«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет2/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
І БӨЛІМ. ЭКОЛОГИЯ 
Тақырып 1. Экологияның қысқаша даму тарихы 
Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-
қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. 
Экологиялық 
зерттеу 
обьектісіне 
биологиялық 
макрожүйелер 
(популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық 
өзгерістері жатады. 
Экология ғылымының мақсаты – биосфера шегінде әлемдік жағдайларды 
бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам–қоғам–
биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат 
ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. 
Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және 
экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, 
индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын 
зерттеу. 
Экология жеке ғылым ретінде XX ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қалыптаса бастағанымен, қоршаған ортаны білуге, зерттеуге деген құштарлық 
адамзат дамуы кезінен басталған. Қоршаған орта туралы мәліметтер көнеден 
келе жатқан халық шығармаларында да кездеседі. Мысалы, Вавилонның 
қолжазба кітаптарында жерді өңдеудің әдістері мен тәсілдері келтірілген. 
Сонымен қатар экологиялық сипатты деректер ежелгі Египет, Үнді, Қытай 
ескерткіштерінде де сақталған. Алғашында экология термині өсімдіктер мен 
тірі ағзалар қоғамдастықтарының арасындағы байланысты қарастырғанда 
қолданылған, өйткені олар қоршаған орта мен органикалық әлемнің 
эволюциясы процесінде қалыптасқан тұрақты жүйелер болып саналған. Тірі 
ағзалар мен қоршаған орта арасындағы байланысты Ежелгі Греция және Рим 
ғалымдарыда айтқан. Сол кездің өзінде Аристотельдің (384-322 біздің э.д.), Р. 
Бойльдің (1627-1691) және т.б. ғалымдардың еңбектері осыларды қарастыра 
бастаған. 
Экологияның даму тарихында негізгі үш кезеңдері бөлуге болады.
Бірінші кезең – (1707–1924 жж.) экология ғылымының алғышарттары 
қалыптасып, экологияның ғылым ретінде қалыптасуы. Бұл кезеңде тірі 
ағзалардың тіршілік ортасымен өзара байланыстары туралы мәліметтер 
жинақталып, алғашқы ғылыми мақалалар жасалған. Осы жылдары ағылшын 
химигі Р. Бойль экологиялық жағдайларға байланысты алғашқы тәжірибелерді 
жасады.
Осы кезеңде Ж.Б. Ламарк (1744-1829) және Т. Мальтус (1766-1834) 
алғашқы рет адамның табиғатқа әсерінің нәтижесі зиянды салдарларға әкелу 
мүмкіндігі туралы сөз қозғаған. 
Екінші кезең - (1924–1980 жж.) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне 
көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті. Бұл 
кезең экологияның негізгі қағидалары мен түсініктеріне анықтама берген К.Ф. 
Рулье, Н.А. Северцов, В.В. Докучаев сияқты орыс ғалымдарының еңбектерімен 



тығыз байланысты. XIX ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың 
басында ағзалардың өсуі мен өркендеуі ауа райының жағдайына
температуралық факторларға байланысты екендігі жанжақты ашып көрсетілген. 
Сонымен қатар экологияның ғылымының одан әрі дамуында, эволюциялық 
ілімнің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Ч. Дарвин (1809-1882) зерттеулерінің 
маңызы зор. Ч. Дарвиннің «тіршілік үшін күрес» дегенің эволюциялық 
тұрғыдан тірі ағзалардың өзара және сыртқы, абиотикалық ортамен қатынасы 
деп түсінуге болады. 
Алғашқы болып неміс биологы Э. Геккель (1834-1919) биологияның бұл 
саласын маңызды және дара екенін түсініп, оны экология деп атаған (1866). 
Өзінің «Тірі ағзалардың жалпы морфологиясы» еңбегінде ол: «Экология деп біз 
табиғаттың экономикасына қатысты білім жиынтығын, жануарлардың оларды 
қоршаған ортамен қарым-қатынасын түсінеміз» деп жазған. 
“Экология” терминін (грек сөзінен oikos – үй, пана және logos – ілім) 1866 
жылы неміс биологы, профессор Э. Геккель ғылымға еңгізген. Экология деп 
Геккель тірі ағзаларды қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен 
тікелей немесе жанама қарым-қатынасын және өзара ынтымақтастығын 
зерттейтін ғылымды айтқан. 
Экология толығымен дара ғылым ретінде ХХ-шы ғасырдың басында 
қалыптасқан.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қоршаған ортаның ластануына және 
адамның табиғи ортаға әсерінің күшеюіне байланысты экологияның маңызы 
жоғарлады. 
Экологияның дамуының үшінші кезеңі – (1980–2000 жж.) экология 
әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді 
зерттейтін деңгейіне жетті. Бұл кезеңде экология табиғи және қоршаған ортаны 
қорғау туралы кешенді ғылымға айналады. 
Қазіргі кезеңде экология кең, толық қалыптасқан іргелі және қолданбалы 
пәндер кешеніне айналып отыр. Экологияның зерттеу объектілерінің кеңеюі 
оның жаңа анықтамаларының пайда болуына әкелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет