28
байқалады. Оларды түнде ғана байқауға болады. Мезосфераның үстінде өтпелі
мезопауза қабаты болады. Осылайша тропосфера, стратосфера және мезосфера
қабаттарында бүкіл атмосфера салмағының 99,5 % орналасады.
Атмосфераның мезосферадан жоғары бөлігін термосфера деп атайды.
Термосферада температура биіктік бойынша жылдам өседі. Термосферада
100 км-ден жоғары ауа құрамы өзгере бастайды:
атомдық оттегі пайда
болады, ауа өте күшті иондалып, электрөткізгіштігі жоғарылайды. Сондықтан
да термосфераның мезопаузадан 800-1000 км биіктікке дейінгі бұл бөлігін
ионосфера деп атайды.
Атмосфераның сыртқы 800-1000 км-ден жоғары жер тәжіне дейінгі
кабатын экзосфера деп атайды. Бұл қабат ауасының өте сиректігімен
(тығыздығы өте төмен) ерекшеленеді.
Жылдамдығы өте жоғары газ
бөлшектері бір-бірімен соқтығыспай жерді эллипстік орбитамен айналып үшып
шыға алады, кейбір жеке белшектердің жылдамдығы екінші космостық
жылдамдыққа жетіп (11 000 м/с) әлемдік кеңістікке ұшып кетеді. Сондықтан да
экзосфераны газдардың ұшып кету қабаты деп те атайды. Температура 800
км биіктікте күндіз 2000°С, түнде 1000°С шамасында болады.
Достарыңызбен бөлісу: