25
тіршілік
иесі ретінде, өзінің мекен ету ортасының параметрлерін сақтаумен
үйлесімдікке қол жеткізу жүйесі.
Қоршаған ортаның өзгеруі зиянды заттардың шығарылуымен,
сонымен
қатар физикалық факторлардың режимінің, ландшафттарлың өзгеруімен
байланысты. Адамзат
табиғатты пайдалана отырып, оның сапасын өзіміз және
келешек ұрпақ үшін сақтай білуіміз қажет. Табиғатты оның өзіне,
табиғаттың
бір бөлігі ретінде адамға залал тигізбей пайдалану үшін оның қалай құрылғаны,
қандай заңдылықтармен тіршілік ететіні туралы білі керек. Қазіргі уақытта
қоршаған ортаны сақтау мен табиғи ресурстарды орынды пайдалану –
табиғатты қорғау туралы кешенді ғылымның ғылыми негізі болып табылады.
Табиғатты
орынды
пайдаланудың
негізін
табиғи
ресурстарды
пайдалануды болжау мен жобалау құрайды. Әр өндіріс салаларының табиғатты
пайдалануы келесі қағидалар негізінде жүргізіледі:
Жүйелік қағидасы өндірістің ортаға тигізетін әсерін жан-жақты кешенді
түрде бағалауды қарастырады;
Табиғатты пайдалануды оптималдау
қағидасы экономикалық және
экологиялық тұрғыдан табиғи жүйелер мен табиғи ресурстарды пайдалануда
оңтайлы шешім қабылдауға негізделген;
Шикізатты өңдеу және дайындау қарқыны дайын өнімді шығару
қарқынынан алда болу қағидасы өндіру үрдісінде түзілетін қалдықтар мөлшерін
азайтуға, яғни бастапқы шикізаттың мөлшерін толық пайдалануға негізделген;
Табиғат пен өндірістің қатынасын үйлесімдіру
қағидасы әсер ету
аймағында қолайлы экологиялық жағдай туғызатын, өндіріс пен табиғи орта
элементтерінің жиынтығын құрайтын жүйе жасауға негізделген;
Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану қағидасы экономикалық аймақта
бар шикізат пен энергетикалық ресурстар негізінде
аймақтық-өндірістік
кешендерді құруға негізделген.
Сонымен, табиғи ресурстарды және табиғи жүйелерді пайдалануда,
қоршаған ортаның, оның параметрлерінің өзгеруін экологиялық талаптардың
шегінен шығармау керек.
Достарыңызбен бөлісу: