«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 В. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі



Pdf көрінісі
бет15/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52
5.2. В. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі 
Биосфера туралы ілімнің негізгі қағидалрын В. Вернадский өзінің 1926 
жылы жарияланған «Биосфера» атты еңбегінде қалыптастырған. Бұл ілімнің 
негізі: биосфера – дамуы тірі ағзалардың тіршілігімен анықталатын жердің 
ерекше қабаты. В. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі Жердің геологиялық 
даму кезеңінде ұзақ уақыт бойы жүретін энергия мен заттар айналымының 
өнімі ретінде биосфераның құрылуына тірі заттың планетарлық геохимиялық 
рөліне негізделген. Биосфера шегінде барлық жерде тірі заттың қорлары немесе 
оның тіршілік ізі кездеседі. Сондықтан В. Вернадский тірі ағзаларды негізгі 
өзгертуші күштер деп ерекше атап көрсеткен. В. Вернадский бойынша 
биосфера – тіршілік бар немесе бұрын болған, тірі ағзалар немесе олардың 
тіршілік өнімдері кездесетін жердің ерекше қабаты. Минералды зат тіршілік 
нәтижесінде өңделіп жаңа сапаға айналады. Тірі ағзалар орта жағдайына 
бейімделе отырып, оны белсенді түрде өзгертеді. Жануарлардың, өсімдіктердің 
және микроағзалардың тіршілігі орта мен ағза арасындағы үздіксіз зат 
алмасумен сипатталады. Сондықтан жер бетінің, атмосфераның және 
гидросфераның құрамындағы барлық химиялық элементтері ағзалардың да 
құрамына кіреді. 
В. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде бір бірнен 
айырмашылығы бар, бірақ генетикалық байланысқан биосфера компоненттерін 
көрсеткен: 

тірі зат (тірі ағзалар); 

биогенді зат (тірі ағзалардың тіршілік өнімдері); 

костық зат (тірі ағзалар өңдеген және ыдыратқан тау жыныстарының 
өнімдері); 

радиоактивті зат (радиоактивті элементтердің ыдырау нәтижесінде 
түзілген заттар); 

шашыранды заттар (жер бетінде сирек кездесетін заттар); 

космостық табиғаты бар заттар (электрондар, протондар, метеоритер). 
Тірі зат дегеніміз бұл биосферадағы тірі ағзалардың биомассасы және 
жиынтығы. 
Биосфераның тірі заттары химиялық және геологиялық тұрғыдан өте 
белсенді болып саналады. В. Вернадский биосфераның негізгі бес функциясын 
ажыратқан: 
Энергетикалық – биосфералық планетарлық құбылыстардың космостық 
сәуле шығаруымен, күн радиациясымен байланысын жүргізу; 
Газды – газдардың миграциясын және олардың айналымын, 
атмосфераның газдық құрамын қамтамасыз ету; 


21 
Тотығу-тотықсыздану – тірі заттың әсерінен тотығу (ортаның оттегімен 
байытылуы) және тотықсыздану – оттегінің тапшы кезінде органикалық 
заттардың ыдырауы; 
Жинақтау – ағзалардың өз денелерінде шашыранды химиялық 
элементтерді жинақтау қабілеті, олардың мөлшерін көбейту; 
Деструкциялық - өлген органикалық заттардың ыдырауы, тірі заттың өлі 
затқа айналуы. 
В. Вернадский қалыптастырған биосфера туралы ілімнің негізінде қазіргі 
таңда Жердің минералды, су және газтәрізді қабаттарының арасында жүзеге 
асатын процестердің өзара байланыстары мен диалектикалық бірлігі жатыр. 
Қазіргі уақыта қоғамның даму этапында адам тіршілігі планетарлық сипат ие 
болып, адам биосфераның негізіне айналды. Осының әсерінен қазіргі таңда 
биосфераның одан әрі дамуы және оның ақыл-ой қабаты – ноосфераға айналуы 
жүріп жатыр. 
Ноосфера – адамның парасатты тіршілігі оның дамуын қамтамасыз ететін 
негізгі фактор болып табылатын биосфераныі жаңа күйі. 
«Ноосфера» ұғымын 1927 жылы француз ғалымдары Э. Леруа мен П.Т. 
Шарден енгізді. 1930-1940 жылдары В. Вернадский ноосфера туралы ілімді 
одан әрі дамытты. Ол ноосфераны биосфера дамуының бір кезеңі деп 
қарастырып, табиғат пен адам қарым-қатынасын ақылмен, жүйелі түрде реттеп 
отыруға шақырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет