«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


төзімділік дейді.  Белгілі бір факторға қатысты ағзаның тіршілік ете алатын төзімділік  нүктелерінің арасын ағзаның экологиялық толеранттылығы



Pdf көрінісі
бет5/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
төзімділік дейді. 
Белгілі бір факторға қатысты ағзаның тіршілік ете алатын төзімділік 
нүктелерінің арасын ағзаның экологиялық толеранттылығы деп атайды. 
Экологиялық толеранттылық төменгі пессимумнан (оған фактор 
мәндерінің шкаласы бойынша экологиялық минимум сәйкес) жоғарғы 
пессимумға (оған фактор мәндерінің шкаласы бойынша экологиялық максимум 
сәйкес) дейінгі даипазонды қамтиды. Экологиялық максимумның шектеуші 
әсері туралы алғашқы рет В. Шелфорд сөз қозғаған. 
1913 жылы В. Шелфорд толеранттылық заңын енгізген: экологиялық 
фактордың әсеріне әрбір тірі ағзаның эволюциялық қалыптасқан жоғарғы және 
төменгі төзімділік (толеранттылық) шегі болады. 
Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық 
мөлшері (максимум) шектеуші әсер етеді. 
Төзімділік шектерін экологиялық валенттілік деп атайды. Экологиялық 
валенттілік – тірі ағзалардың орта факторларының белгілі бір шамадағы 
өзгерісіне төзімділігі, яғни қоршаған ортаға бейімделуі. Ағза орта 
жағдайларының ауытқуына неғұрлым төзімділік көрсетсе, соғұрлым оның 
экологиялық валенттілігі жоғары болады. 
Қоршаған орта жағдайында ағзаға бір емес бірнеше факторлар әсер етеді. 
Көп жағдайда ағзаның бір немесе екі фактордың әсеріне қатысты төзімділігін 
біле отырып, оның бір уақыта бірнеше фактор әсеріне шыдамдылығын 
болжауға болады. Бірақ бұл жерде қай факторларды әсері негізгі болады деген 



сұрақ туындайды. 1840 жылы Ю. Либих ағзаның төзімділігі оның экологиялық 
жақын фактор күшті әсер етеді. қажеттілік тізбегіндегі әлсіз звеномен 
анықталады деп тұжырымдаған. Ол дақылдың өнімділігі көп мөлшерде қажет 
нәрлі заттар емес, аз мөлшерде қажет нәрлі заттармен шектеледі деген. Бұл 
қағида Либих заңы немесе минимум ережесі деп аталады. Бұл заңды былай 
тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік 
шегіне ең 
Экологиялық фактордың оптимумнан аздаған ауытқуына төзімді 
түрлердің особьтарын стенобионты деп атайды, ал экологиялық фактордың 
едәуір ауытқуларына төзімді особьтарды эврибионты деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет