«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет41/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Биологиялық мониторинг- биологиялық орталардағы организмдерде, 
биоценоздарда табиғи және антропогендік процестерді бақылау ( ауыр 
металлдардың пестицидтердің жинақталуы ).Мұндай мониторинг тіршіліктің 
қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысты қамтиды. 
Базалық мониторинг – жалпы биосфералық яғни, тек қазіргі кезде ғана 
емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи 
құбылыстарды бақылау. 
Биосфералық мониторинг- биосферадағы өзгерістерді : атмосфераның 
шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен 
мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау. 
Биоэкологиялық мониторинг- табиғи ортаның жағдайын оның даму 
денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс- тіршілігін 
көрсететін көрсеткіштер-ауруға ұшырауы, турылуы, өмір сүру ұзақтығы және 
т.б. қолданылады. 
Геоэкологиялық мониторинг- табиғи экожүйелерді һзгерістерді 
бақылау. 
Гергерафиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене 
отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазартуға 
қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері 
қолданылады.
Дистанционды мониторинг – бұл авиациялық және космостық 
мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды 
жину орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі 
приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де 
жатқызады.
Теңіздің ластануы мониторингі – теңіздер мен мұхиттардығы судың 
сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау
бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға 
және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет.
Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі – су ресурстарын 
үнемді пайдалануға және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын 
жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу 
мақсатында 
болжау,бағалау 
және 
бақылау 
жүйесі.Су 
сапасының 
көрсеткіштеріне-темперетура,мминералдану, pH, түсті, еріген оттегі, дәмі, ауыр 
металлдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пистицидтер, және ең бастысы натрий, 
калий, кальций,магний,хлор, сульфат, карбонат, нетрат иондары жатады. 


66 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет