Экология негіздері



Pdf көрінісі
бет1/85
Дата13.11.2022
өлшемі0.7 Mb.
#464685
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
pdf1548088102



Манкеш А.Е. 
ЭКОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ 
Əдістемелік нұсқау 
 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған 
Қазақстан Республикасының 
Білім жəне ғылым министрлігі ұсынған 
Алматыкітап баспасы 
2017 


ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
М 19 
МанкешА.Е. 
М 19 Экология негіздері. Əдістемелік нұсқау.Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педа-
гогтеріне арналған. А.Е.Манкеш. – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2017. – 120 б.
 
ISBN 978-601-01-3068-5
 
 
 
 
 
ƏОЖ 373.2 
КБЖ 74.102 
 
ISBN 978-601-01-3068-5 
© МанкешА.Е., мəтіні, 2017 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2017



 
Алғы сөз 
 
«Экология негіздері» оқу-əдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сəйкес 
дайындалды: 
1. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты 
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен 
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі жəне мектепалды 
даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 
1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 
22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген); 
3. 
Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан 
Республикасының білім жəне ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 
білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
ОƏК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген 
мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
 
6–7 жастағы балалардың мектептегі оқуға қажетті коммуникативтік білім-білік 
дағдыларының қалыптасуына ықпал ететін білім беру үдерісімен, мектепалды даярлық 
сыныбы/тобы мен бастауыш білім берудің сабақтастығын, үздіксіздігін қамтамасыз ету 
мақсаты көзделеді. Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» ұзақмерзімді (күнтізбелік-
тақырыптық жоспар) жəне қысқамерзімді ұйымдастырылған оқу қызметтерінде (бұдан əрі 
ҰОҚ) жоспарлары жан-жақты қарастырылып берілген. Əдістемелік нұсқау мен əліппе-
дəптерден тұратын бұл оқу-əдістемелік кешен білім беру талаптарына cəйкес, мектепалды 
даярлық (6-7 жас) сыныбы/
тобы
балаларының жас жəне психо-физиологиялық ерекшеліктері 
ескеріліп жасалды. Қазіргі мектепке дейінгі сатыда жан-жақты дамыған жеке тұлғаны 
оқытып-тəрбиелеу үшін жоғары білімдік нəтижелерге қол жеткізетін, оқу-тəрбие үдерісінің 
тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін белсенді оқыту мен оқудың педагогикалық 
тəжірибедегі заманауи стратегиялар мен техникаларды пайдалану қарастырылған.
Əдістемелік нұсқауда «Экология негіздері» пəні бойынша балалардың алған білімдерін 
күнделікті өмірде (отбасында, балабақшада, қоршаған ортада, табиғат əлемінде) кездесетін 
табиғат құбылыстары мен үдерістерін бақылау, экологиялық түсініктерді жетілдіру, 
сипаттау, болжау біліктілігін дамытуға бағытталып, тəрбиешінің жаңа білімді балаға қандай 
əдіс-тəсілдермен түсіндіруге болатындығы жан-жақты талданып берілген. 
Автор əдістемелік нұсқауда келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздейді: 
1. Балаларға табиғат, қоршаған орта туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның əдемілігін 
көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту.
2. Мектепалды даярлық тобы балаларының табиғат туралы білімдерін тереңдетіп
табиғаттағы жағымды-жағымсыз істерді ажыратып, пайдалы іс-əрекет түрлерін атқара білу 
негізіндегі экологиялық мəдениетін дамыту. 
3. Зияткерлік, шығармашылық белсенділіктерін сын тұрғысынан ойлау қабілеті 
негізінде қарапайым тəжірибелер жасатып, экологиялық ғылыми ақпаратты, мəселен: 
«Қызыл кітап», «Қазақстанның қорықтары», «Наурыз – экологиялық мереке» екендігін
түсіндіру. 



4. Балалардың өзіне жəне басқаларға сын көзбен қарай білудегі экологиялық 
жауапкершілігі, табиғи ортадағы өзінің іс-əрекетінің жақын кезеңдегі жəне болашақтағы 
нəтижелерін болжай білуін дамыту. 
5. Күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды 
тиімді пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін экология ғылымдары 
бойынша алған білімдерін қолдану. 
6. Пəн бойынша алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
7. Бірлесіп жұмыс істеу, бір-бірімен ұжымдық қарым-қатынас жасау жəне өздеріндегі 
ақпараттармен бөлісе білу дағдыларын қалыптастыру.
Экология негіздері бойынша ҰОҚ-ның мазмұны оқу мақсаттарын көздейтін 
бөлімшелерден тұрады. Əрбір бөлімше ішінде реттілікпен құрылған оқу мақсаттары 
педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға жəне оларға оқудың 
келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет