Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді



Дата27.10.2022
өлшемі16.49 Kb.
#463452
3 апта УСЮП 22-1


1 Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
2.Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

  1. ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, себебі ол мемлекетпен тағайындалған жоқ, 1995 жылы 30 тамызда референдумда халықпен қабылданған.

  2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан, елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылатындығынан құрылтайшылық сипат туындайды. Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалары нығайтылған. Ол мемлекеттің құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

3. Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді.
Ол үш негізгі қызметті жүзеге асырады:

  • заңдық (құқықтың басты қайнар көзі ретінде);

  • саяси (мемлекеттің құрылымын реттейді);

  • идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын адам және азаматтың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуші қызметін атқарады).

4. Конституция (лат. constitutio – құрылу, өкім) – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы.
5. 1998 жылгы 7 казан.
2007 жылгы 21 мамыр
2011 жылгы 2 акпан
2017 жылгы 10 наурыз
2019 жылгы 23 наурыз
2022 жылгы 8 маусым.
6. Казак КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда (25.10.1990ж
7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституцияда және басқа конституциялық актілерде бекітілген принциптерін жариялады.
Қазақстан Республикасы таныған халықаралық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзіне жатады. Ол адам құқығы, қоғамдық нормалардан тұруы мүмкін.
Саланың қайнар көзіне жергілікті өкілетті органдардың, сондай- ақ конституциялық құқықтық нормалары (шешімдер, жарлықтар, ережелер) бар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады. Олардың кеңістіктегі заңдық күші шектеулі және олар жергілікиі сипатта болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет