«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


Экология және оның негізгі бөлімдері



Pdf көрінісі
бет3/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
1.1.Экология және оның негізгі бөлімдері 
Экология пәнінің мазмұны – ағзалардың бір-бірімен және қоршған 
ортамен қатынастарын зерттеу болып табылады. Экологияның негізгі зерттеу 
объектісі – тірі ағзалар және тіршілік ортасымен түзілген табиғи кешендер – 
экожүйелер. Экологияның биологиялық ғылым ретіндегі дәстүрлі бөлімі – 
жалпы экология, ол әрбір тірі ағзалармен орта арасындағы қатынастардың 
жалпы заңдылықтарын зерттейді.
Жалпы экология құрамында келесі негізгі бөлімдерді атап өтуге болады: 
аутэкология – жеке ағзалардың (түрлер, особьтар) қоршаған ортамен 
қарым-қатынасын зерттейді; 
демэкология – қоршаған орта факторларының популяцияға әсерін, 
популяция санының өзгеруін зерттейді (популяциялар экологиясы); 



синэколгия – биоценоз түзетін әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар 
және микроорганизмдер популяцияларын, олардың дамуын, құрылымын, 
өзгеруін, қоршаған ортамен қатынасын зерттейді (қоғамдастықтар экологиясы). 
Ғылыми-практикалық тұрғыдан экология теориялық және қолданбалы 
болып бөлінеді. 
Теориялық экология – тіршіліктің ұйымдасуының жалпы заңдылықтарын 
қарастырады. 
Қолданбалы экология – адамның биосфераны бұзу механизмін, оның 
алдын алу әдістерін және табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың 
қағидаларын қарастырады. Жалпы қолданбалы экология үш блоктан тұрады: 

геоэкология – табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалануды 
зерттейді; 

әлеуметтік 
экология 
– 
қоғам-табиғат 
жүйесіндегі 
қарым-
қатынастарды, қоршаған ортаның қоғамға әсерін және әлеуметтік-
экономикалық факторлардың қоршаған ортаға әсерін зерттейді; 

техноэкология – техногенді факторлардың қоршаған ортаға әсерін 
зерттейді. 
1.2. Экологияның негізгі зерттеу әдістері 
Экология ғылымында экологиялық зерттеулердің негізгі екі түрі бар – 
синэкологиялық және аутэкологиялық. Аутэкология бір түрдің тіршілік 
ортасымен қарым-қатынасын зертейді. Ал синэкология бірнеше түрдің тіршілік 
ортасымен қарым-қатынасын зертейді. 
Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу 
жатады.
Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау
эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады. 
Экология ғылымының әдістемелік негізін жүйелік, бақылау, тәжірибе 
және моделдеу құрайды: 

табиғи объектілер мен үрдістердің күйін және оларға әсер ететін 
антропогенді жүйелі бақылау;

табиғи және жасанды объектілерді аналитикалық талдау; 

табиғи объектілердің морфологиялық көрсеткіштерін зерттеу; 

үрдістер мен құбылыстарды бағалаудың статикалық әдістері; 

қашықтықтан зерттеу және арнайы картографиялау әдістері; 

математикалық моделдеу әдістері; 

әлеуметтік демография әдістері; 

табиғи және жасанды объектілерді құжаттандыру; 

экологиялық менеджмент; 

экологиялық аудит. 
Адамның түрлермен, популяциялармен және қоғамдастықтармен қарым-
қатынасының үйлесімдігіне шаруашылық қызметі экологиялық регламенттеу 
арқылы қол жеткізуге болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет