылады. Өндіріс деңгейі жалпы өнім мөлшері, өндіріс тиімділігі (эффективность производства) –шығын қайтымдылығы, табыстылығы –дифференциалдық табыс немесе пайда мөлшері бойынша анықталады. Топырақ топтары бойынша бағалау шкаласын құру бағалау көрсеткіштерін салыстырмалы (баллдар, шартты гектарлар)шамаларға есептеу арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге 100 балл ретінде (бір шартты гектар)облыстағы сапасы ең жақсы жерлердің көрсеткіштері алынады немесе бағалу көрсеткішінің ең жоғарғы мағынасы.
Жерді бағалау шкаласы дұрыс деп саналады егер шаруашылық бойынша нақтылы орташа көрсеткіштерімен бағалау шкала арасындағы ауытқу 5 %аспаса. Аумақты аудандастыру, топырақтарды топтастыру және бағалау шкаласын құру жұмыстарының нәтижелері ҒӨОЖЕР және олардың филиалдарының техникалық кеңестерінде талқыланады. Қорытынды нәтижелері облыстық, республикалық бағалау комиссияларында қаралады және бекітіледі
Достарыңызбен бөлісу: |