239
Стратегиялық жоспарлау-фирманың салыстырмалы түрде жас қызмет түрі. Оның
бастамашысы болып бизнестің 50-ші жылдардан бастап қолдана бастаған ұзақ мерзімді
жоспарлау саналады. Ұзақ мерзімді жоспарлаудың өзі үлкен қадам болды, ол фирмаға
болашақ
туралы көзқарасын кеңейтуге, ағымдағы қызметтің ауқымды міндеттермен
байланыстыруға мүмкіндік берді. 60-шы жылдардың соңында ұзақ мерзімді
жоспарлаудың орнына стратегиялық жоспарлау келді. Стратегиялық
жоспарлауда ұзақ
мерзімді жоспарлаумен салыстырғанда фирманың қызмет аясы ауқымдырақ болады, ол
өзіне экономикалық ұйымның ішкі ортасының негізгі элменттерімен қатар сыртқы
факторларды: әлеуметтік
және саяси факторлар, тұтынушылардың талғамы мен
қажеттіліктері, бәсекелестердің іс-әрекеті және т.б. кіргізеді. 2 суретте көрініп тұрғандай
фирманың ұзақ мерзімді мақсаттары стратегиялық жоспарлауда ағымдағы қызмет
жағдайының
көрінісі ғана емес, фирманың ішкі және сыртқы ортасының өзгерістерін
талдаудың нәтижесі болып табылады.
Қазіргі кезде стратегиялық жоспарлау менеджмент функциялары ішінде өз орнын
алды.
Формальды, сандық әдістермен қатар қазір стратегиялық жоспарлау
шығармашылық, интуитивтік әдістерді де қолданады. Бизнесте сәттілікке жетудің
әмбебап құралы
болмаса да, ол фирманың сәтті қызметінің негізін құрайды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Крейнер С
. Ключевые идеи менеджмента: Пер. с англ. — М.: ИНФРА - М,
2002. — 347 с
2. Портер М. Конкурентное преимущество: Как достичь высокого
результата и
обеспечить его устойчивость. М, "Альпина Бизнес Букс", 2005.
Достарыңызбен бөлісу: