«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет23/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52
7.3. Атмосфераның ластануы 
Қазіргі уақытта адамның атмосфераға тигізетін әсері өзекті мәселелердің 
бірі. Атмосфералық ауаны қорғау қоршаған табиғи ортаны саыуқтырудың 
негізгі жолы. Биосфераның басқа компоненттерінің ішінде ауаның орны 
ерекше. Өйткені адам тамақсыз бес тәулік, сусыз – бес күн шыдаса, ал ауасыз 
бес минут қана шыдай алады. Сондықтан ауаның нақты тазалық дәрежесі 
болуы керек, ал шектен тыс ауытқулар денсаулық үшін қауіпті. 
Атмосфераның ластануы дегеніміз адам денсаулығына, жануарлар мен 
өсімдіктерге, экожүйелерге теріс әсерін тигізетін оның құрамы мен қасиетінің 
өзгеруі. 
шикізаттың түріне, оларды өңдейтін технологияларға байланысты. 
Атмосфераның ластануы ғаламдық, аймақтық, жергілікті және локальды 
болып бөлінеді. Ластану көлемі тасталынған заттың қуатымен және ауа 
ағымының сипаттына байланысты. Атмосфераны ластайтын заттарды келесі 
түрде жіктеуге болады: 

агрегаттық күйі бойынша (қатты, сұйық және газтәрізді); 

құрамы бойынша (күкіртті ангидрид, көміртек оксидтері, қорғасын 
қосылыстары); 

шығу тегі бойынша (табиғи және антропогенді). 
Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаулардың атқылауына, 
тау жыныстарының үгілуіне, шаңды дауылдардың түруына, орман өрттеріне
теңіз тұздарының желмен аспанға көтеріліуі процестеріне байланысты. 
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі 
ауыру қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің 
тозаңдары мен комһсмостық шаң жатады. Мысалы, жанартаулардың атқылау 
нәтижесінде орта есеппен жылына атмосфераға 30-150 млн/т газ және 30-300 
млн/т ұсақ дисперсті күл тасталады. Сонымен қатар жанартаулар атқылағанда 


30 
атмосфераға – сынап, мышьяк, қорғасын, селен – сияқты химиялық 
ластағыштар түседі. 
Атмосфераның антропогенді ластануы адам тіршілігі мен қызметінің 
нәтижесінде ластағыш заттардың тасталуымен байланысты. Атмосфераның 
ластануының антропогенді көздеріне өндірістік кәсіборындар, көлік, жылу 
энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйесі мен ауыл шаруашылығы жатады. 
Тек өндірістік орындардың атмосфраға әсер ететін ластауын келесі түрлерге 
бөлуге болады: шикізат, материалдар, отын, шу, инфра және ультрадыбыстар
электромагнитті өріс және т.б. Ауаны ластайтын компонентердің химиялық 
құрамы отын ресурстарының және қолданылатын Егер осы екі фактор бағыты 
және уақыты бойынша сәйкес келсе ластану ғаламдық болады, ал сәйкес 
келмесе аймақтық, жергілікті немесе локальды болады. 
Атмосфераға бөлінетін 52 Гт әлемдік антропогенік шығарындылардың 
90% көмір қышқыл газы мен су буы құрайды. Сонымен қатар көп мөлшерде 
атмосфераға шығарылатын ластағыштарға қатты бөлшектер (шаң, түтін, күйе), 
көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, азот оксидтері, фосфор қосылыстары, 
күкіртті сутек, аммиак жатады. 
Қазақстан республикасында атмосфераны көп ластайтын көздерге күлі 
көп шығатын көмірлерді пайдаланатын жылу энергетикалық кешендері және 
автокөліктер жатады. 
Зерттеу мәліметтері бойынша атмосфераға жыл сайын 25,5 млрд. тонна 
көміртегі оксиді, 190 млн. тонна күкірт оксиді, 65 млн. тонна азот оксиді, 1,4 
млн. тонна хлорлы және фторлы көміртектер (фреондар), қорғасынның 
органикалық қосылыстары, сонымен қатар ісік ауыруын тудыратын 
канцерогенді заттар бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет