88
III. ҰОҚ
тақырыбы
бойынша
жұмыс
6 – 27 мин.
(Ұ)Өзекті мəселелер.
Адамзаттың тіршілігі үшін жылудың орны ерекше. Ал жылудың негізгі көзі – Күн.
Күн – жерге өте жақын орналасқан кəдімгі жұлдыз. Күн көкжиектен неғұрлым
жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сəулесі түспеген жерде
өсімдіктер өспейді. Адамдар өмір сүру үшін қажетті киім, тамақ, үй, дəрі-дəрмек,
жануарлар үшін азық та өсімдіктерден алынады. Олай болса, Күннен шығатын
жылусыз жер бетінде жылу атаулы болмас еді. Жылуды оттан, жылу пештерінен
алуға болады. Қазіргі кезде тұрмыста жылудың бірнеше түрлері пайдаланылады.
Қалаларда жылдың барлық мезгілінде көгөністер сатып алуға болады, ал оларды
өсіретін жылыжайларда жылумен қамтамасыз етілген. Кейбір елдерде күннің
жылуын пайдаланатын қондырғылар бар, ол қондырғыларды пайдалану арқылы
электр энергиясын үнемдеуге болады..
Достарыңызбен бөлісу: