26
екінші реттік шикізаттарды барынша қолдану үшін әртүрлі өндіріс
салаларын біріктіру
және материалдық шикізаттар, өнімдер мен қалдықтарды
тұйықталған өндіріс бірлестіктеріне жинақтау;
ресурс үнемдейтін және қалдықтарды аз шығаратын жаңа
технологияларды іске қосу;
қалдықтарды тазарту және залалсыздандыру
технологияларын
жақсарту.
Ауыл
шаруашылығының
экологизациясы
механизациялау
және
химизациялау
нәтижесінде
ауыл
шаруашылықтарын
агрокешендерге
айналдыруға негізделген. Ол үшін келесі шараларды жүзеге асыру керек:
минералды тыңайтқыштардың түздық түрлерін қолдануды төмендету
немесе оларды органоминералды қоспаларға ауыстыру;
пестицидтерді пайдалануды азайту немесе оларды биологиялық
әдістерге алмастыру;
жер өңдеудің жаңа технологияларын қолдану.
Энергетика салаларын экологизациясы
келесі іс-әрекеттерді талап
етеді:
химиялық көздерден энергия алуды және зиянды заттарды, күлді көп
шығаратын отын түрлерін қысқарту;
химиялық отын көздерін барынша табиғи орны қайтып толатын
энергия көздеріне алмастыру.
Транспорттың экологизациясы келесі талаптарды қажет етеді:
тиімді қоғамдық көліктердің дамуына
жағдай жасау арқылы жалпы
көліктер санын азайту;
жанар майларға қосатын зиянды қоспаларды жануды жақсартатын
катализаторлармен алмастыру;
ескі көліктерді жаңа, экологиялық
талаптарға сай көліктермен
алмастыру.
Экологиялық
тұрғыдан
өндіріс
салаларының
экологизациясы
технологиялық, инженерлік шешімдерді қоршаған орта мен адам денсаулығына
ең аз залал тигізу бағытында оңтайландыруды талап етеді. Табиғатты
пайдалану саласында қоршаған орта мен тірі ағзаларға мүмкін теріс, негативті
салдарды болжау және бағалау қажет.
Сонымен, табиғатты қорғау мен ресурстарды сақтаудың сауатты
басқарудың негізінде екі мәселені шешу керек: біріншіден –
ресурстық, яғни
олардың сарқылмастығын қамтамасыз ету және екіншіден – экологиялық, яғни
орта сапасын сақтау.