«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК



Pdf көрінісі
бет49/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Қоректік тізбектер – биоценоздың әртүрлі трофикалық деңгейлеріндегі 
мүшелері арқылы зат пен энергия тасмалдануы. 
Мелиорация – ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді жақсарту. 
Метаболизм – ағзадағы зат пен энергия алмасуы. 
Мониторинг – қоршаған орта жағдайларының сапасын және 
биологиялық объектілердің жағдайын бақылау. 
Мутация – ағзаның тұқым қуалау белгілерінің өзгеруі. 
Нейтрализм – бір аймақта тіршілік ететін түрлердің бір біріне зиянын да, 
пайдасын да тигізбей бірге тіршілік етуі. 


120 
Ноосфера - ақыл-ой сферасы. Адамның ақыл-ой әрекет нәтижесінде 
биосфераның сапалық жағынан жаңа, жоғарғы сатыдағы даму кезеңі. 
Озон қабаты – тірі ағзалар үшін аса қауіпті күннің ультракүгін 
сәулелерін сіңіретін озон молекулаларының жоғары концентрация жинақталған 
атмосфера қабаты. 
Паразитизм – бір түрдің екінші бір түрді тіршілік ортасы етін өмір сүруі 
және сол ағза арқылы қоректенуі. 
Парниктік эффект – күннің жылу сәулелерін сіңіретін парниктік 
газдардың мөлшерінің көбейюі нәтижесінде атмосфера температурасының 
жоғарлауы. 
Пестицидтер – ауыл шаруашылық дақылдарын арам шөптерден
зиянкестерден қорғау үшін қолданылатын химиялық заттар. 
Популяция – салыстырмалы бірдей экологиялық жағдайлардағы 
кеңістіктердң мекендеп, генофонды ортақ, бір бірімен еркі будандасып өнімді 
ұрпақ беретін особьтар жиынтығы. 
Продуценттер – органикалық заттардан алғашқы өнім түзетін 
автотрофты ағзалар. 
Редуценттер - өлі органикалық заттармен қоректеніп, оларды 
бейорганикалық заттарға айналыратын ағзалар. 
Рекультивация – бұзылған жерлердің өнімділігін қалпына келтіруге 
бағытталған іс шаралар кешені. 
Сапрфагтар - өлі органикалық заттармен қоректенетін жануарлар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет