«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет13/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
4.4. Экологиялық пирамидалар 
Экожүйедегі функционалды байланысты немесе трофикалық құрылымды 
графикалық экологиялық пирамида түрінде қөрсетуге болады. Экологиялық 
пирамиданың негізгі үш типі бар: 

Сандық пирамида – ағзалардың жеке сандық көрсеткішін айқындайды; 


17 

Биомасса пирамидасы – жалпы құрғақ салмақты немесе өнімділікті 
анықтайды; 

Энергия пирамидасы – энергия ағымының қуатын немесе жылу 
энергиясын анықтайды. 
Сандық пирамида трофикалық (қоректік) деңгей бойынша ағзалардың 
санын көрсетеді: особьтардың саны продуценттерден консументер деңгейіне 
өткен сайын азая береді. Бұл заңдылықтың негізінде біріншіден жыртқыштың 
дене мөлшері үлкен болғандықтан, оған өз биомассасын сақтау үшін көптеген 
кішкентай денелермен қоректену керек. Екіншіден төменгі трофикалық 
деңгейден жоғары деңгейге өткенде энергия шығындалады (әр деңгейге 10% 
энергия өтеді) және үшіншіден особьтар размерінен метобализмнің кері 
тәуелділігі ( неғұрлым ағза кіші болса, соғұрлым зат алмасу интенсивті жүреді 
және олардың саны мен биомассасының өсу жылдамдығы жоғары болады). 
Биомасса пирамидасы трофикалық деңгейлер бойынша экожүйедегі 
барлық ағзалардың биомассасының ара салмағын көрсетеді. Экожүйедегі 
барлық өсімдіктердің боимассасы шөпқоректілердің биомассасына қарағанда 
артық, шөпқоректілердің биомассасы жыртқыштардың биомассасынан артық 
және т.с.с. 
Энергия пирамидасы экожүйенің әрбір трофикалық деңгейдегі немесе 
осы деңгейлер арқылы өтетін энергия мөлшерін көрсетеді. Әрбір трофикалық 
деңгей өзі арқылы алдынғы деңгейдің сіңірген энергиясының тек бір бөлігін 
ғана өткізуі мүмкін. 
Барлық үш пирамида ережелері экожүйедегі энергетикалық қатынастарды 
көрсетеді. 
4.5. Экожүйенің қасиеттері – гомеостаз және сукцессия 
Әрбір экожүйе сыртқы ортаның салыстырмалы тұрақтылығына 
байланысты өз тұрақтылығын сақтайтын, сыртқы ортаның және өзінің 
құрамындағы өзгерістерге сәйкес өзгеруге қабілеті жүйе. 
Экожүйенің өздігінен реттелу қабілетін гомеостаз деп атайды. 
Ағзалардың тіршілігі инерті заттардың химиялық және физикалық 
өзгерістеріне әкеледі, нәтижесінде ортада жаңа заттар мен энергия көздері 
пайда болады. Қоршаған ортаның химиялық құрамының ағзалардың 
тіршілігінің нәтижесінде өзгеру жылдамдығы, оның геологиялық үрдістер 
нәтижесінде өзгеру жылдамдығынан төрт есе жоғары.
Әрбір экожүйе сыртқы факторлардың және ішкі үрдістердің өзгеруіне 
байланысты динамика (өзгеру) күйінде болады. Циклдік өзгерулерге: тәуліктік 
динамика, маусымдық динамика және көпжылдық динамика жатады. 
Әр табиғи қоғамдастықтарда тіршілік белсенділігі тәуліктің әртүрлі 
уақытына келетін ағзалар жиынтығы болады. Сондықтан биоценоздың кейбір 
түрлерінің құрамынды және қатынасында периодтық өзгерулер болып 
отырады. 


18 
Маусымдық динамикада қоғамдастықтарды едәуір ауытқулар байқалады, 
олар табғи құбылыстардың маусымдық цикліне байланысты ағзалардың 
биологиялық циклдерімен анықталады. 
Көпжылдық 
динамика 
өсімдіктердің 
өмірлік 
циклдерінің 
ерекшеліктерімен, күн белсенділігінің периодтығымен, жылға байланысты 
метеорологиялық жағдайдын өзгеруімен анықталады. 
Жалпы экожүйенің дамуы оның түрлік және трофикалық құрылымының 
өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жағдайда бәр экожүйе екінші экожүйеге 
ауысады. Экожүйенің кезекті ауысу үрдісін сукцессия деп атайды. 
Сукцессия деп жер бетінің нақты аймағында пайда болған экожүйенің 
кезекті ауысуын түсінеміз. «Сукцессия» терминін 1901жылы американдық 
ботаник Г. Каульс еңгізген, ал сукцессия туралы ілімнің қалыптасуы Ф. 
Клеменсон атымен байланысты. 
Сукцессия қоғамдастықтардың ішкі даму үрдісінің әсерінен, олардың 
қоршаған ортамен әрекеттесу нәтижесінде өтеді. Себептеріне байланысты 
экзодинамикалық (экожүйеге қатысты сыртқы факторлардың әсерінен пайда 
болатын) 
және 
эндодинамикалық 
(экожүйенің 
ішкі 
механизмдеріне 
байланысты) сукцессияларды ажыратады. 
Сукцессия үрдісінің негізіне қоғамдастықтарда құрылумен бірге оның 
бұзылуына әкелетін жағдайлар жиналатыны алынған. Нәтижесінде бір 
қоғамдастықтар бұзылып оның орнына кезекті басқа күрделі қоғамдастықтар 
келеді. 


19 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет