Экологиялық құқық бұзу үшін жауапкершілік
Жауапкершілік түрі
|
Жаза
|
Негіздеме
|
Жауаптылар
|
Әкімшілік
|
Ескерту, айып пұл, затты тәркілеу (құқық бұзған қару); жұмыс істеу құқығынан айыру; әкімшілік қамауға алу
|
ҚР әкімшілік құқық бұзу кодексі, 24 бап
|
Заңды және жеке тұлғалар
|
Азаматтық-құқықтық
|
|
ҚР азаматтық-құқықтық заңы
|
Заңды және жеке тұлғалар
|
Дисциплинарлық
|
Ескерту, сөгіс беру, қатаң сөгіс, сый ақыдан айыру, жұмыстан босату
|
Еңбек заңы
|
Қызметтегі (жеке) тұлғалар
|
Материалдық (мүліктік)
|
Шығынды, зиянды өтеу, келтірген зиянды түзеу
|
Еңбек заңы
|
Жеке тұлғалар
|
Қылмыстық
|
Қылмыстық жазалау, қамауға алу және т.б.
|
ҚР қылмыстық заңы
|
Заңды және жеке тұлғалар
|
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлеріне:
А) ҚР экологиялық заңнамасын мүліктік жауапкершілікке әкеп соғатын бұзушылық;
Ә) қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар;
Б) экологиялық қылмыстар жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері табиғат объектісіне қарай бөлінеді. Олар мыналар:
1. Жер құқық бұзушылығы;
2. Су құқық бұзушылығы;
3. Орман құқық бұзушылығы;
4. Тау - кен құқық бұзушылығы ;
5. Жануарлар дүниесін қорғау мен пайдалану жөніндегі құқық бұзушылығы (фауналық құқық бұзушылықтары);
6. Ауаны қорғау құқық бұзушылығы болып бөлінеді.
Экологиялық құқық бұзушылық түрлерінің әрқайсынына жер,су,орман,және т.б. заңдарының үлкен тобы жатады,олардың тізбесі табиғаттың осы объектілері туралы кодекстерде келтіріледі.Бұл ретте,экологиялық құқық бұзушылықтың бір-бірінен өзгеше ерекшеліктері болады,олар туралы объектілердің құқық бұзушылықтарын талдау кезінде төменде айтылатын болады.Экология заңдарын бұзу дегеніміз - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік айтамыз. Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, табиғат пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектісіне заңды, жеке тұлғалар, соның ішінде ҚР-сының аумағындағы құқық бұзған ел азаматтары және заңды тұлғалары жатады.Экологиялық құқық бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік дегеніміз- мемлекет және оның органның заңның және заңдық тәртіптің сақталуы үшін, құқық бұзушыға қолданылатын мәжбүрлеу шараларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығын айтамыз.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады. Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық" берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.
Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мекеме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар. Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген. ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған ісжүзінде және ақшалай. Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек. Мысалы: тал шыбықтарын отырғызу арқылы орманды қалпына келтіру. Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде сот тәртібімен тағайындалады. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың түрлеріне:
а) бас бостандығынан айыру;
в) айыппұл салу;
г) түзету жұмыстары және т.б. саналады.
Қоршаған ортаны қорғау мен пайдалану барысындағы барлық қылмыстардың құрамын объектісіне байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
а) Табиғатты пайдалануға байланысты әрекет ететін ережелерді бұзу;
в) Негізгі табиғат компоненттердің бұзылуы;
г) Фаунаны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;
д) Флораны қорғау аймағындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қылмыстар;
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды жауапкершіліктің түрлері Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңның 85 бабына сәйкес қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.Қоғамдық қауіптілік деңгейіне,субъектілер мен объектілерге ,басқа да белгілеріне қарай экологиялық заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершілік түрлерге бөлінеді,ооларға сәйкес лауазымды адамдар мен азаматтар табиғат қорғау заңдарын бұзғаны және қоршаған ортаға зиян келтірілгені үшін заңмен белгіленген тәртіптік, материалдық,әкімшілік не оған нақты қауіп төндіргені үшін қылмыстық жауапты болады. Қоғамдық қауіптіліктің жоғарғы деңгейі бар аса ауыр экологиялық құқық бұзу деп экологиялық қылмыс танылады. Экологиялық қылмыс деп Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздініге,қоршаған табиғат ортасына немесе адамның денсаулығына елеулі нұқсан келтіріп жасалған қол сұғушылықтан көрінетін зиянкестікті ұғыну керек.
Қылмыстық жауапкершілік
Экологиялық қылмыс жасағаны үшін кінәлі адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауапкершілікке жауапты болады. Экологиялық құқық бұзушылық орын алған жағдайларда осы ҚР Қылмыстық кодексінің баптары басшылыққа алынады. Экологиялық қылмыстар ҚР Қылмыстық кодексінің 11-тарауында, 18 бап негізінде орын алған. Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда, оларға көзделетін жауапкершілік түрлері белгіленген. Мысалы:
277-бап. Шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсiпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектiлердi жобалау, орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану, өнеркәсiп, энергетика, көлiк пен байланыс объектiлерiн, ауыл шаруашылық мақсатындағы және мелиорация объектiлерiн пайдалану, қалалар мен басқа да елдi мекендердi салу кезiнде, әскери және қорғаныс объектiлерiне, әскери және ғарыш қызметiне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшiн жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуiр ластануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне және өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса - үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
278-бап. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру мен пайдалану кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы
1. Ықтимал экологиялық қауiптi химиялық, радиоактивтi және биологиялық заттарды өндiру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс iстеу кезiнде экологиялық талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға елеулi зиянкелтiру қаупiн төндiрсе - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе зақымдануына, адамның денсаулығына зиян келтiруге, не өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне әкеп соққан, сол сияқты төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсыздан адамдардың жаппай сырқаттануына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
1. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
ҚР Экологиялық кодексі
ҚР Қылмыстық кодексі
Сапарғалиев.Ғ. "Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж
Достарыңызбен бөлісу: |