92
Жеті түрлі дəн салып,
Дəм татқызған Наурыз
Жақсылық тілеп халыққа
Молшылық əкелсін Наурыз.
(Ұ) Ұсынылатын мəтін (мысал ретінде)
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері
тойланып
келе жатқан халықтық мереке. Ол парсының «Нау-рыз»
жаңа күн деген сөзінен шыққан. Наурыз, табиғаттың
қайта тірілу, түлеу, жандану уақыты. Табиғатқа көңіл
бөлу мерекесі болып саналады. Наурыз айында жалпы
халықтық тазалық жұмыстары яғни сенбіліктер
ұйымдастырылады, сол себепті Наурыз мерекесін
экологиялық мереке деп те айтамыз.
(Ұ) Педагог балаларға жұмбақ шешуді ұсынады:
Қыс өтіп,
Қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
(Наурыз мерекесі)
(Ұ) Наурыз туралы əңгімелей келе түркі халықтарының
«Наурыз» мерекесін қалай қарсы алатындықтарын
экран арқылы көрсету.
өлеңдер
жинағы.
Бейнетаспа
III. ҰОҚ
тақырыбы бойынша жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ)
Педагог табиғат туралы тыйым сөздер жазылған
карточкалар арқылы мағыналарын түсіндіріп, Наурыз
мерекесімен байланысын түсіндіріп өтеді.
Тыйым сөздердің үлгісі: