«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
4.2. Экожүйенің энергиясы 
Жер бетінде тіршілік күн энергиясының қатысуымен жүзеге асырылады. 
Жарық – Жердегі жалғыз қоректік ресурс, оның энергиясы көмірқышқыл газы 
және су қатысуымен фотосинтез процесін жүргізеді. Фотосинтезге қабілетті 
өсімдікттер органикалық заттарды түзеді. Жалпы айтқанда өсімдіктер арқылы 
күн энергиясы барлық ағзаларға беріледі. 
Энергия қорек немесе трофикалық тізбек түзетін ағзалардан бір біріне 
беріледі: автотрофтардан, продуценттерден (өндірушілерден) гетеротрофтарға
консументтерге (тұтынушыларға) және гетеротрофтарға, редуценттерге 
(ыдыратушыларға). 
Трофикалық деңгей бұл әр звеноның қоректік тізбектегі орны. Бірінші 
трофикалық деңгейде продуценттер орналасады. Екінші трофикалық деңгейде - 
өсімдік қоректі жануарлар, үшінші трофикалық деңгейде – етқоректі 


16 
жануарлар, төртінші трофикалық деңгейде – барлық етқоректі жануарлармен 
қоректенетін жануарлар (жыртқыштар) орналасады. Қоректенуіне байланысты 
консументтерді де деңгейлерге бөлуге болады: бірінші реттік, екінші реттік, 
үшінші реттік және т.б. 
Сонымен, қоректік тізбек негізгі үш звенодан тұрады: продуцент, 
консумент және редуцент. Жалпы экожүйеде 3 – 4 трофикалық деңгей болады. 
Бұл 
пайдаланатын 
қоректің 
негізгі 
мөлшері 
(90-99%) 
энергияға 
жұмсалынуымен түсіндіріледі. Бір трофикалық деңгейден екіншісіне ауысқанда 
энергия шығындалынады. Шамамен энергия шығыны 90% құрайды: ал келесі 
деңгейге алдынғы деңгейден 10% энергия беріледі. 
4.3. Экожүйенің биологиялық өнімділігі 
кожүйенің өнімділігі дегеніміз бұл органикалық зат түзу үшін 
продуценттердің 
фотосинтез 
процесінде 
күннің 
энергиясын 
сіңіру 
жылдамдығы. 
Биологиялық өнімділік дегеніміз биогеоценоз құрамына енетін 
микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар әлемінің өндіретін биомассасы. Бұл 
процес табиғатта әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Сондықтан оны уақытпен 
шектей отырып, маусымдық, жылдық немесе бірнеше жылдық өніммен 
өлшейді. 
Автотрофты ағзалар алғашқы өнім түзсе, ал гетеротрофтар екінші 
өнімділікті құрайды. Микроағзалар органикалық заттарды ыдыратып қайтадан 
бұрынғы қалпына келтіреді.
Бірақ барлық экожүйелерге өнімдер пирамидаларының ережесі деп 
аталатын алғашқы және соңғы өнімдердің белгілі сандық ара қатынастары тән. 
Белгілі бір уақыт ішінде продуценттермен синтезделген органикалық зат 
массасын алғашқы өнім деп атайды. Белгілі бір уақытта өсімдіктермен 
өңделген алғашқы өнімнің бір бөлігі өсімдіктердің өз қажеттілігіне (тыныс 
алуға) жұмсалады. Органикалық массаның тыныс алудан қалған бөлігін таза 
алғашқы өнім деп атайды. Таза алғашқы өнім бұл консументтер мен 
редуценттер үшін энергетикалық қор болып есептелінеді. Қоректік тізбекте 
қайта өңделіп бұл энергия гетеротрофты ағзалардың массасын толтыруға 
жұмсалады. Белгілі бір уақыт ішінде консументтер массасының өсуін соңғы 
өнім деп атайды. 
Экожүйенің барлық тірі компоненттері – продуценттер, консументтер, 
редуценттер – қоғамдастықтың жалпы боимассасын (тірі салмағын) құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет